Ғылым мен техникада ғаламат жаңалықтар ашылып жатыр. Жерді жүлгелеп, аспанға сапарлап кеттік. Ай Алматы, Марс Мәскеудей-ақ болып қалды.Бірақ, ғылым адам бет-аузының қыртысын жазып, қызылын ойнатып әлек болса да, өмір жасын ұзарта алмай әуреленіп келе жатыр. Себебі, әр адамға Алла тағаланың өлшеп берген өз ғұмыры бар.
ЖАРНАМА
14 қаңтар 2019 г.
826
0
Көп адамның басы қосылған бір жиында қазақтың киіз үйінің кереметі жайлы сөз қозғалды. Осы тұста көпшілік қауым дуылдасып, бірінің сөзін бірі іліп алып, атадан балаға мұра боп жеткен қара шаңырақтың қадір-қасиетін сүйсіне әңгімелеп жатты. Бірақ, шеткерілеу тұрған бір топ жастардың бұл әңгімеге онша қызығушылығы байқалмады. Содан оларды сөзге тартып көрсем, «киіз үй жайлы естігеніміз болмаса, көргеніміз жоқ» дейді. Иә, бұған таң қалудың жөні жоқ. Себебі, қалада туып-өскен бала қараша үйді қайдан білсін...
ЖАРНАМА
14 қаңтар 2019 г.
2 248
0
Жаңа басталған жылдың тағы бір жаңалығы елімізде сырттай оқу жойылды. Бұрынғы Кеңес Одағында сырттай оқу арқылы кадр, өндірістегі жұмыс күші тапшылығы мәселесі шешім тапқан еді. Тіпті 1938 жылы оқудың курстық жүйесі мен тапсырылуы тиіс барлық сынақтар мен емтихандар, сырттай оқитындарды жұмыс орнын және жалақысын сақтай отырып, сессияға жіберу туралы жарлық шыққан. Осылайша сырттай оқу біздің елдегі білім саласының ажырамас бөлігі болып келді.
ЖАРНАМА
12 қаңтар 2019 г.
782
0
Әлем киноөндірісінің алыбы Голливудтың қозғайтын тақырыптары сан алуан. Соның ішінде заманақырға әкеліп соқтыратын түрлі табиғи және техногендік апаттар, ядролық соғыс, өте қауіпті эпидемиялар туралы фантастика жанрындағы туындылар аз емес.
ЖАРНАМА
24 желтоксан 2018 г.
821
0
Қазір ауыл туралы әңгіме қозғалса, ешкім бұрынғыдай «ел қалаға үдере көшіп, ауыл құлазып қалды» деп сөз бастамайды. Себеп, облыстағы елді мекендердің басым бөлігінде сырт келбеті мен соңғы технологиясы баланы ғана емес, үлкендердің өзін таңғалдыратын бірнеше қабатты мектеп, жаңа аурухана мен балабақша бар.
ЖАРНАМА
23 желтоксан 2018 г.
1 348
0
Бүгін ұйқымыз қанық болды. Ала көлеңкеде асығатын дағдымызға баспай, аяқ-қолымызды қайшылап жаттығу жасап алдық. Оразамызды да, сыртқы есікті де жұлқынбай ашып, жұмысқа беттедік. Уақыттың бір сағатқа кейін шегерілгенінің әжептеуір әсері осылайша бірінші күні-ақ байқалды.
ЖАРНАМА
23 желтоксан 2018 г.
873
0
Сіздің балаңыз күндіз жүгіреді, ойнайды, балалармен жұлысады, арасында жылап та алады. Кеш батқанда шаршап құлап, түнімен шошып шығады. Мұны қатты шаршағаннан не болмаса қорқынышты түс көргеннен деп жатамыз. Шын мәнінде балаңыздың неге жылайтынына назар аударып, қандай ойыншықпен ойнайтынын, теледидардан не көретінін бақылап көріңізші. Сол кезде сұрағыңызға жауап табасыз, себебін де білесіз.
ЖАРНАМА
01 желтоксан 2018 г.
2 248
0
«Бүгін доллар қанша екен?»... Кешегі жағдай тіпті басқаша еді. Күн сайын амандық-саулықтан кейін доллардың бағамын сұрау қалыптасқан дәстүр болатын. Тіпті екі адамның басы қосылса да әңгіме ауаны долларға келіп тірелетін. Тіпті базардағы сатушы бағаны қолдан қымбаттатып, көк қағаздың қатысы болсын, болмасын, себебін доллардан көретін. Доллар қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген түсінік санасында қатып қалған қазақтың жан амандығынан соң доллар жайын сұрайтыны сол. Доллардың күн санап қымбаттауы, теңгенің құнсыздануы елді долларға қызықтырды, доллар жинауды армандап, доллар сатып баюды мақсат еткендер де аз болған жоқ...
ЖАРНАМА
14 қараша 2018 г.
2 709
0
Қазақ қараша мен желтоқсанда мал байлап, соғым сояды. Әсіресе, жылқы етін аңсайтындар көп. Мал ұстағандардың көпшілігі ала жаздай соғымға деп арнайы бір-екі қарасын белгілеп қояды. Қыс қылаң бергенде жыға бастайды. Әр үйдің шамасына қарай соғымға түйе, жылқы, сиыр сияқты ірі мал соятыны белгілі. Көрпесіне қарай көсілетін, әсіресе, климаты қатал өңірде тұратын біздің халық қыста соғымсыз отырмайды. Мұртын майламаса да, ұртын толтырып жейтін ірі қараны жығып алуға тырысады.
ЖАРНАМА
13 қараша 2018 г.
2 234
0
Жиырма екі жастағы Гүлжайна (өзі өтінгесін есімін өзгерттік – ред.) қазір Қызылордадағы «Аналар үйінде» тұрып жатыр. Біз барғанымызда ол үш жастағы сәбиін ойнатып отыр екен. Мұнда қай тағдыры айдап әкелгенін тілші деп тосырқамай айтып берді.
ЖАРНАМА
13 қараша 2018 г.
1 993
0