ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Жуырда облыстық дін істері басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығы” қала әкімдігінде «Деструктивті жалған діни ағымдар мен ұйымдар қызметінің қауіптілігі, болмысы және көріну формасы» тақырыбында  семинар өткізді.
АҚПАРАТ 15 наурыз 2014 г. 2 614 0
БАЛЫҚ ТА БАҒАЛЫ БАЙЛЫҚ

БАЛЫҚ ТА БАҒАЛЫ БАЙЛЫҚ

«Мен Аралға көмектесемін деген уәдеме жеткеніме қуаныштымын» деген Президентіміз Нұрсұлтан  Назарбаевтың қолдауымен жүзеге асқан «САРАТС» жобасы теңізді қайта тірілтті. Көгілдір айдыны кеңейіп, өркені түлеген өңірдің қазіргі кейпіне көңіліңіз толады.  Аралдың өткені мен бүгіні, балық аулау саласындағы жетістіктері, түйткілдері туралы кәсіби маманды әңгімеге тарттық. Сұхбатымыздың желісін «Балық шаруашылығын дамыту» консорциумының төрағасы Әділбек Әйімбетовпен құруымыздың мәнісі де осында жатыр.
ДӘУЛЕТ 15 наурыз 2014 г. 1 598 0

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ

Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында және ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақстанда зейнетақы жүйесін кезең-кезеңімен жаңғырту қолға алынды.
ҚОҒАМ 15 наурыз 2014 г. 1 551 0

МҰЗ МҰҚАЛЫП, СЕҢ ЖҰҚАРДЫ

Сырдария өзені бойындағы сең көшкіні нақты кезеңде Шиелі ауданының Жөлек ауылы тұсынан өтіп жатыр. Жылы ауа әсерінен дария бетіне қатқан мұздың қысқы күнгідей қаттылығы жоқ, қартайған, боркемік тартқан жағдайы бар. Оның үстіне аптаның бейсенбісіне басталған көктемгі жауын сіркірі де төбесінен төпелеп, жұқартып барады. Сондықтан дарияның иінді тұстарында ұстаса кетуге қауқарсыз сең, артына қарауға мұршасы келмей, бірін-бірі қуалап ағыспен төмен қарай асыға жөңкіп жатыр. 
АҚПАРАТ 15 наурыз 2014 г. 964 0

АУЫЛ ӘКІМДЕРІ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ

Өткен жылдың тамыз айында ауыл әкімдерінің сайлауы өткен болатын. Мемлекет басшысы заң жүзінде оларға 67 функция бекітіп берді. Бұл өз кезегінде жергілікті жерде көкейкесті мәселелерді дербес және жауапкершілікпен шешуге мүмкіндік береді.
АҚПАРАТ 15 наурыз 2014 г. 878 0
ӨМІР СҮРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ – ЕҢ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

ӨМІР СҮРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ – ЕҢ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

Аптаның бейсенбісі күні облысымызға жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың облысымыздағы алғашқы сапары оңтүстіктегі екі аудан – Жаңақорған мен  Шиелідегі селолық  емдеу орталықтарының жағдайларымен танысуымен басталды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 15 наурыз 2014 г. 2 234 0
ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ӨРКЕНДІ ӨЗГЕРІСТЕР

ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ӨРКЕНДІ ӨЗГЕРІСТЕР

Жер қойнауынан алынып жатқан мұнай Қызылорда облысының басты байлығы болып отырғаны ақиқат. Әйтсе де, қара алтынның өндірілген көлемі соңғы жылдары кеми түсуде. Ол әрине, аймақтың экономикалық көрсеткішіне кері әсерін тигізетіні белгілі. Дейтұрғанмен де, облыстың 2013 жылғы көрсеткіші көңіл қуантады. Жалпы облыстың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жақсы жаңалықтар аз емес. Бұл туралы «Сыр Медиа» ЖШС-нда орналасқан коммуникациялар орталығында өткен кезекті брифингте  облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова айтып өтті. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 15 наурыз 2014 г. 1 164 0
Шиеліде индустриялдық аймақ салынады

Шиеліде индустриялдық аймақ салынады

Шиелі.  Шиелі кентінің шығыс беткейінен шағын және орта кәсіпкерлік субъектлеріне арнайы Индустриялдық аймақ үшін көлемі 50 гектар жер учаскесі бөлінген. Бүгінгі күнге осы индустриялық аймақты инфрақұрылым нысандарымен қамтамассыз ету мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 наурыз 2014 г. 870 0

ШАБАРМАННЫҢ ШАҒЫМЫ

Елшекен  байдың екі шабарманы бар еді. Бірі – Ақан, екіншісі –Жақып-ты. Сол Жақып ауыл биі Байғабылға шағым айта келіпті. Байекең кіші тоқалы Айсұлу құйған қызыл күрең шайды терлеп-тепшіп ішіп, жібек орамалымен әлсін-әлі сүртініп отырған-ды. 
ТАҒЫЛЫМ 15 наурыз 2014 г. 1 227 0
«ҚАЙСАР»: ЖАҢА МАУСЫМДА ЖЕҢІС КҮТЕМІЗ

«ҚАЙСАР»: ЖАҢА МАУСЫМДА ЖЕҢІС КҮТЕМІЗ

Бүгін, 15 наурызда футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігі жалауын көтереді. Жылдық үзілістен кейін үздіктер қатарына қайта қосылған Қызылорданың «Қайсары» алғашқы ойынын өз алаңында өткізеді.
ДОДА 15 наурыз 2014 г. 1 286 0