Қыркүйек айында ҚР Үкіметі мен «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП бірлесіп, Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құру туралы шешім қабылдаған болатын. Ұлттық палата кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және мүдделеріне өкілдік етуді, өңірлердегі кәсіпкерлік қызмет жағдайының қоғамдық мониторингін жүргізуді қолға алмақ.
АҚПАРАТ
16 қараша 2013 г.
1 030
0
Бейсенбі күні облыс әкімдігінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен еліміздің «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасын іске асыруға байланысты кеңейтілген мәжіліс өткізілді. Онда облыстың экологиялық ахуалына қатысты бес мәселе қаралды.
АҚПАРАТ
16 қараша 2013 г.
1 151
0
Екі күнге созылған екінші «Байқоңыр» инвестициялық форумының алғашқы бөлігі облыс орталығында өткізілсе, келесі күні жиын Байқоңыр қаласында жалғасты. Онда қала әкімшілігі басшысының міндетін атқарушы Анатолий Петренко шетелдік және отандық инвесторларға қаланың даму перспективалары туралы айтып берді. Ғарышты қаланың индустриалдық және инновациялық даму мүмкіндіктері таныстырылған басқосуда ежелден жер кіндігі саналып келген Байқоңыр кешенінің туристік әлеуеті де тақырыпқа тамызық болды. Аталған ғарыш айлағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде көрсетілетін нысандардың қатарына кіргені мәлім. Сондықтан жиында туризм саласын, яки Байқоңыр брендін дамыту мәселесі де кеңінен талқыланды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ
16 қараша 2013 г.
3 374
0
Кеше Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында Ерсайын Төлеубайдың «Абай» спектаклінің премьерасы болды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / РУХАНИЯТ
16 қараша 2013 г.
1 957
0
«АзовАралАгромаш» біріккен кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз өндірісінің ауқымын кеңейте түсуде. Соның бір айғағы болса керек, серіктестік бүгіндері Сербия елінің Белград қаласындағы индустриалды машиналар мен тракторлар (ІMT) зауытымен бірлескен жаңа тракторларды құрастырып, шығаруды қолға алды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ
16 қараша 2013 г.
1 221
0
Дана халқымыз «Аққан су астындағы топырағына қарай лайланып тазарады, адам барлық асыл қасиетін туған жердің топырағынан алады» дейді. Туған жердің топырағы киелі. Ол бірнеше ғасырдан бері ата-бабаның қан-терімен тұздықталған. Сол туған жердің топырағында бүгінгі ұрпақтың да ризығы жатыр. Сондықтан атамекенді аялау ұрпақ алдындағы парызымыз. Жаратушы иеміз төменгі Сыр елінің несібесін жердің бетінен де, астынан да мол етіп берді. Кеңес дәуірінде оған қаржы мен техника аямай төгілді. Құнарлы жерді аздырып, өндірген мол өнімге құнықтық. «Табиғаттың бермесін тартып алып, Қызылорданың сапалы күрішімен Одақ халқын қамтамасыз етеміз» деген жалаң ұранмен табиғатты қиратып, экология дағдарысына тап болдық.
ҚОҒАМ
16 қараша 2013 г.
3 728
0
Өзім айрықша қадір тұтып, құрметтейтін Есқожа Бергенбаев туралы мақаланың тақырыбын ұзақ ойландым. Мұны оқығанда болмысынан қарапайым, көзіне мақтаса, өзін қоярға жер таппай ыңғайсызданатын Есағаңның не дейтінін алдын ала сезіп отырмын. Жауабымды да дайындап қойдым. "Есаға, Құмкөл мұнайын игерудегі сіздің еңбегіңізге лайықты баға беретін уақыт жетті. Ол туралы біз айтпағанда, кім айтады?”
ТАҒЫЛЫМ
16 қараша 2013 г.
1 262
0
Жалпы негізгі тарих үшін кешірімді жайт – ресми тарихтың бір басылымында аталмай, екінші бір басылымында осы бекініс маңындағы жайттарды ғана шолып шығатын аласапыран оқиғаларға толы ХІХ ғасырдағы Хиуа мен қазақ арақатынасындағы түйінді бір оқиға бар. Ол – қазақтардың Сырдың төменгі етегінде орналасқан Хиуа наибы Бабажан бекінісін талқандауы.
ТАНЫМ
16 қараша 2013 г.
2 163
0
Қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дертті диабет деп атайды. Бұл аурумен жас та, орта жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе, жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады.
ҚОҒАМ
16 қараша 2013 г.
2 899
0
Аққан жұлдыздай жарқ етіп, жалт беретін баянсыз өмір-ай десеңізші! Байырғы жорналшы, апайтөс ақын, сұңғыла сықақшы, ақжүрек азамат Жанұзақ Қожабергеновтың бақилық болғанына да қырық күн болып қалыпты. Досымның қазасы жайлы суық хабар жеткен күні байыз таппай менің үрейлі кеудемнен қиқулап ұшқан бозөкпе сезім жаралы жапалақтай күнделік бетіне құлдырап құлай берген еді. Сол көбелек күйдің күнәсіз кейпін Сіздің кенерелі құзырыңызға ұсынуды жөн көрдім. Жанұзақтың жаны жаннатта болсын!
ТАҒЫЛЫМ
16 қараша 2013 г.
1 284
0