«БЭТТИДІҢ» КЕЗЕКТІ ОЛЖАСЫ

Қызылордалық кеденшілер ғана емес, есірткінің заңсыз айналымымен күресетін бірқатар құқық қорғау органдарының сенімді жәрдемшісі – «Бэтти» кезекті жедел іздестіру сапарынан олжалы оралды.
Сонымен, №377 «Алматы-Маңғышлақ» бағытындағы жолаушылар пойызының жолаушысы А.Қ. қол жүгімен бірге құны қара базарда алтынмен бағаланатын бірнеше жүз грамм «кептірілген марихуананы» діттеген жеріне жеткізе алмады. Оған кедергі болған облыс бойынша кедендік бақылау департаментінің есірткіге еліткендерді тап бастырмайтын қызметтік иісшіл иті – «Бэтти».
Сот-сараптама қорытындысы бойынша Қызылорда стансасы желілік ішкі істер бөлімі қозғаған әкімшілік іс сотқа жолданды.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.

ҚОҒАМ 21 қараша 2013 г. 918 0