Батыстан түрілген қара бұлт бейбіт елдің аспанынан қорғасын боп жауған Отан соғысының отты жылдары Шиелідегі Бидайкөлдің біраз азаматтары да майданға аттанды. Кемпір күрек, шал кетпен ұстап, бала ойнамаған ауылдың жай-күйін сол күнді көрген адамдар ғана айтсын. Басыңа тартсаң, аяғың ашық қалатын жылусыз көрпедей күндердің қиындығын көріп өскен Манап та осы ауылдан соғысқа алынды. Қияметтің қызыл шоғындай ерсілі-қарсылы зулаған оқтың өтінде жүріп, ауыр артелерия бөлімшесін басқарды.
ҚОҒАМ
21 желтоксан 2013 г.
1 158
0
«Алтын тоның болғанымен, жағасы мен жеңі қымбат, қанша батыр болсаң да, халқың менен елің қымбат». Осы бір мәтелдің мағынасына зер салып, ойланып көрсең, «Байлықтың бір жұттық, батырдың бір оқтық» екендігін білдіреді. Ел ішінде туған жұрты мен халқының қадірін білетін, елін нағыз батырларша сүйе алатын атпал азаматтар аз емес. Солардың бірі Бегалы аға туралы аз-кем білетіндерімді оқырмандарға жеткізуге асықтым.
ТАҒЫЛЫМ
21 желтоксан 2013 г.
1 639
0
Кеңестік жүйе алғашқы 20 жылда бірнеше толқын репрессия жүргізіп, ұлт зиялыларының басым көпшілігінің көзін жойғаны тарихи ақиқат. Ел басына түскен зобалаң-нәубеттің ең алғашқы құрбандарының бірі қоғам дамуына қатысты өзіндік қөзқарасы болған Зарқұм Қуанышұлы (1865-1918жж.) еді.
ТАҒЫЛЫМ
21 желтоксан 2013 г.
2 053
0
Сыр сүлейлері шоқтығының көрнекті өкілі, атақты жырау, ақын әрі сазгер, Тұрымбет Салқынбайұлын өзінің сенімді ізбасарларының бірі Балқашбай Жүсіпов кезінде халыққа кең тараған бір термесінде: «Тұрымбет – ән атасы Кіші жүзде, тоғытқан әннің кесте көп өрнегін» деп ерекше бағалаған. Менің өз басым Тұрымбет жыраудың мақамдарын, әсіресе, өзгеше мәнермен орындалатын «Күмісай» әнін жыраулық, әншілік репертуарымның басты арқауы санаймын. Бұл кісінің әндерін біз бала жастан жаттап өстік. Шіркін, Тұрекеңнің «Күмісай» әні бір керемет дүние ғой! – деген-ді бірде Қармақшыда өткен бір әдемі кеште Алмас жырау тебірене сөйлеп.
ТАНЫМ
21 желтоксан 2013 г.
1 965
0
Сыр саңлағы, толқынды аққан дария суындай жырдан бастау алған әрі ақын, әрі жырау, орысша, қазақша, арабша сауатты Қаңлы Жүсіп Қадірбергенұлы өмір сүрген кезең Ресейдің отаршылдық саясатының кең өрістеген, сұлтандық пен болыстық жүйенің, қазақ елі арасында ру тартысының қанат жайған уақытымен тұстас. Қаңлы Жүсіп 1916 жылғы оқиғаға байланысты өз жүрегінен шыққан «1916 жыл» деген толғау-термесінде патшаның 1916 жылғы 28 июньдегі жарлығына бүкіл елмен бірге өз қарсылығын білдіріп, ақ патшаның озбырлық саясатын ашық көрсеткіндігін суреттейді. Мұсахан ӘБДІҚАДЫРОВ.
ТАНЫМ
21 желтоксан 2013 г.
1 449
0
Иманжүсіп Құтпанұлы 1863 жылы қазіргі Павлодар облысы, Ақсу ауданы, Құркөл ауылдық округінің, Алтыбай ауылында дүниеге келген. Ол үш ағайынды болған, ағалары Ақшабай мен Шоңай төңірегіндегі елге белгілі, беделді, дәулетті кісілер. Осы ағаларының арқасында Иманжүсіп бала кезінен ерке, шолжың, айтқанынан қайтпайтын бірбеткей телі-еркіндеу болып өседі. Олардың анасы Үміш (Ұрқия), – тегі арғын руының Бәсентин тармағынан.
ТАНЫМ
21 желтоксан 2013 г.
2 040
0
Қоғалыкөл ауылында Тұңғыш Президент күніне орай мұнаралы, айшықты, сәулетті жаңа мешіт үйі халық игілігіне ұсынылды. Оның алғашқы іргетасын Мұрат, Мақсат Асылбековтер қаласа, ірі қалада қызмет ететін ауыл түлектері Жеңіс Әбіласанов пен Ғабит Икрамов қолдау көрсетіп, Түрік мемлекетінің азаматы Ахмет Яхшы қажының демеушілігімен құрылыстың толық аяқталуына қол жеткізді. Ортақ іске ауылдың мектеп оқушыларынан бастап еңкейген қарияларына дейін үлес қосты. Кәсіпкерлердің бірі ірі қара, енді бірқатары 20-100 мың теңге көлемінде қаржы берді. Сондай-ақ ауылдағы әртүрлі сала қызметкерлері сенбі күндері құрылыс басынан табылды.
ҚОҒАМ
21 желтоксан 2013 г.
1 784
0
Жуырда педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру «Өрлеу» ұлттық орталығы» АҚ облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту жолдары» тақырыбында аймақтық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді.
АҚПАРАТ
21 желтоксан 2013 г.
2 740
0
Қоғамның жегі құртына айналған сыбайластықпен күресу қаншалықты пәрменді болғанымен, оның алдын алу шараларына келгенде әлі де ақсап жатқан тұстарымыз бар. Қоғамымызға жабысқан бұл дертпен күресу негізінен құқық қорғау органдарына жүктелген. Алайда, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында сыбайластыққа жол беретін жағдайлар да орын алып жатады. Ел аузындағы «Ет бұзылса тұз себеміз, тұз бұзылса не себеміз?» деген нақыл осындайда айтылса керек. Тіпті, сорақысы сол халыққа қызмет ететін мемлекеттік қызметшілер арасында да мұндай деректер кездесуде.
АҚПАРАТ
21 желтоксан 2013 г.
1 050
0
Қызылорда облыстық Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тәртіптік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңесте Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік тәжірибе инспекторы Б.Исмайловтың, Қазалы ауданы Тасарық ауылдық округ әкімінің міндетін уақытша атқарушы А.Бөлебайдың, Сырдария ауданы Шіркейлі ауылдық округінің әкімі Ғ.Бихожаның тәртіптік ісі қаралды.
АҚПАРАТ
21 желтоксан 2013 г.
1 213
0