Шиеліде индустриялдық аймақ салынады

 Шиеліде индустриялдық аймақ салынадыШиелі.  Шиелі кентінің шығыс беткейінен шағын және орта кәсіпкерлік субъектлеріне арнайы Индустриялдық аймақ үшін көлемі 50 гектар жер учаскесі бөлінген. Бүгінгі күнге осы индустриялық аймақты инфрақұрылым нысандарымен қамтамассыз ету мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
Бұл жөнінде аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ғабит Аманжолов мәлімдемеді. 
Сондай ақ, бөлім басшысының хабарлауынша Шиелі кентінің бас жоспарына сәйкес өткен жылы жаңадан қоныстану аумақтарының атап айтқанда "Көк шоқы" мөлтек ауданынан 3 гектар, "Шұғыла" мөлтек ауданынан 97 гектар жерге түбегейлі жоспарлау жобасы әзірленді. "Көк шоқы" мөлтек ауданында 6 көпқабатты тұрғын үйлер мен балалар ойын алаңдарын салу жоспарланып, бүгінде жоба сметалық құжаттары әзірленуде. «Одан өзге "Шұғыла" мөлтек ауданында 262 бір қабатты, 13 екі қабатты тұрғын үйлер, бала бақша, спорт ойын алаңдары, әкімшілік ғимарат, сауда орталықтары және көркейту-көгалдандыру жұмыстарына жер телімдері белгіленген. Келешекте "Шұғыла" мөлтек ауданын инфрақұрылым нысандарымен қамтамассыз ету жұмыстары жүргізілетін болады» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 наурыз 2014 г. 846 0