Биыл екінші рет тойланатын 1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі тарихи маңызға ие оқиғаның бірінен саналады. Өйткені, бұл мереке «Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін салушы Тұңғыш Президенттің орасан зор үлесін ескере отырып» қабылданған. Бұл заңды қабылдау кезінде ел Парламенті «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, Конституциясын, адам мен азаматтардың құқықтарын және бостандығын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылады. Елбасы Н.Назарбаевтың жетістіктері Қазақстан халқының орасан зор шынайы құрметі мен сеніміне ие болды. Осыған орай аталған заңның қабылдануы арқылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Республикаға сіңірген зор ғаламат еңбегі танылады. Заңды қабылдау мемлекетіміздің азаматтарының отаншылдық рухын арттыра түседі» деп атап көрсеткен еді. Бұл мереке – Қазақстанның Тұңғыш Президентінің құрметі үшін ғана емес, президенттік басқарудың тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңыздылығы ескеріле отырып қабылданғанын да атап өтуіміз керек. Мемлекеттік мерекенің ел тарихын айқындаған оқиғаның құрметі үшін аталып өтілетіндігі де осыдан. Бұл күнді мерекеге айналдыру арқылы сол бір күннің маңыздылығын тағы бір еске аламыз, жаңа деректермен танысамыз, мерекелік көңіл-күйде боламыз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / ҚОҒАМ
30 қараша 2013 г.
1 790
0
Тәуелсіз Қазақстанның болашақ тағдырын айқындаған кезеңдердің бірі – астананың Сарыарқа төсіне ауысқан кезі. Елбасының бас қаланы Ақмолаға көшіру туралы идеясы салған жерден іске асты деуге болмайды. Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың әлі оңала қоймаған тұсында астананы ауыстыру бастамасы қоғамнан бірден қолдау таппады. Бірақ Елбасының табандылығы арқасында Арқа төсінде әсем шаһар бой көтерді. Бүгінде "Астана, Елбасы, Тәуелсіздік” ұғымдары бір-бірімен қабысып кетті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / ҚОҒАМ
30 қараша 2013 г.
1 793
0
«ЭКСПО» көрмесі – жаһандық ауқымдағы оқиға. Оны маңыздылығы жағынан ірі экономикалық форумдармен, туристік тартымдылығы бойынша әлемдегі ең танымал спорттық ойындармен салыстыруға болады. Көрме біздің елімізге ірі инвестиция тартуға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ, «ЭКСПО» көрмесін өткізу арқылы Қазақстан «жасыл экономиканы» дамытуға тікелей септігін тигізетін жаңа технология мен инновация алады, – деді Мемлекет басшысы жуырда өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ
30 қараша 2013 г.
1 327
0
Өткен ХХ ғасыр саяси қақтығыстарға, әлемді билеуге ұмтылған екі қарама-қайшы жүйенің бітіспейтін күресіне толы болды. Әлем жұртшылығы адамзат баласына өлшеусіз қайғы-қасірет әкелген екі дүниежүзілік соғысты бастан өткерді. Ғасыр басындағы революциялық төңкеріске әкеліп соқтырған қазан төңкерісі, одан кейін тап күресінің шиеленісуінен болған бірнеше миллиондаған адамдардың өмірін қиған трагедиялық оқиғаларды аға ұрпақ өкілдері әлі жадынан шығара қойған жоқ. ХХІ ғасырдың басы әлемдік ауқымдағы соғыс қасіретінен айналып өткенімен, бүгінгі қауіп-қатерлердің мазмұны мен сипаты басқа бағытта өрбиді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылдың соңында халыққа арнаған Жолдауында егжей-тегжейлі талдап көрсеткен болатын. Қазақстан Президенті өз Жолдауында ХХІ ғасырдың сын-қатерлері ретінде жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі, судың тапшылығы, жаһандық энергетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы туралы мәселелерді қамтыған болатын.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / ҚОҒАМ
30 қараша 2013 г.
1 426
0
Бүгінде жас болса да, белгілі режиссер атанған жерлесіміз Рустем Жарасқанұлы Әбдірашев есімі көпшілікке жақсы таныс. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шығармалары негізінде «Балалық шағымның аспаны», «Отты өзен», «Теміртау» кинотуындыларын өмірге әкелген Рүстем елге таныла бастады. Жақында Сыр еліне арнайы сапармен келген «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, режиссер Рүстем Әбдірашевпен сұхбаттасудың сәті түсті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / РУХАНИЯТ
30 қараша 2013 г.
2 118
0
Әр келгенімде гүлдене түскеніне куә болып жүрген Астана қаласы – Қазақстанның динамизмі мен Президент Назарбаев мырзаның көрегенділігін бейнелейтін ең үлкен туынды. Астананың құрылыс жұмыстарына түрік фирмалары мен жұмысшыларының да үлес қосуын түрік-қазақ ынтымақтастығының ең әсем нышандарының бірі деп білеміз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ
30 қараша 2013 г.
1 069
0
Жақында Қармақшы аудандық мәдениет үйінде шоқтығы биік өнер иесі, шырқау дауысты жырау, әрі сазгер, суырып салма ақын, яғни Сыр сүлейі – Тұрымбет Салқынбайұлының туғанына 145 жыл толуына орай «Жыраулар үйінің» ұйымдастыруымен «Тұрымбет жыр атасы» тақырыбында облыстық жыршы, жыраулар фестивалі өтті.
РУХАНИЯТ
30 қараша 2013 г.
2 079
0
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.
ҚОҒАМ
30 қараша 2013 г.
2 578
0
Аптаның басында облыстық спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев БАҚ өкілдерімен кездесіп, саладағы атқарылған жұмыстар жайлы толық мағлұмат берді.
ДОДА
30 қараша 2013 г.
1 303
0
Жуырда Шиелі, Жаңақорған аудандарында жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын алуға электрондық өтініштерді қабылдау және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мәселелері қаралған семинар болып өтті. Оны облыстық жылжымайтын мүлік орталығы РМҚК-ның ұйымдастырды.
ҚОҒАМ
30 қараша 2013 г.
1 089
0