Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің конференц-залында «Менің Президентім» атты тақырыпта ашық лекция тыңдалды. Бұл шараға қаладағы мемлекеттік органдар мен кәсіпорын өкілдері, үздік оқитын жоғарғы сынып оқушылары, мектеп директорларының орынбасарлары, «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалының Саяси Бюро мүшелері қатысты. Лекцияда Нұрсұлтан Әбішұлының өмірбаяны, қызметі туралы айтылды.
ҚОҒАМ
30 қараша 2013 г.
1 286
0
Жазылу мерзімінің басталғанына көп уақыт өткен жоқ. Алайда ауданда 2014 жылдың І жартыжылдығына «Сыр бойына» 3500 адам жазылып үлгерді. Қалыптасқан дағдымен қазалылықтар бұл жолы да ұйымшылдық танытты. Ең қуаныштысы, оқырмандардың арасында тек бюджеттік қызметкерлер ғана емес, жастар, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, депутаттар да баршылық.
АҚПАРАТ
30 қараша 2013 г.
996
0
Отандық тарихтың өзекті мәселелеріне байланысты келелі істің басталғанына біршама уақыт өтті. Бұқаралық ақпарат құралдарының белсенділігі арқасында қалың жұртшылық қазақ тарихының бейтаныс қырларынан біршама дерек пен дәйек алды. Алыс-жақын шет елдер мұрағаттарынан бірқатар тарихи қолжазбалар жеткізілді. Және осы сынды сан шаруа қолға алынды. Біздіңше, басым бағытты ұлттық тарихымызды зерттеу мен білікті оқытылуына беру қажет.
ҚОҒАМ
30 қараша 2013 г.
2 741
0
Арал топырағындағы Бөген жерінде туып, теңіз жағалап, көк толқынмен жарыса ойнап өскен қара домалақ бала, бүгінде елге белгілі ғалым, азамат, ұстаз. Жерлесіміздің ғылымдағы, қоғамдық өмірдегі жеткен табыстары мақтанышпен айтып, көңіл марқайтуға жарап жатса, бұл бір ғанибет емес пе!
ТАНЫМ
30 қараша 2013 г.
2 190
0
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің басты Заңы Конституцияның кепілі ретінде азаматтардың конституциямен жария етілген құқықтарын қорғау мәселесіне айрықша мән бере отырып, «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасында негізгі бағыттардың бірі ретінде айқындап берді.
ҚОҒАМ
30 қараша 2013 г.
1 091
0
Егемендік алған күннен бастап еліміздің алдында жаңа мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастыру міндеті қойылғаны белгілі. Елбасы 2011 жылдың 21 шілдесінде Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі тұжырымдамасын бекітіп, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді мемлекеттік қызметшіні азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық және әдептілік танытуға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсетудің үлгісі болуға, кадрларды туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге міндеттейтін нормалар нақтыланған.
ҚОҒАМ
30 қараша 2013 г.
3 246
0
Сыр өңірінің өсіп-өркендеуіне ересен еңбек етіп жүрген ағаларымыз аз емес. Солардың бірі де бірегейі – кезінде комсомол, кеңес, партия, ішкі істер органдары мен облыс әкімдігінде табаны күректей 10 жыл қалтқысыз қызмет еткен Қожамжар Ыбырайұлы Наурызбаев. Бүгінде Қожекең облыстық сайлау комиссиясының хатшысы қызметін абыройлы атқарып келеді. Сыр елінің тұрғындары оған «Сайлау ісінің академигі» деген ат қойып, айдар таққан. Содан да Қожамжарды білмейтіндер кемде-кем болар.
ТАҒЫЛЫМ
30 қараша 2013 г.
1 301
0
Тұңғыш Президент күні қарсаңында ҚР ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасында жаңадан келген жас қызметкерлердің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты шараның ашылуында сөз алған басқарма басшысы, полиция подполковнигі Пазылбек Нәлібаев жас полиция қызметкерлерін құттықтап, халыққа мінсіз қызмет ететіндіктеріне сенім білдірді.
АҚПАРАТ
30 қараша 2013 г.
1 681
0
Қалада Тұңғыш Президент күні мерекесі кең көлемде мерекеленуде. Атаулы күнді және Тәуелсіздік мейрамын атап өту мақсатында 20 қарашадан бастап қалада айлық жарияланды. Мемлекеттік мерекелер аясында қала аумағында 60-қа жуық түрлі үлгідегі көпшілік іс-шаралар өткізіледі деп жоспарлануда. Негізгі шара 22 қараша күні қала жастарының форумымен басталды.
АҚПАРАТ
30 қараша 2013 г.
1 134
0
Баршаға белгілі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өңірімізде «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы қолға алынып, ол сәтті аяқталды. Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған жобаның алғашқы кезеңінде облыс аумағында кешенді жұмыстар жүзеге асырылды. Енді бүгінде Сыр елі халқы үшін маңызы зор бұл бірегей жобаның екінші кезеңін іске асыру жұмысы қолға алынды. Бұл маңызды жобаларды Бүкілдүниежүзілік Даму банкі мен ҚР Үкіметі қаржыландырып келеді.
ҚОҒАМ
30 қараша 2013 г.
1 961
0