« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Жақында Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бос жұмыс орындарына жәрмеңке өтті. Көпшілік тағатсыздана күтіп жүрген шараны өткізу қарсаңында жұртшылық көп жиналатын орындарға парақшалар ілініп, жергілікті басылымда хабарландырулар берілген. Жұмыссыздыққа тіркелгендерге жұмыс орындары туралы мәліметтер таратылып, еңбек жәрмеңкесіне қатысуға шақырылды. Осынау игілікті іске бөлім қызметкерлері ғана емес, "Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы да белсене араласты. Өйткені, бұл бастама осы партияның "Кедергісіз келешек” жобасы аясында өткізіліп отыр. Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына орай еліміздің жетекші партиясы мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуды басты мақсат етіп қойған. Мұның басым бағыттары мүмкіндігі шектеулі жандарды тұрақты жұмысқа орналастыру, олар үшін "кедергісіз аймақтар” құру, мүгедектер құқын тиімді жүзеге асыру үшін құқықтық алаң қалыптастыру болып саналады. Сондай-ақ, инклюзивтік білім беруді дамыту бағыты да бар.
Жәрмеңкенің ашылу салтанатында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Өтегенова сөз алып, аудан тұрғындарын жұмысқа тарту жайынан егжей-тегжейлі мәлімет берді. Биылғы жылы аудандағы 29 мүмкіндігі шектеулі жандар тұрақты жұмысқа тартылған. Ал, бүгін бос жұмыс орындарына 10 сұраныс келіп отыр.
Жәрмеңкеге қатысушыларды мекеме басшылары жеке қабылдап, толықтай мәліметтер жинақтаған. Нәтижесінде Т.Есенбаева, И.Жағыпаров, С.Сейілов, С.Аймаханов, Б.Тұрғанбаев, Н.Бақтияров, М.Сәдуақасов, Қ.Қайырбаев, М.Үсенов, М.Жанәлиевалар бос жұмыс орындарына бірі тұрақты, ал енді бірі уақытша жолдамалар алды.
Жұмыссыздарға жұмыс жолдамалары салтанатты жағдайда табыс етіліп, "Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Омаров жұмыс иелерінің қызметтеріне табыс тіледі.
Е.АҚҚАЛИҰЛЫ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |