Жадыны сақтаудың 10 әдісі

1. Кітап оқыңыз

Кітапты оқу барысында жадыңызды кейіпкерлердің мінез-құлқын, сезімін және уақиғалар жайлы ақпаратты жаттауға мәжбүрлейсіз. Мида нақты бейнелер құралып, қабылдауыңыздың жақсаруына себепші болады. Оқу сіздің зияткерлігіңізді жетілдіріп, сөздік қорыңызды байытады.

2. Компьютер ойындары

Компьютер ойындарын сүйіп ойнайтындарға, олар өздерінің миын жаттықтыратынын біліп қуанар. Бірақ, миды жаттықтыру үшін жарты сағат, асып кеткенде бір сағат жеткілікті. Зияткерлік немесе логикалық ойындарды ойнау барысында, ойыншы стратегия таңдап, алдағы іс-әрекетті жоспарлайды. Осылайша жарты сағатттық ойын миды белсенділік жағдайында ұстайды. Ал, сағаттап ойнау керісінше зиянын тигізуі ықтимал.

3. Ұйқы

Миды жақсы қалыпта ұстау үшін сегіз сағаттық ұйқы керек. Күні бойы сіздің миыңыз әр түрлі мәселелерді шешеді – оңай болсын, қиын болсын. Сондықтан оған ертеңгі мәселелерді шешу үшін жақсы демалыс керек.

4. Жаңа бір нәрсені үйреніңіз

Не нәрсені үйренгіңіз келеді, не нәрсе керектігін жақсылап ойлап, соны жүзеге асырыңыз. Өз күшіңізді жаңа әуес іске жұмсаңыз. Мүмкін, ол атпен серуен­деу немесе сурет өнері болатын шығар. Ешқашан істемеген нәрсені істеңіздер, өз миыңызға белсенді болуға мүмкіндік беріңіз.

5. Кертартпалықтан құтылып көріңіз

Ерекше іс-әрекеттер жасап, аяқасты шешім қабылдаңыз. Мысалы, таңғы кофеңізді шырынға алмастыру, сол қолмен жазып үйрену. Үйреншікті бағытты ауыстырыңыз – сол арқылы ескіліктен құтыласыз.

6. Сандармен жұмыс істеп көріңіз

Көбейту кестесін білесіз бе? Оны ойша қалай санау керектігін ше? Біз өмірімізді калькуляторсыз елестете алмаймыз. Ал сіздер супермаркеттегі саудаңызды ойша есептеп, не басқа да есептерді есептеп көріңіз. Бұл арқылы миды жаттықтырып қана қоймай, есте сақтау қабілетін де жақсартасыз.

7. Жаттап үйреніңіз

Жатқа қанша тақпақ білесіз? Ал балалар он шақтысын біледі. Сіздер балаларыңызбен бірге он шақты тақпақ немесе қазіргі заманғы ақындардың ұнаған өлеңдерін жаттап алуларыңызға болады. Есте сақтау қабілетін жаттықтырып қана қоймай, жақсы нәрсеге де қол жеткізесіз.

8. Өткеніңіз туралы айтыңыз

Біреуге кешегі күніңіз жайлы айтыңыз. Соңынан басына дейін. Мысалы, кешке, сосын күндіз не істедіңіз, кешегі күніңіз қалай басталды. Өткенге көз жүгірту арқылы миыңыз сол ақпаратты жаттап қалады.

9. Шет тілдерін үйрену

Шет тілдерін үйрену – миды жаттықтырудың жақсы жолы. Күніне кем дегенде он жаңа сөз жаттауды әдетке айналдырыңыз. Осы әдісті меңгергенде, сөз емес сөз тіркестерін жаттауға көшесіз.

10. Сөздік қорыңызды көбейтіңіз

Күніне өзіңіз үшін жаңа сөзді ашыңыз. Бұл жалпы немесе сіздің мамандығыңызға қатысты сөздер болуы мүмкін. Сізге түсініксіз сөздердің анықтамасын табу үшін сөздіктерді қолданыңыз. Сол жаңа сөздерді өмірде қолдану арқылы жаттаңыз.

Егер сіздер есте сақтау қабілеттеріңізді жаттықтырмасаңыздар, оны жоғалтып ала­сыздар. Есте сақтау қабілетін әлсіретіп алмау үшін жоғарыдағы 10 кеңесті қол­да­­ныңыздар. Олар көп уақытты алмайды, бірақ біраз уақыттан кейін сіздің миы­ңыз тиімдірек жұмыс істейтінін байқайсыз.

Дайындаған: Нұрбек САҒАТҰЛЫ.


ТАНЫМ 19 шілде 2014 г. 1 554 0