Сыр бойындағы астаналар

Сыр бойындағы астаналар

 Алты Алаштың анасы болған Сыр өңірі – төрт астананы бой көтерген қасиетті мекен. Еліміздің тарихындағы ал­ғашқы егіншілік мәдениеттің ірі ошағы қала мәдениеті мен қорғаныс жүйесі дамыған, өзін­дік жерлеу құрылыстары мен ғұрыптары арқылы ерек­шеленетін Сырдың көне арнасы Жаңадария бойы. Соңғы археологиялық зерттеу жұмыс­тарының нәтижесінде осы мәдениеттің төрт бекіністі елді мекен (Шірік-Рабат, Бәбіш мола, Баланды және Сеңгір там) және көп бөлігі жасанды суландыру құрылыстарымен байла­нысып жатқан 200-ге жуық бекініссіз ауылдардың орны анық­талды.
Тарих 16 шілде 2018 г. 2 098 0
«АҚМЕШІТ – ПЕРОВСК –  ҚЫЗЫЛОРДА»

«АҚМЕШІТ – ПЕРОВСК – ҚЫЗЫЛОРДА»

Бесінші съезд 1925 жылы 15 сәуірде Ақмешіт қаласында бүкіл Қазақстан еңбекші­лері өкілдерінің басын қосқан Қырғыз (Қазақ) АКСР кеңестерінің V съезі салтанатпен ашылды.
Тарих 12 шілде 2018 г. 8 555 0

СЕЛЖҰҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ СҰЛУЫ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы – тарихи кезеңдерге сындарлы баға беріп, қазақ елінің рухани даму бағытын айқындайтын ой-толғам. Қоғамның рухани жаңғыруына халықтың дәстүрі мен ұлттық мәдениеті негіз болуы тиіс бағытты ұстану кешегі мен бүгінді, бүгін мен ертеңді жалғастырады.Тарихи тұлғаларды мәңгі еске сақтауда ескерткіштер мен кесе­не белгілердің орны бөлек. «Қазақстан­ның киелі жерлерінің географиясы» мәдение­тіміз бен салт-дәстүрімізді, бай тари­хымыздың құндылықтарын көрсетеді.
Тарих 12 шілде 2018 г. 2 089 0
АСТАНАЛАР ТАРИХЫ АСТАСҚАНДА

АСТАНАЛАР ТАРИХЫ АСТАСҚАНДА

Қайсыбір мемлекеттің болмасын, тарихында астаналар айшықты орын алады. Ұлттың өсуіне, мемлекеттіліктің ор­нығуына зор ықпалын тигізеді. Осы орайда қазақ елінің қазіргі астанасының тағдыры арғы кезеңдегі астаналардың тарихымен сабақтасып жатқанын айтуға тиіспіз.
Тарих 09 шілде 2018 г. 1 944 0
Сыр бойындағы шайқастар

Сыр бойындағы шайқастар

Сығанақтағы шайқас – 1219 ж.1219 – 20 ж. Сығанақты Жошы әскері басып алып, өзіне қатты қарсылық көрсеткендерді қырғынға ұшыратты. Осы кезден бастап қала Жошы ұлысына қарады. Сығанақ кейін Ақ Орданың, көшпенді қазақ-өзбек  Шайбанид  Әбілқайыр ханның және Қазақ хандығының астанасы болған.
Тарих 21 маусым 2018 г. 2 419 0
Уәлі  би Итенұлы

Уәлі би Итенұлы

Ертеректе Сыр бойында, қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы жұртшылығының арасында және Ырғыз, Торғай, Еділ өңірінде Уәлі бидің есімі кеңінен мәлім болған. Халық оны әділ де бірбеткей кесімді жақтайтын, сонысымен бүкіл жұртшылықтың құрметті биі есебінде біледі.
Тарих 21 маусым 2018 г. 5 043 0
КӨНЕ ҒАСЫР КӨМБЕСІ

КӨНЕ ҒАСЫР КӨМБЕСІ

Шет жұрттан қазақ даласына келген адам ұшы-қиыры жоқ, аспанмен астасқан баябан даланы көріп, тілсіз сұлық жатқан меңіреу далаға адасып қалғандай күй кешері анық. Сырт көзге солай болар. Ал көзі қарақты жан әр төбесін түртіп қалса ескі көзе, құмыра, қыш кесектер сынығына кезігері сөзсіз. Одан әрі індете түссеңіз, өткен ғасырлардағы өркениет орны қалаларға жетелей жөнелері тағы анық.
Тарих 21 маусым 2018 г. 1 062 0

Қызылордада көне шаһардан Хан шатырына ұқсас ғимарат орны табылды

Сыр өңіріндегі көне шаһардың бірі - Қышқаладан археологтар елордадағы «Хан-Шатырға»  ұқсас ғимарат орнын тапты. Ғимарат керамикалық тастармен әрленген. 8 бұрышты. Онда 4 гүлзар тұғыры бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Тарих 20 маусым 2018 г. 1 373 0
КӨНЕ ТАРИХ КӨМБЕСІ

КӨНЕ ТАРИХ КӨМБЕСІ

Теміржол вокзалына бара қал­саңыз, жанынан тарихи ғимаратты бай­қай­тыныңыз анық. Ішіне енсеңіз, сан ғасырлық сырды бүккен көне жә­дігерлерге куә боласыз. Сыры кетсе де сыны кетпеген бұл ғимараттың музей екенін бірі білсе, бірі біле бермейді. Сонау Николай патша заманынан бері келе жатқан  ғимарат 1905 жылы салынған архитектуралық тарихи мұра. 1917 жы­лы әскери казарма болған нысан кейін сан түрлі мақсатта қолданылды. 2004 жылы қайта қалпына келтіріліп, «Ақ­мешіт» музейі болып ашылды. Мұнда Ақмешіт, Перовскіден бастау алатын тарих легі бүгінгі күннің мұраларымен ұштасып жатыр. Тарихи жәдігерге толы мұражайға кіргеннен өзгеше әсерге бөленесіз. Қадым замандағы қыш құмыралар, ағаштан жасалған ыдыстар бірден өзіне үйіріп әкетеді.
Тарих 05 маусым 2018 г. 1 723 0
САЯСИ СҮРГІННІҢ ҚАЛЫҢ ҚАСІРЕТІ

САЯСИ СҮРГІННІҢ ҚАЛЫҢ ҚАСІРЕТІ

Қазақ ұлт болып қалыптасқан ғасырлар бедерінде талай зобалаң мен дүрбелеңді бастан өткерді. Арғы-бергі тарихтың қалың қатпарларында төгілген қан мен ащы тердің, нәубетке толы кезеңдердің бізге жетпеген белгілері жатыр. Бағзы замандарды былай қойғанда өткен жүз жылдықта қазақ халқының басынан кешірген ең бір ауыр зұлматы бұл – ашаршылық пен қуғын-сүргінге ұшырауы еді.
Тарих 31 мамыр 2018 г. 1 391 0