ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАС, ІЗГІ ІЛТИПАТ

ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАС, ІЗГІ ІЛТИПАТӘр келгенімде гүлдене түскеніне куә болып жүрген Астана қаласы – Қазақстанның динамизмі мен Президент Назарбаев мырзаның көрегенділігін бейнелейтін ең үлкен туынды. Астананың құрылыс жұмыстарына түрік фирмалары мен жұмысшыларының да үлес қосуын түрік-қазақ ынтымақтастығының ең әсем нышандарының бірі деп білеміз.
Абдулла ГҮЛ,
Түрік Республикасының Президенті.
***
Қазақстан Президентінің көреген саясаты болмағанда, бұл өңірдегі халық әлі күнге дейін сынақтардан зардап шегіп отыруы мүмкін еді. Сіздің Орталық Азияда ядролық қарудан ада аймақ құру бастамаңызбен Солтүстік жарты шарда ондай аумақ тұңғыш рет құрылғанын зор ризашылықпен айта аламын.
Пан Ги МУН,
БҰҰ Бас хатшысы.
***
Астана Саммитінің өткізілуі Нұрсұлтан Назарбаев бағындырған ең биік белес болып табылады. Ол бұл белесті жоғары етіп қойды және ондағы өзінің міндеттемелерін тамаша орындап шықты. Мен ЕҚЫҰ-ның саммиттеріне осымен үшінші рет қатысқан саясаткермін. Мұндай жоғары өткен жиынды әлі көргенім жоқ.
Мен Нұрсұлтан Әбішұлына, өзге де саясаткерлер айтқанындай, бұл Саммит жұмысы барлық сегменттер бойынша керемет ұйымдастырылғанын атап көрсетемін. Неткен тамаша үдеріс, шенеуніктер, қауіпсіздік қызметі, журналистер – бәрі де шынайы достық ниетте қонақжайлылық танытты. Саммит жұмысына ешкім де кедергі жасамады. Біз Қазақстаннан үйренуіміз керек.
Александр ЛУКАШЕНКО,
Беларусь Республикасының Президенті.
***
Ашық-жарқындығы, шыншылдығы, тартымдылығы, адамға деген сүйіспеншілігі – мұның бәрі де Нұрсұлтан Әбішұлының табиғатына тән қасиеттер. Қазақ жұртының, елінің көп ұлтты халқының алдындағы, тарихтың алдындағы жоғары жауапкершілік сезімі оның бойынан әманда ажыраған емес.
Ол ұлы ұйымдастырушы ретінде Қазақстанды кеңестен кейінгі кеңістіктің дамыған мемлекеттерінің біріне айналдырды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы табыстары тағылым аларлық. Нағыз басшы ғана осындай нәтижелерге жете алады, бұл жағынан алғанда, Нұрсұлтан Әбішұлы өз халқының даусыз басшысы.
Эмомали РАХМОН,
Тәжікстан Республикасының Президенті.
***
Корея Қазақстанмен кең ауқымды ынтымақтастықты кеңейтуге әзір. Қазақстан Орталық Азиядағы белді мемлекет болып табылады, ал, Нұрсұлтан Назарбаевты мен әлемдік деңгейдегі көшбасшы деп білемін. Оның басшылығымен Қазақстан дамудың қайран қаларлық биігіне көтерілді.
Ли Мен БАК,
Корея Республикасының Президенті.
***
Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевты біздің замандастарымыздың ұлы құрылысшыларының бірі деп есептеймін. Ол мемлекетті қалыптастырды, ол көрікті астананы туғызды, ол Қазақстанның болашағын қалыптастыруда.
Шимон ПЕРЕС,
Израиль Президенті.
***
Қазақстанда этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтудың бірегей үлгісін қалыптастырудағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін ерекше атап өткім келеді. Біздер,  қырғыздар бауырлас қазақ ағайындардан үлгі алуымыз керек.
Алмазбек АТАМБАЕВ,
Қырғызстан Президенті.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 30 қараша 2013 г. 1 069 0