
Қызылорда қаласындағы №140 орта мектепте жергілікті ақын-жазушылармен «Сырдың сырлы әлемі» деп аталған әдеби-сазды кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіне белгілі ақын-жазушылар – Әскербек Рахымбекұлы, Дүйсенбек Аяшұлы, Толқын Қабылшаева шақырылды. Кеште мектеп директоры Г.Қоңырбаева сөз алып, ақын-жазушылардың шығармалары оқырманды сезім шуағына бөлеп, ой тереңдігімен парасатқа баулитындығын, көркем келістілігімен, өзіндік нақыш өрнектерінің молдығымен ерекшеленетінін атап айтты. Ақындардың өлеңдері жырға жаны құмар жас ұландардың орындауында тыңдалып, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шығармашылық өкілдерінің өмір жолы мен еңбектері таныстырылды. Оқушылар ақындарға сұрақ қойып, сұхбаттасты.