Тәуелсіздік алған кезеңдегі ел өмірі қилы-қилы қиындықтарға толы болды. Бір қоғамнан екінші дәуірге алмасып жатқан аласапыран уақытта Елбасының идеясымен еліміздің саяси-экономикалық әлеуетін көтеретін білікті кадрлар дайындауды мақсат еткен «Болашақ» бағдарламасы өмірге келді. Мұндай озық тәжірибені біздің ел ТМД-да бірінші болып енгізді. 1993 жыл еліміз тәуелсіздікке жаңа қол жеткізіп, барлық тұғырлы заңдық қалыптарымыз өзгеріп жатқан кез еді. Бізге ең алдымен құқықтану, саясаттану мамандары қажет болды. Ұлттық заңнаманы түзу мен ел экономикасын көтеру мақсаты қатар тұрды. Осыған орай «Болашақтың» алғашқы легімен халықаралық қатынас, экономика мен қаржы саласындағы егемен Қазақстан үшін қажетті халықаралық деңгейдегі мамандардың бастапқы буыны даярланды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ
28 қараша 2013 г.
1 590
0
Еліміздің еңсесін тіктеп, болашағы жарқын мемлекет болып қалыптасуына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сіңірген еңбегі өлшеусіз. Содан да Елбасымыздың қазақ тарихына алтын әріппен жазылып қалар өнегелі өмір жолын бүгінгі және кейінгі ұрпақтарға ұлағат ету – бізге парыз. Осыған орай белгілі кинорежиссер, жерлесіміз Рүстем Әбдірашевтан Елбасымыздың балалық бал дәурені мен жастық шағынан сыр шертетін «Балалық шағымның аспаны» көркем фильмі көрермендер көзайымына айналды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / РУХАНИЯТ
28 қараша 2013 г.
1 614
0
Сыр өңірінде туып, алты Алашқа әуезі тараған, тума дарын, туы биік жырау Елмұра Жаңабергенованың есімі халық мұрасымен мұраттас. Себебі ол қайталанбас туындыларды дүниеге келтірген өнер иелері – жыраулар жақұтын кеудесіне моншақтай тізіп таққан талант, дүрлер мен сүлейлердің алтын сынығы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / РУХАНИЯТ
28 қараша 2013 г.
1 278
0
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 13 маусымдағы Заңымен «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) енгізілген бірқатар өзгерістер мен толықтырулар қатарында Заңның 8-бабына енгізілген «1-1. Мәслихаттар жылына кемінде бір рет халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп береді.
АҚПАРАТ
28 қараша 2013 г.
1 727
0
Облыс әкімдігінің мәжіліс залында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев үш адамды ажалдан арашалап қалған қала тұрғыны Бақыт Сүлейменовті қабылдады.
ҚОҒАМ
28 қараша 2013 г.
1 406
0
Қызылорда облыстық прокуратурасы әкімшілік-полиция басқармасының құрамы мен денсаулық сақтау құрылымдарының жауапты қызметкерлерінің басын қосып көшпелі алқа мәжілісін өткізді. Мәжіліске облыс прокуроры С.Нұрпейісов және ОІІД бастығы Ж.Бақтыбаев қатысты.
ҚОҒАМ
28 қараша 2013 г.
1 254
0
Мәдениет орталығында облыстық мәслихат хатшысы Бекмырза Еламанов, облыстық мәслихат депутаттары Ибадулла Тілеп және Құлпыбай Ысқақпен өткен жүздесуге жұртшылық көп жиналды. Есепті мерзімде атқарылған жұмыстарды, келешекте шешімін табуға тиісті түйіндерді сайлаушыларға бүкпесіз жеткізген Бекмырза Қайыпұлы жиналғандарды ашық әңгімеге шақырды. Алқалы жиынды Қазалы аудандық мәслихатының хатшысы Талайлы Бөріқұлақов ашып, жүргізіп отырды.
АҚПАРАТ
28 қараша 2013 г.
1 042
0
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті.
АҚПАРАТ
28 қараша 2013 г.
1 190
0
Жақын уақытта облыс тұрғындары теледидарды ең жоғары сапада тегін көре алады. Жылдың соңына дейін сандық телехабар тарату желісі еліміздің барлық облыс орталықтарында іске қосылады. Оның ішінде Қызылорда қаласында да бар. Осы бағытта хабар таратуға көшу жұмысының барысы мен жаңа желіге қосылу үшін қандай іс-шаралар атқару қажет? Осы жөнінде «Қазтелерадио» АҚ облыстық телерадио хабар тарату дирекциясы директорының орынбасары, сату бөлімі бастығының міндетін атқарушы Абилаев Өркен Қарасайұлымен әңгімелестік.
ҚОҒАМ
28 қараша 2013 г.
1 832
0