Қызылорда. Облыстық статистика департаментінің хабарлауынша, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2014 жылы қаңтарда өткен аймен салыстырғанда 1 %-ға, ал 2013 жылғы қаңтармен – 1,4 %-ға өсті.
Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 22,7%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 16,3%, жемістер мен көкөністерді –10,7%, нан және жарма өнімдерін – 7,9%, қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,4%-ды құрады.