Біздің мемлекеттің салық саясаты экономиканы дамытуда, әлеуметтік ахуалды көтеруде үйлестіруші, реттеуші рөл атқарып келеді. Мемлекетіміздің қалыпты дамуы мен өркендеуі бюджет кірісінің оңтайлы қалыптасуымен тығыз байланысты. Қызылорда қаласы бойынша салық басқармасының бастығы Серік Жолдасбекұлы Мұстафаевпен газет тілшісінің әңгімесіне осы тақырып арқау болған еді.
ҚОҒАМ
09 шілде 2014 г.
1 022
0
Үстіміздегі жылдың маусым айында қалалық аурухана жанынан 25 орындық нейро-инсульт бөлімі ашылды. Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес елімізде 48 инсульт орталығын ашу жоспарланған. Соның бірі Қызылорда қалалық ауруханасы жанынан ашылды. Онда жедел ми-қан айналымы бұзылысына шалдыққан науқастарды емдейді. Бөлімнің негізгі мақсаты – диагностиканы жетілдіру, әлеуметтік мәні бар (ми-қан тамырлары аурулары) емдеу және ерте сатысында анықтау, инсульттан кейінгі мүгедектік пен өлімнің алдын алу.
АҚПАРАТ
09 шілде 2014 г.
1 417
0
Бала кезімізде «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деген ертегіні оқып, оның мультфильмін жиі көруші едік. Соған қарап, қарлығаш құсының мейірімділігін, адамға жақындығын бала болсақ та түсінетінбіз. Шиқылдаған дауысын естісек, төбеге қарап, ұясына қонғанша бақылау да бала кездегі әдет болатын. Әр үйдің ішіне ұя салып, балапандарын қорғап, қанаттандыратын бұл құсқа ешкім тиіспейді. Себебі, қазақ халқы киелі деп есептейді. Сондықтан болар, құста әр шаңыраққа еркін кіріп ұшып жүре береді. Дегенмен, соңғы уақыттарда ұя салуға қамданған қарлығашты, есігін айқара ашқан үй иесін де көрмейтін болып барамыз. Есіктер жабылды, құс та өз панасын іздеп кете барды.
ҚОҒАМ
09 шілде 2014 г.
1 496
0
Қасиетті Рамазан айында ораза ұстап, бес парызының бірін өтеп жүрген мұсылман қауымына орталық "Ақмешіт-Сырдария”, қаладағы "Айтбай”, "Құддыс ишан”, Ыбырайхан және басқа да мешіттерде 30 күн бойы ауызашар ұйымдастырылуда. Оны мекемелер мен кәсіпорындар, ұйымдар мен шағын қожалықтар беруде.
АҚПАРАТ
09 шілде 2014 г.
1 817
0
Балалардың жазғы каникул күндері қызықты да көңілді өткені жөн. Сыр бойы балаларына қуаныш, жалын, алау маңындағы әндер мен спорттық жетістіктерді сыйлаған «Қамқор аға, қамқор әпке» жобасын «Қызылорда» балалар қайырымдылық қоры өмірге әкелді.
АҚПАРАТ
09 шілде 2014 г.
996
0
Жол қозғалысы жас инспек¬торларының респуб¬ликалық слетінен жүлдемен оралған жер¬лестерімізді облыстық ішкі істер депар¬таментінің басшылығы мен білім басқар¬масының өкілдері қошеметпен қарсы алды.
АҚПАРАТ
09 шілде 2014 г.
956
0