ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КТК ОЙЫНШЫЛАРЫ – ЖЫЛ ҮЗДІГІ

«Қазақстан КТК (КВН) Одағы» аймақтағы ең үздік филиал мен премъер лига чемпионын анықтады. Көңілділер мен тапқырлар клубының ойыншылары «Тұңғыш Астана» құрамасы премъер лига чемпионы атанса, аймақтағы бөлімшелер ішінен «Қызылорда КТК» филиалы 2013 жылдың үздігі атанды!
АҚПАРАТ 04 ақпан 2014 г. 967 0
СЫРДЫҢ СЫРЛЫ ӘЛЕМІ

СЫРДЫҢ СЫРЛЫ ӘЛЕМІ

Қызылорда қаласындағы №140 орта мектепте жергілікті ақын-жазушылармен «Сырдың сырлы әлемі» деп аталған әдеби-сазды кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіне белгілі ақын-жазушылар – Әскербек Рахымбекұлы, Дүйсенбек Аяшұлы, Толқын Қабылшаева шақырылды. 
РУХАНИЯТ 04 ақпан 2014 г. 1 780 0
ӨНЕР ӨЛКЕСІНДЕГІ ӨРІС ЕҢ...

ӨНЕР ӨЛКЕСІНДЕГІ ӨРІС ЕҢ...

«Әркімге өзінің туған жері Мысыр шаһары» – дейді дана халқымыз. Әлбетте, қандай бір қиын мекенде туып өссе де жүрегінде иманы, кеудесінде оты бар адам осылай айтары хақ! Мысалы, айтыс өнерінің ақтангері, абыз атамыз марқұм Әбілхан Маханов Теңіз-анамыз арнасынан асып, байлығы тасып жатқан кезінде өзінің «Аралым – айдын шалқарым!» атты жыр-толғауында туған жердің табиғи байлығы мен рухани байлығы туралы, оның еңбек ерлері мен дарынды ұл-қыздары туралы мақтана жырлап «Аралым менің осындай, өнер мен дәулет қонған жер» – деп бар әлемге паш еткен жоқ па?!
ТАНЫМ 04 ақпан 2014 г. 4 225 0
ГҮЛ ҚАУЫЗЫНА ЖАЗЫЛҒАН ХАТТАР

ГҮЛ ҚАУЫЗЫНА ЖАЗЫЛҒАН ХАТТАР

Жерлесіміз, жас ақын Динара Мәлік есімі өлеңсүйер ортаға жақсы таныс. Жиырма жасында-ақ алғашқы жыр жинағын көпке ұсынып үлгерген ақын қыздың поэзия пернесінен өрілген күй-жыры көңіл тебірентерлік.
РУХАНИЯТ 04 ақпан 2014 г. 1 325 0
Қазалыдағы ауылдарда ауызсу үй-үйге жеткізіледі

Қазалыдағы ауылдарда ауызсу үй-үйге жеткізіледі

 Қазалы. Ауданда алғашқы болып ауызсу жеткізілген он ауыл бар. Дегенмен, ол ауылдар қызмет көрсету жүйесіне қосылмаған. Аудан әкімі Бақыт Жақановтың айтуынша, өткен жылы облыстық бюджеттен бөлінген 36,5 млн. теңге қаржыға сервистік желі құжаттарының әзірленген. Келер жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша Ақтан, Жанқожа, Жалаңтөс батыр, Басықара, Бекарыстан би, Жалпақ, Майдакөл, Мұратбаев, Пірімов, Түктібаев ауылдарында ауызсуды үйге кіргізу жұмыстары басталады. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 ақпан 2014 г. 822 0
Қызылордаға  шайбалы хоккейден жаттықтырушы келді

Қызылордаға шайбалы хоккейден жаттықтырушы келді

 Қызылорда. Облыс орталығындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде шайбалы хоккейден бөлімше ашылды. Оған хоккейдің қыр-сырын білікті бапкер Талғат Тұрсынбекұлы Әкімжанов жетекшілік жасайды. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 ақпан 2014 г. 881 0
Ауа-райы 27-32 градусқа дейін төмендейді

Ауа-райы 27-32 градусқа дейін төмендейді

 «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша, 2014 жылдың 3-4 ақпан    күндері   Қызылорда облысы  бойынша ауа температурасы түнде 27-32 аязға дейін төмендеуі сақталады.                               
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 ақпан 2014 г. 969 0
Ел қорғаны - Жанқожа батыр

Ел қорғаны - Жанқожа батыр

 Қазалы. Аудандық орталық кітапханада Сыр қазақтарының Хиуа, Қоқан, Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің қолбасшысы Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 240 жылдық мерейтойына арналған «Ел қорғаны - Жанқожа батыр» атты танымдық кеш болып өтті. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 ақпан 2014 г. 1 803 0
Қызылордалықтар ет пен балықты көбірек тұтынады

Қызылордалықтар ет пен балықты көбірек тұтынады

 Қызылорда. Облыстық статистика департаментінің хабарлауынша, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2014 жылы қаңтарда өткен аймен салыстырғанда 1 %-ға, ал 2013 жылғы қаңтармен – 1,4 %-ға өсті. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 ақпан 2014 г. 802 0