ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУЖуырда облыстық дін істері басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығы” қала әкімдігінде «Деструктивті жалған діни ағымдар мен ұйымдар қызметінің қауіптілігі, болмысы және көріну формасы» тақырыбында  семинар өткізді.
Семинарда діни ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатында оқыту сабақтары жүргізілді. Оған қала мектептерінің дінтану пәні мұғалімдері мен психологтары қатысты. 
Жиналыста дін істері басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы С.Смағұлов «Деструктивті жалған ағымдар мен ұйымдар қызметінің қауіптілігі» жөнінде хабарлама жасады.
Сондай-ақ, шараға ҚМДБ жанындағы АНТ мүшесі, дінтанушы, А.Қуанышбаев арнайы шақырылып, «Дәстүрлі емес діни ағымдар ықпалының алдын алу жолдары» тақырыбында баяндама жасап, дәстүрлі емес діндердің қоғамға қалай енетінен, олардың негізгі мақсатын түсіндірді.
Мұнан соң "Дін мәселелерін зерттеу орталығының” директоры Т.Әбуов «Деструктивті жалған діни ағымдар мен ұйымдардың пайда болуының негізгі шарттары мен факторлары» тақырыбында хабарлама жасады. Онда, дәстүрлі емес діни ағымдар, олардың пайда болу шарттары отырыста кеңінен талқыланды. 
Сонымен қатар, жиналған АНТ мүшелері мен мектеп ұстаздарының сұрақтары мен ұсыныстары тыңдалып, мамандар тарапынан тиісті жауаптар берілді.
Нұрбек САҒАТҰЛЫ.

АҚПАРАТ 15 наурыз 2014 г. 2 602 0