Қызылордалық кеденшілер ғана емес, есірткінің заңсыз айналымымен күресетін бірқатар құқық қорғау органдарының сенімді жәрдемшісі – «Бэтти» кезекті жедел іздестіру сапарынан олжалы оралды.
ҚОҒАМ
21 қараша 2013 г.
957
0
Сырдария ауданына қарасты Аманкелді ауылы орталығында сонау 1938 жылдан бері халыққа қызмет жасап тұрған ауылдық аурухана бар болатын. Бұл аурухана тек аманкелділік тұрғындарға ғана емес, көршілес Жетікөл, Айдарлы, Бесарық ауылдары тұрғындарын да емдейтін. Түрлі себептермен соңғы екі жылдай мерзімде аурухана жабылып қалған-ды. Ауырған жандар сонау Тереңөзек кентінде орналасқан аудандық ауруханаға, облыс орталығына сабылып, әбден әбігерге түсті. Жасыратыны жоқ, облыс, аудан әкімдіктеріне жаңа басшылар келген соң ауыл халқының жанайқайы солардың құлағына жетті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен аудандық аурухана жанындағы ауылдық аурухана болып құрылып, осы жылғы қыркүйектен бастап жұмыс жасап жатыр.
ҚОҒАМ
21 қараша 2013 г.
1 151
0
Жуырда Шиелі ауданының Алмалы ауылында ауыл жастарына арналған спорт кешені ашылды.
АҚПАРАТ
21 қараша 2013 г.
1 230
0
Облыстық баспасөз клубында қысқы спорт түрлерін дамыту мәселелеріне байланысты сала мамандары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жүздесті. Оған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев, «Мұз айдыны» көпсалалы спорт кешені директорының орынбасары Ермек Көкетов, бапкерлер – Елена Назаренко, Болат Қаржаубаев және Расима Жавзмагина қатысты.
АҚПАРАТ
21 қараша 2013 г.
1 164
0
Қазір Қызылордада тұрамын. Үйім мен қызмет орным қаланың Орталық алаңына жақын болғандықтан көпшілік демалатын орын болған бұрынғы «Еңбек аллеясы» маңында серуендеп жиі жүремін. Студент жастар, әсіресе қыздарымыз, қарсы не кесе-көлденең келіп қалғаныңда 2-3 метрдей жерден кідіріп, бізді өткізіп барып жүрісін жалғастырады. Ізеттілігіне риза болып, «бақытты бол, айналайын», «көп жаса» деп жас кезімізде үлкендердің бізге берген батасын енді өзіміз беріп, жастарымыздың қылығына марқайып қаламыз.
ҚОҒАМ
21 қараша 2013 г.
1 695
0
Өткен аптаның жұма күні облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты облыстық байқау болып өтті. Оның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген орыс жастарын анықтау және оларды ынталандыру, ҚР мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстан Тәуелсіздігінің нышаны ретіндегі мемлекеттік тілге деген құрметті қалыптастыру және қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту мен оның беделін арттыру. Байқауға 14-22 жас аралығындағы Қызылорда қаласы мен аудандарда өткен байқаулардың жеңімпаздары қатысты.
РУХАНИЯТ
21 қараша 2013 г.
1 086
0
Облыстық тәртіптік кеңестің оныншы отырысында үш мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша кеңес хатшылығының меңгерушісі Нұрлан Әбдікәрімов бірқатар мемлекеттік органдардағы тәртіптік комиссиялар жұмыстарында орын алған кемшіліктерді тілге тиек етті. Оған Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданы әкімдерінің аппарат жетекшілері А.Есжанов пен Қ.Бержанов, облыстық сот актілерін орындау департаментінің басшысы Д.Жанзақов түсінік берді. Бірақ, соңғы шенеунік мемлекеттік тілге пысқырмайтынын байқатты.
ҚОҒАМ
21 қараша 2013 г.
2 179
0
Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының мәжіліс залында Қазақстан Коммунистік халық партиясы облыстық комитетінің ұйымдастыруымен «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуының жаңа индикаторлары» тақырыбында қоғамдық тыңдау өткізілді. Оған ҚР Мәжіліс депутаты Галина Баймаханова, саяси партиялар мен мемлекеттік органдардың және мемлекеттік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
АҚПАРАТ
21 қараша 2013 г.
1 022
0
Осы аптаның сейсенбі және сәрсенбі күндерінде Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада «Интернет кеңістігін тиімді пайдаланудың негізгі әдістері мен тәсілдері» тақырыбында семинар өткізілді. Оны облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды. Аталмыш шараға жергілікті басқармалар мамандары және аймаққа белгілі блогерлер қатысты.
АҚПАРАТ
21 қараша 2013 г.
2 206
0
Жақында баспасөз клубында облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Б.Ертаев пен төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі Ғ.Төрешовтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізілді.
АҚПАРАТ
21 қараша 2013 г.
1 369
0