Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған әр жылғы Жолдауы Тәуелсіз еліміздің тарихындағы айтулы кезең болып табылады.
ҚОҒАМ
04 ақпан 2014 г.
1 141
0
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды, – деп Абай атамыз айтқандай, қыстың әлегі көп. Тұрақсыз атанған ақпанда кейде аяздың беті қайтып, сынады, кейде аспан түнеріп, жапалақтап қар жауады. Оның қарлы бұрқасыны мен шуақты күндері алма-кезек.
АҚПАРАТ
04 ақпан 2014 г.
903
0
Елімізде көлікті техникалық байқаудан өткізу уақыты өзгертілді. Үкіметтің қаулысына сәйкес, енді жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органға тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері міндетті техникалық байқаудан төменде көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі: әр 12 ай сайын – зауыттан шыққанына 7 жыл және одан көп болған көліктер, әр 24 ай сайын – шығарылған уақыты 3-7 жылға дейінгі, 36 ай сайын – шығарылғанына 3 жылға дейінгі жаңа көліктер.
ҚОҒАМ
04 ақпан 2014 г.
883
0
2014 жылдың 11 ақпанында сағат 16.00-де Қызылорда облыстық мәслихатының мәжіліс залында «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары мүшелерінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты олардың жаңа құрамын сайлау жөнінде өтетін кеңеске шақырамыз.
АҚПАРАТ
04 ақпан 2014 г.
941
0
«Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды» дегендей, Жылан жылының қысы қызылордалықтарды айтудай-ақ әбігерге салуда. Аймаққа қар жылдағыға қарағанда кеш, яғни, желтоқсан айының соңына таман түсті десек те, кейде екі-үш күн қатарынан толассыз қар жауып тұрған кездер жиі қайталанды. Облыс орталығын осынау сіреу қардан тазарту жұмыстары «Қала тазалығы» ЖШС-ның үлесінде қалып отыр. Газет тілшісі аталмыш құрылым директорының орынбасары Сейдалы Егембергеновпен тілдескен еді.
ҚОҒАМ
04 ақпан 2014 г.
1 325
0
Қармақшы. Кент ішінде жолаушылар мен автокөліктердің жүрісін толық қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы 22 көше асфальттанды. Аудан орталығы –Жосалы кентіндегі 114 көшенің жалпы ұзындығы 77,4 шақырымды құрайды. Оның ішінде кент орталығындағы 11 көшеге облыстық бюджеттен бөлінген 336,4 мың теңге қаржыға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 11 көшеге «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен орташа жөндеуге 140 млн 491 мың теңге жұмсалды. Жосалы кентінің көшелерін қалыпты жағдайда ұстап тұру мақсатында табиғи топырақты 15 көшені келешекте асфальттау үшін қиыршық тас төселіп, дайындық жұмыстары жүргізілді. №250 мектеп-лицейінің сауықтыру спорт кешені алдына асфальт төселінді. Кент орталығындағы жүргінші көп жүретін Қорқыт ата, Балқы Базар көшелеріне жалпы ұзындығы 3 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолы төселді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 ақпан 2014 г.
1 016
0
Кеше облыс әкімі жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің кезектен тыс отырысы болып өтті. Басқосуға аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев төрағалық жасады.
АҚПАРАТ
04 ақпан 2014 г.
1 038
0
Өткен жылы облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың бастамасымен «Ақниет» әлеуметтік серіктестік бағдарламасы қолға алынған болатын. Бүгінде «ЛУКОЙЛ Оверсиз Сервис БВ» компаниясының жетекшілігімен іске қосылған бағдарламаның алғашқы жеңімпаздары өз кәсіптерін ашып, қалаған жұмыстарымен айналысуда.
ДӘУЛЕТ
04 ақпан 2014 г.
1 008
0
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Нидерланды Корольдігіне барады. Бұл туралы кеше Нидерланды Корольдігінің Сыртқы істер министрі Франс Тиммерманспен кездесуі барысында Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ
04 ақпан 2014 г.
1 137
0
Биыл «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің 157 шақырымы пайдалануға беріледі. Бұл туралы кеше ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Асқар Жұмағалиев мәлім етті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / БИЛІК
04 ақпан 2014 г.
879
0