БОЛАШАҒЫ МОЛ БАҒДАРЛАМА

Ауыл арасында кәсібін дөңгелетіп, отбасын асырап отырғандар баршылық. Олардың бірі төрт түлік өсірсе, енді бірі шағын цех ашып тіршілік жасауда. «Әйтеуір үкімет аштан өлтірмейді» деген масылдық пиғылдан арылып, етек-жеңімізді жиып келе жатқандаймыз. Мұның өзі нарықтың қатал заңына бейімделгенімізді аңғартады. Әрине, қандай шаруаны да бастау оңайға соқпайды. Сондықтан кәсібін жаңадан құрғандардың алғашқыда қиналатыны да рас. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы талай жанға демеу болуда.
ҚОҒАМ 14 қыркүйек 2013 г. 1 576 0

АЛДА АТҚАРЫЛАР ІСТЕР АУҚЫМДЫ

Елбасы Жолдауы әлемдік өркениетте өзіндік орны бар еліміздің ертеңі үшін ерекше серпіліс туғызуда. Ел еңсесін тіктеп, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуда Сыр аймағында да серпіліс бары байқалады. Жақында жұмыс сапарымен Қармақшы ауданына барғанымызда аумақ халқының әл-ауқатын арттыру мен аудан экономикасын нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып, макроэкономикалық көрсеткіштердің өсуіне көз жеткіздік.
АҚПАРАТ 14 қыркүйек 2013 г. 1 417 0

Қызылордаға футбол қашан келді?

Қазір жер-жаһандағы жұрттың біразы футбол десе ішкен асын жерге қояды. Солай болатын жөні де бар секілді. Жанкүйер қауым алдында жарқырап көзге түскен жампоздар тоқсан минөтте тартысты ойын өрнегін көрсетіп, дүйім елдің делебесін қоздыра түсетіні белгілі. Бүгінгі таңда жұмыр жердегі жұрт көптеген мықты футболшының есімін жатқа соғады. Жасыл алаң төріндегі жігерлі қимылы арқасында елдің жүрегінде жазылып қалған шеберлер де баршылық. Кезінде Бразилия елінің намысын қорғап, аладопты шыркөбелек айналдыра білген Пелені әрбір адам жақсы біледі. Тіпті, олардың қатарында футболға онша қызыға бермейтін кісілер де кездеседі. Осыдан кейін футболдың құдіретіне шек келтіре алмасыңыз анық. Одан басқа талай марқасқаны тілге тиек етіп, олардың өмірі мен шеберлігі жайында қаншама уақыт бойы әңгіме етуге дайын жанкүйер де арамыздан табылады. Мәселен, Диего Марадона, Мишель Платини, Рууд Гуллит, Марко ван Бастен, Ринат Дасаев және өзге де саңлақтар жәйлі қызықты деректер әлі де айтылып тұрады. Кезінде Алматының «Қайрат» командасының жейдесін киіп, талай мәрте жасыл алаңда тәмам елді шеберлігімен тәнті еткен Тимур Сегізбаев ағамызды қазақ халқы олардан бір мысқал да кем көре қоймайды. Қысқасы, футбол өнері қазақ даласында да қарыштап дамып, көпшілікті өзіне еріксіз баурап алғаны анық. 
ДОДА 14 қыркүйек 2013 г. 1 442 0

ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫ

Қазалы ауданында облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен, «Ақ босаға» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен отбасы татулығына арналған кеш өтті. Кенттің мәдениет үйіне жиналғандар алдында бірлестік төрайымы Меруерт Аңсатова Елбасы Жолдауында қозғалған отбасын сақтау және нығайту тақырыбында дәріс оқыды. 
АҚПАРАТ 14 қыркүйек 2013 г. 2 174 0

ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

Жақында облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттеріне арналған алқа мәжілісі өткізілді. Оның жұмысына облыстық басқармалар мен ішкі істер департаментінің, орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелерінің басшылары мен мамандары қатысты.
АҚПАРАТ 14 қыркүйек 2013 г. 1 352 0

САҚАДАЙ САЙ ӘЗІРЛІКТЕ

Жиында қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қуаныш Ахметов ауыл шаруашылығы құрылымдарының күзгі егін жинау науқанына дайындығы жөнінде хабарлама жасады.
АҚПАРАТ 14 қыркүйек 2013 г. 1 204 0

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА БЕТБҰРЫС БАР

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы» атты Жолдауында еліміздің жасампаздық жолын жалғастырудың басым бағыттарын айқындап берді.
ДӘУЛЕТ 14 қыркүйек 2013 г. 1 376 0

ШЕШІЛГЕН ТҮЙІН

Аралдық қаламгер Жұмабай Жақып есімі оқырмандарға етене таныс. Жуырда оның Алматы қаласындағы «Мұсылман» баспа үйінен «Шешілген түйін» және «Жастық шақтан бір белгі» атты қос туындысы жарық көрді. Жаңа басылымның алғашқысы – әңгімелер, ертегілер, эсселер және зерттеулерден тұрса, өмірдің өзінен өрілген өлеңдер топтастырылған екіншісі – оқырманмен тағдырлас, сырлас дүниелер.
АҚПАРАТ 14 қыркүйек 2013 г. 1 213 0

ӘМИТ ИШАННЫҢ ШАРАПАТЫ

Біздің «Қармақшы» ауылында Марал бабаның шөбересі Әмит ишан (Абдулхамит) және оның ұрпақтары өмір сүрді. Жергілікті халықпен тығыз қарым-қатынаста тіршілік етті. Адамдармен сыпайы сыйластықта болып, елге үлкен адамгершілік сипаттағы мәнді тәрбие берді. Ислам дінінің әдет-ғұрыптарын кеңінен насихаттаушы ағартушылықпен, елдің денсаулығына шипасын тигізетін емшілікпен де айналысты. Әмит ишанның елге қорған болып, тәлім-тәрбие берудегі орасан зор еңбектерін бүгінгі ұрпаққа атап-атап айтуға тиістіміз деп есептеймін. Абдулхамит ишан 1905 жылы дүниеге келген.
ТАНЫМ 14 қыркүйек 2013 г. 2 454 0

ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТТЕНУҒА ҚОСЫЛҒАН ҚОМАҚТЫ ҮЛЕС

Қолымызға тиген Дихан Қамзабекұлы, Бауыржан Омарұлы, Амантай Шәріп сынды әдебиетші-ғалымдардың «Ұлттық әдебиет және дәстүрлі ментальдік» («Арна», Алматы, 2013) деп аталатын монографиясын парақтап, сараптап оқығаннан кейінгі көзіміздің жеткені, біріншіден, бұл ғылыми-зерттеудің тақырыбы тың, соны, екіншіден талантты ғалымдар әдеби дамудың сыртын, бетін емес, ішкі дүниесін, іштей түлеу, жаңғыруларын жіті зерттеген.
ТАНЫМ 14 қыркүйек 2013 г. 4 007 0