КЕҢ ДАЛАНЫ КЕУДЕСІНЕ СЫЙДЫРҒАН СЕРІ

КЕҢ ДАЛАНЫ КЕУДЕСІНЕ СЫЙДЫРҒАН СЕРІ

Иманжүсіп Құтпанұлы 1863 жылы қазіргі Павлодар облысы, Ақсу ауданы, Құркөл ауылдық округінің, Алтыбай ауылында дүниеге келген. Ол үш ағайынды болған, ағалары Ақшабай мен Шоңай төңірегіндегі елге белгілі, беделді, дәулетті кісілер. Осы ағаларының арқасында Иманжүсіп бала кезінен ерке, шолжың, айтқанынан қайтпайтын бірбеткей телі-еркіндеу болып өседі. Олардың анасы Үміш (Ұрқия), – тегі арғын руының Бәсентин тармағынан.
ТАНЫМ 21 желтоксан 2013 г. 2 039 0

ОҚЫРМАН ХАТТАРЫ

Қоғалыкөл ауылында Тұңғыш Президент күніне орай мұнаралы, айшықты, сәулетті жаңа мешіт үйі халық игілігіне ұсынылды.  Оның алғашқы іргетасын Мұрат, Мақсат Асылбековтер қаласа, ірі қалада қызмет ететін ауыл түлектері Жеңіс Әбіласанов пен Ғабит Икрамов қолдау көрсетіп, Түрік мемлекетінің азаматы Ахмет Яхшы қажының демеушілігімен құрылыстың толық аяқталуына қол жеткізді. Ортақ іске ауылдың мектеп оқушыларынан бастап еңкейген қарияларына дейін үлес қосты. Кәсіпкерлердің бірі ірі қара, енді бірқатары 20-100 мың теңге көлемінде қаржы берді. Сондай-ақ ауылдағы әртүрлі сала қызметкерлері сенбі күндері құрылыс басынан табылды.
ҚОҒАМ 21 желтоксан 2013 г. 1 784 0

ИНКЛЮЗИВТІК БІЛІМ БЕРУ – ҚОҒАМ ТАЛАБЫ

Жуырда педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру «Өрлеу» ұлттық орталығы» АҚ облыстық филиалының ұйымдастыруымен  «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту жолдары» тақырыбында аймақтық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді.
АҚПАРАТ 21 желтоксан 2013 г. 2 740 0

АР АЛДЫНДА АДАЛ БОЛУ МАҢЫЗДЫ

Қоғамның жегі құртына айналған сыбайластықпен күресу қаншалықты пәрменді болғанымен, оның алдын алу шараларына келгенде әлі де ақсап жатқан тұстарымыз бар. Қоғамымызға жабысқан бұл дертпен күресу негізінен құқық қорғау органдарына жүктелген. Алайда, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында сыбайластыққа жол беретін жағдайлар да орын алып жатады. Ел аузындағы «Ет бұзылса тұз себеміз, тұз бұзылса не себеміз?» деген нақыл осындайда айтылса керек. Тіпті, сорақысы сол халыққа қызмет ететін мемлекеттік қызметшілер арасында да мұндай деректер кездесуде.
АҚПАРАТ 21 желтоксан 2013 г. 1 050 0
ЖАЛҒАН ДИПЛОММЕН ЖҮР ЕКЕН...

ЖАЛҒАН ДИПЛОММЕН ЖҮР ЕКЕН...

Қызылорда облыстық Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тәртіптік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңесте Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік тәжірибе инспекторы Б.Исмайловтың, Қазалы ауданы Тасарық ауылдық округ әкімінің міндетін уақытша атқарушы А.Бөлебайдың, Сырдария ауданы Шіркейлі ауылдық округінің әкімі Ғ.Бихожаның тәртіптік ісі қаралды.
АҚПАРАТ 21 желтоксан 2013 г. 1 213 0

КҮРІШ КЛАСТЕРІНІҢ КЕЛЕШЕГІ ЗОР

Бүгінде Қазақстанның, соның ішінде біздің облыстың экономикалық тұрғыдан дамуы өркен жайып келеді. Атап айтқанда, қазір облыста көптеген өндіріс орындары ашылып, түрлі салаларды ілгері жылжыту қадамдары қолға алынуда. Дегенмен де әр өңірдің өзіндік ерекшелігі болатыны да рас. Осы орайда өңірімізде тау-кен металлургия мен туристік кластерлерді дамытуды қолға алып отырған «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының қызметі бөле айтуға тұрарлық. Соның бастысы, облыста негізгі дақыл саналатын күріш шаруашылығын дамыту. Жақында ғана облыста өткізілген «Байқоңыр» инвестициялық форумында бұл мәселеге кеңінен көңіл бөлінді. Дегенмен де, күріш кластерін дамытуда нендей жаңалықтар бар? Осындай сауал төңірегінде біз «Байқоңыр» ӘКК ҰК АҚ басқарма  төрағасының орынбасары Асхат Сүлейменовті әңгімеге тартқан едік.
ДӘУЛЕТ 21 желтоксан 2013 г. 1 941 0