ШЕШІЛГЕН ТҮЙІН

Аралдық қаламгер Жұмабай Жақып есімі оқырмандарға етене таныс. Жуырда оның Алматы қаласындағы «Мұсылман» баспа үйінен «Шешілген түйін» және «Жастық шақтан бір белгі» атты қос туындысы жарық көрді. Жаңа басылымның алғашқысы – әңгімелер, ертегілер, эсселер және зерттеулерден тұрса, өмірдің өзінен өрілген өлеңдер топтастырылған екіншісі – оқырманмен тағдырлас, сырлас дүниелер.
«Шешілген түйін» кітабындағы «Теңіз қызы мен тау жігіті» ертегісі республикалық «Жалын» баспасы, ал, «Алақай теңіз келеді, көкем келеді» әңгімесі тәуелсіздігіміздің 15 жылдығы құрметіне «Қазақмыс» корпорациясы мен Мәдениет министрлігі ұйымдастырған әдеби жабық байқауларда жүлде алған шығармалар.
«Шешілген түйін» – бұл бір ғана әңгіменің тақырыбы емес, мұны автор шығармашылығы мен ізденістеріндегі түйінді ойлардың шешілуі деп ұққан орынды.
Кітап осынысымен қызықты әрі құнды.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.
АҚПАРАТ 14 қыркүйек 2013 г. 1 182 0