«Алтын бесік» – туған жер СҮТТІҚҰДЫҚ АУЫЛЫ

«Алтын бесік» – туған жер СҮТТІҚҰДЫҚ АУЫЛЫ

Ауыл – бізге дейінгі сан толқын ұрпақтардың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекен. Дүниеде ең құдіретті Ана болса, ауыл да барлық халықтың анасы. Ауыл – адамдардың бойына нәр құятын алтын бесігі. Ұлттық рухтың қуат алар қайнар көзі – туған жер. Ауыл көркейсе халық өмірі жақсарады. Әлеуметтік жағдайы көтеріледі. Ауыл төсінде жайқалып егін өссе, жайылып мал өрсе – ауылдың сәні кірмей ме? Ауыл – қазақ халқының алтын ордасы, салт-дәстүрі, өлең-жыры, өнерімен мәдениеті. Сөз өнерін өрнектеген ақындар, ән өнерін әуелеткен сазгерлер мен күйшілер, аты аңызға айналған даналар да қарашаңырақтан қуат алған. Әр адам үшін туған жер ыстық болады. 
ТАНЫМ 21 қараша 2013 г. 5 107 0
ЖЕЛ БОЛУЫ МYМКІН

ЖЕЛ БОЛУЫ МYМКІН

"Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша, 2013 жылдың 21-23 қараша күндері Қызылорда облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қараша 2013 г. 1 087 0
«БЭТТИДІҢ» КЕЗЕКТІ ОЛЖАСЫ

«БЭТТИДІҢ» КЕЗЕКТІ ОЛЖАСЫ

Қызылордалық кеденшілер ғана емес, есірткінің заңсыз айналымымен күресетін бірқатар құқық қорғау органдарының сенімді жәрдемшісі – «Бэтти» кезекті жедел іздестіру сапарынан олжалы оралды.
ҚОҒАМ 21 қараша 2013 г. 957 0
АУРУХАНА ҚАЙТА АШЫЛДЫ

АУРУХАНА ҚАЙТА АШЫЛДЫ

Сырдария ауданына қарасты Аманкелді ауылы орталығында сонау 1938 жылдан бері халыққа қызмет жасап тұрған ауылдық аурухана бар болатын. Бұл аурухана тек аманкелділік тұрғындарға ғана емес, көршілес Жетікөл, Айдарлы, Бесарық ауылдары тұрғындарын да емдейтін. Түрлі себептермен соңғы екі жылдай мерзімде аурухана жабылып қалған-ды. Ауырған жандар сонау Тереңөзек кентінде орналасқан аудандық ауруханаға, облыс орталығына сабылып, әбден әбігерге түсті. Жасыратыны жоқ, облыс, аудан әкімдіктеріне жаңа басшылар келген соң ауыл халқының жанайқайы солардың құлағына жетті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен аудандық аурухана жанындағы ауылдық аурухана болып құрылып, осы жылғы қыркүйектен бастап жұмыс жасап жатыр.
ҚОҒАМ 21 қараша 2013 г. 1 151 0
АЛМАЛЫДА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

АЛМАЛЫДА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Жуырда Шиелі ауданының Алмалы ауылында ауыл жастарына арналған спорт кешені ашылды. 
АҚПАРАТ 21 қараша 2013 г. 1 230 0
«МҰЗ АЙДЫНЫНА» МАМАНДАР ҚАЖЕТ

«МҰЗ АЙДЫНЫНА» МАМАНДАР ҚАЖЕТ

Облыстық баспасөз клубында қысқы спорт түрлерін дамыту мәселелеріне байланысты сала мамандары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жүздесті. Оған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев, «Мұз айдыны» көпсалалы спорт кешені директорының орынбасары Ермек Көкетов, бапкерлер – Елена Назаренко, Болат Қаржаубаев және Расима Жавзмагина қатысты.
АҚПАРАТ 21 қараша 2013 г. 1 164 0
ЖАСТАР БОЙЫНДАҒЫ ЖАТ ҚЫЛЫҚТАРҒА ТОҚТАУ САЛАЙЫҚ

ЖАСТАР БОЙЫНДАҒЫ ЖАТ ҚЫЛЫҚТАРҒА ТОҚТАУ САЛАЙЫҚ

Қазір Қызылордада тұрамын. Үйім мен қызмет орным қаланың Орталық алаңына жақын болғандықтан көпшілік демалатын орын болған бұрынғы «Еңбек аллеясы» маңында серуендеп жиі жүремін. Студент жастар, әсіресе қыздарымыз, қарсы не кесе-көлденең келіп қалғаныңда 2-3 метрдей жерден кідіріп, бізді өткізіп барып жүрісін жалғастырады. Ізеттілігіне риза болып, «бақытты бол, айналайын», «көп жаса» деп жас кезімізде үлкендердің бізге берген батасын енді өзіміз беріп, жастарымыздың қылығына марқайып қаламыз. 
ҚОҒАМ 21 қараша 2013 г. 1 695 0
ҚАЗАҚШАСЫ КЕЛІСТІ ЖАСТАР

ҚАЗАҚШАСЫ КЕЛІСТІ ЖАСТАР

Өткен аптаның жұма күні облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл – халық жанын танудың кілті»  атты облыстық байқау болып өтті. Оның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген орыс  жастарын анықтау  және оларды ынталандыру, ҚР мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстан Тәуелсіздігінің нышаны ретіндегі мемлекеттік тілге деген құрметті қалыптастыру және қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту мен оның беделін арттыру. Байқауға 14-22 жас аралығындағы Қызылорда қаласы мен аудандарда өткен  байқаулардың жеңімпаздары қатысты. 
РУХАНИЯТ 21 қараша 2013 г. 1 086 0
ҚЫЗМЕТІН АСЫРА ПАЙДАЛАНҒАНДАР ҚЫЗМЕТІМЕН ҚОШТАСАТЫН ТҮРІ БАР

ҚЫЗМЕТІН АСЫРА ПАЙДАЛАНҒАНДАР ҚЫЗМЕТІМЕН ҚОШТАСАТЫН ТҮРІ БАР

Облыстық тәртіптік кеңестің оныншы отырысында үш мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша кеңес хатшылығының меңгерушісі Нұрлан Әбдікәрімов бірқатар мемлекеттік органдардағы тәртіптік комиссиялар жұмыстарында орын алған кемшіліктерді тілге тиек етті. Оған Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданы әкімдерінің аппарат жетекшілері А.Есжанов пен Қ.Бержанов, облыстық сот актілерін орындау департаментінің басшысы Д.Жанзақов түсінік берді. Бірақ, соңғы шенеунік мемлекеттік тілге пысқырмайтынын байқатты.
ҚОҒАМ 21 қараша 2013 г. 2 179 0
ЖЕРАСТЫ СУЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ МОЛ

ЖЕРАСТЫ СУЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ МОЛ

Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының мәжіліс залында Қазақстан Коммунистік халық партиясы облыстық комитетінің ұйымдастыруымен «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуының жаңа индикаторлары» тақырыбында қоғамдық тыңдау өткізілді. Оған ҚР Мәжіліс депутаты Галина Баймаханова, саяси партиялар мен мемлекеттік органдардың және мемлекеттік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
АҚПАРАТ 21 қараша 2013 г. 1 022 0