Облыста 11 ұлттық-мәдени бірлестік бар. Ел бірлігі мен ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық мәдениетті, тіл мен салт-дәстүрді дамыту, жалпы рухани-мәдени құндылықтарды насихаттауға татар, славян, кәріс, грек, қырғыз, неміс, түрік, өзбек, шешен, еврей және "Қазақстанның орыс қауымы” қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы үлкен үлес қосуда.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ
12 сәуір 2014 г.
8 940
0
Мүлкаманды ойласам, өзімнің шұғылалы шағым, өмірімнің ең аяулы беттері, жарқын күн, жалынды түндерім, қуаныш, қызыққа толы жұлдызды жылдарым – студенттік кезім есіме түседі. Есіме түседі де сол жылдар бүгін екпіні еңкейіп қалған қан тамырларына жаңа ырғақ қосқандай жаным жайнап қоя береді. Жүрек жас құлындай ойнақшып, кеудеме сыймай бұлқына қалатыны бар. Қандай шуақты, қандай алқалы кез еді!
ТАҒЫЛЫМ
12 сәуір 2014 г.
1 413
0
Сыр бойы – алты Алаштың анасы. Аңыздағы желмаяға мініп, дүниені шарлаған Асанқайғы атамыз да осы өңірге дамылдаған. Дүниені дүрліктірген Іскендір Зұлқарнайын атбасын бұрған. Қысқасы, Сыр қасиетін, тарихын тізбелей берсек, таусылмайды. Маңғыстауда 362 әулие болса, бір ғана Жаңақорғанда әулиелі киелі орындар молынан кездеседі. Қазір Сыр өңірінде 550-дей әулиелер болғандығы Шайдарбек қажы Әшімұлының "Өткен әзиз әулиелер” атты кітабында тағы да нақты деректермен одан әрі баяндалады. Оқисың, қызығасың, құмартасың.
РУХАНИЯТ
12 сәуір 2014 г.
2 404
0
Күрең күздің қара суығына бауырын төсеп, өзін қиындық құрсауына салып, жылы белдеуге қарай қанаттының соңын алып ұшатын қоңыр қаз деген құс болады. Таланттылардың ішінен де іріктеліп, осы азапты жолды пешенесіне бұйырған маңдайдағы жазмыштай таңдап алып хас жазушылар ғана қалады. Сондай сөз иесінің бірі – Әлмәмбет Әлішев!
ТАҒЫЛЫМ
12 сәуір 2014 г.
2 186
0
Дүниеге бала әкелiп, ана атану әрбiр қыз-келіншектің асыл арманы. Қазақ халқы келін түсісімен оған ерекше қамқорлықпен қараған. Өйткені, жас келін – ұрпақ өрбітуші, болашақ ана. Келіннің бойына бала біткен бойда оның абысын-ажыны енесінен сүйінші сұрап, жақсы хабарды жеткізген. Сөйтіп, сол сәттен бастап аяғы ауыр келін ерекше күтімге алынған.
ҚОҒАМ
12 сәуір 2014 г.
1 153
0
Психологтардың пікірінше, интернет тәуелділігіне түсетіндердің көбі ерік-жігері әлсіз, өз ортасында томаға-тұйық адамдар. Виртуал әлемде олар өздерін идеал жасай алады. Сайып келгенде, бұдан шығатыны, адам шынайы өмірдегі отбасы, достары сынды биік ұғымдарды ысырып қояды да, қиял дүниесіндегі өзіндік «мені» айналасында тұрақтап қалады. Эгоизм, депрессия сынды сұмдықтар да әлеуметтік желілердің әсерінен туындайтын қасиеттер. Сірә, бұрынырақта дәрігерлер есірткі, не ішімдіктің құлына айналғандарды емдесе, қазір олардың қатарын интернетке тәуелділер толықтырайын дегені ме?! Олардың қандай сайтқа кіріп, не көретінін тіпті ешкім бақыламайды. Не көп, теріс пиғылды сайттар көп бұл күнде. Әсіресе шетелдік сайттар адамның санасын бұзуға бағытталған.
ҚОҒАМ
12 сәуір 2014 г.
1 493
0
"Жақсы адамға соза берем қолымды, Жақсы адамдар оңғартады жолыңды”. Осы бір өлең жолдары Кеңес ауылының кең пейілді, жылы жүректі перзенті Рысжан Төлепбергеноваға арналған.
ҚОҒАМ
12 сәуір 2014 г.
866
0
Өзінің саналы ғұмырын Сыр өңірінің педагогика саласын дамытуға жұмсаған педагогика ғылымдарының докторы, балалар ақыны Рахат Наурызбаева биыл 70 жасқа толып отыр. Осыған орай аптаның сейсенбі күні облыс бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ғылыми кеңесі өзінің кезекті мәжілісін институт профессорының мерейлі мерейтойына арнады.
РУХАНИЯТ
12 сәуір 2014 г.
1 957
0
Биыл ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен "Дін және дәстүр” жылы болып жарияланды. Ағымдағы жылы облыстық дін істері басқармасына қарасты мемлекеттік дін мәселелерін зерттеу орталығы коммуналдық мекемесі ашылды.
АҚПАРАТ
12 сәуір 2014 г.
883
0
Уақыт болса сырғып келеді. Көптің назарына ұсынарлық көңіл алаң бір маңызды іс бар. Ол – Жанқожа батырдың бейнесі.
ТАНЫМ
12 сәуір 2014 г.
1 803
0