Қазақ халқы ертеден-ақ адамгершілікті ардақтап, ұлттық әдепті жоғары бағалай білген. Отбасында ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейтінін, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейтінін сезінген. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі, ал оның алтын қазығы – әйел.
ҚОҒАМ
08 наурыз 2014 г.
2 862
0
Қызылорда медициналық колледжінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы, медицина ардагерлер кеңесі және денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы облыстық ұйымының ұйымдастыруымен медицина саласының ардагер аналары мен көшбасшы қыз-келіншектеріне арналған шара өтті.
АҚПАРАТ
08 наурыз 2014 г.
1 065
0
Мереке қарсаңында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ержан Әбдірахманов аймақтың мәдениет және өнер саласында қызмет атқаратын әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, саланың бір топ озаттарына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін тапсырды.
АҚПАРАТ
08 наурыз 2014 г.
958
0
Арал, Көктемнің алғашқы мерекесі саналатын 8-наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай аудандық мәдениет Үйінде «Әйел, Ана - Тіршілік» атты салтанатты жиын өтті. Жер-Ана бусанып, тіршілік біткен қайта жаңаратын әдемі мерекенің шымылдығы тал бесікті тербеткен ананың мейірлі махаббатқа толы әлдиі-бесік жырымен түрілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 наурыз 2014 г.
1 266
0
Әйелдер мерекесі қарсаңында Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ұжымы «Ана – өмірдің гүлі» атты мерекелік кеш ұйымдастырды.
АҚПАРАТ
08 наурыз 2014 г.
851
0
Екінші курс оқып жүрген кезім. Оқып жүрген деймін-ау, нақтырақ айтсам, жаңа оқу жылының сабағына, ауыл шаруашылығы жұмыстарынан келіп, енді кірісіп жатқанбыз.Бір күні курстасым әрі жерлесім аралдық жігіт Әмір Оралбаев аудиторияға кіре беріп мені көрді де: – Несібелі, құттықтаймын, «Ленин жолына» әңгімең шығыпты, – деді қуанышты күйде.
ӘДЕБИЕТ
08 наурыз 2014 г.
1 676
0
Облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасымен жаңа жыл қарсаңында бір топ тыл және еңбек ардагерлерінің отбасында болудың сәті түсті. Сол абзал жандардың бірі – 91 жастағы еңбек ардагері Ғазима Фатихқызы Байдосова. Осы жасында талай өмір өткелдерінен сүрінбей өткен ғазиз жанның ғұмыры өнегеге толы екен.
ТАҒЫЛЫМ
08 наурыз 2014 г.
1 062
0
Он үш қыз... Біздің Сырдария ауданы Шіркейлі аулында жастары алпыстың ішін еркін аралап кеткен апаларымызды осылай атайды. Қазір зейнеткер атанып, немере бағып отырған "он үш қыз” мектеп бітіргендеріне жарты ғасырға жуықтап қалса да, іргелері ажырамаған. Бір-бірінің қуанышы мен қызығында тік тұрып қызмет етеді. Әнін шырқап, айналасына шуағын шашқан аналардың жүрген жері береке мен думанға толы.
ҚОҒАМ
08 наурыз 2014 г.
1 058
0
Сыныптастар өзара бас қосқанда сонау мектеп партасындағы бір-біріне сездіруге бата алмай, сүйіктісінің есімін терезенің жақтауына ойып жаздырған бала махаббаттарын еске алысып жатады. Бірі екіншісін басынан өткерген бала махаббатымен мазақтап, кезінде өздерінің қиял әлемінде өмір сүргендеріне таң қалысады. Сол жанды қай қылығы, қай мінезі үшін ұнатқанын еске түсіре алмай дал болады. Қалай болғанда да атар таңға іңкәр еткен бала көктемдегі балауса махаббаттың жүректің терең түбінде сақталары анық.
ТАНЫМ
08 наурыз 2014 г.
1 317
0