Қазалы. Аудандық орталық кітапханада Сыр қазақтарының Хиуа, Қоқан, Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің қолбасшысы Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 240 жылдық мерейтойына арналған «Ел қорғаны - Жанқожа батыр» атты танымдық кеш болып өтті.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің хабарлауынша, танымдық шараның мазмұнын аша түсу үшін ақын-жазушылардың батыр-бабаға арнаған туындылары мен зерттеуші ғалымдардың еңбектері қойылған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кешке батыр-бабамыздың Итжемес атты баласынан тарайтын бесінші ұрпағы, Жанқожа батыр кесенесінің шырақшысы Әбдіхалық Өмірбайұлы шақырылды. Бабаның ұрпағы батырдың азаматтық ерлік істерін, қасық қаны қалғанша жасаған қайсарлығы жайында жиналған жас ұрпаққа баяндап берді және Өркендеу ауылдық клубының меңгерушісі Болатбек Рсалиев «Жанқожа батыр» дастанынан орындады. Кеш барысында мектеп оқушылары Жанқожа батырға арналған жыр дастандардан үзінділер оқыды.