
Жол қозғалысы жас инспек¬торларының респуб¬ликалық слетінен жүлдемен оралған жер¬лестерімізді облыстық ішкі істер депар¬таментінің басшылығы мен білім басқар¬масының өкілдері қошеметпен қарсы алды.
Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов құрметіне Өскемен қаласында өткен жол қозғалысы жас инспекторларының республикалық слетіне Қазақстанның барлық өңірлері мен Ресей, Тәжікстан елдерінен де үміткерлер қатысқан. Осынау сайысқа Сыр өңірінің үмітін арқалап барған Сырдария ауданындағы №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектептің жас инспекторлары жүлделі екінші орынды иеленді.
Дәстүрлі сайыстың мақсаты – жеткіншектердің жол қозғалысы ережелері жөніндегі білімдерін пысықтап, оны өмірде қолданысқа енгізу, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Кеңес Одағының батыры А.Матросов атындағы балалар сауықтыру базасында саптық байқау, жас реттеуші, жол қозғалыс ережелерінің білгірлері, жас санитар, жас білгір, үгіт бригада байқауы, командирлер байқауы және қауіпсіз дөңгелек номинациялары бойынша сайысқа қатысқан 200-ге жуық жеткіншек білімдерін шыңдап қана қоймай, демалуға мүмкіндік алды.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.