Мағжан: Бұл Тұран – ежелден-ақ Алаш жері, Тұрансыз тарқамаған Алаш шері.(Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңінен
Тарих
21 қараша 2017 г.
1 617
0
«Қазақстанның киелі жерлері» тізіміне енген Бегім ана мұнарасы – Х-ХІ ғасырлардан бері келе жатқан сәулет өнерінің туындысы. Мұнара Арал және Қазалы аудандарының ортасында орналасқан. Республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіш. Ескерткіштің кесектен жасалған дуалдары қазір күйдірілген кірпішпен айналдыра қаланған. Мұнара әр қыры 8 бұрышты құрылыс, биіктігі 10 метр. Жоғарғы бөлігінде мұнараның қырлары тарылып, күмбез тәрізді болып қалған.Бегім ана мұнарасы 2013 жылы қайта жаңғыртудан өткен. Оның басына мінәжат етушілер, оның ішінде перзент сүюден үмітті әйелдер көп барады. Жергілікті жұрт Бегім сұлуды кіршіксіз тазалықтың белгісі санайды. Оның махаббатқа адалдығы әлі күнге дейін ел аузында жүр.
Тарих
07 қараша 2017 г.
1 796
0
Көне тарихымыздың заттай дерегі тарих және сәулет ескерткіштері болып табылатындығы сөзсіз. Бұл ескерткіштерді өткеннің келешекке қалдырған аманаты, ата-бабаларымыздың үзілмей келе жатқан салт- дәстүрлерінің нақты көрінісі деп бағаласақ та болады. Оларды қорғап, сақтап және қадір-қасиетін жалпы көпшілікке таныстырып отыру бәріміздің де парызымыз.Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жерге деген сүйіспеншілік...білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді...жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді» деп ұлттық құндылықтарымызға қамқорлық жасап, туған өлке тарихын біліп өсу, сөйтіп бүгінгіні өткен тарихпен сабақтастыру туған жерге деген сүйіспеншіліктің түп-тамыры болып табылатындығы жайлы айтқан болатын.Сондай-ақ, бұл бағдарлама қазақтың төл тарихынан ойып тұрып орын алатын әрі елдігіміздің тұмары, өркениетіміздің жәдігері болған жергілікті деңгейдегі тарих және мәдениет ескерткіштері мен нысандарды қалпына келтіру бастамасын да қолға алуды ұсынады.
Тарих
03 қараша 2017 г.
11 161
0
Үлкендерден қазақ балуандарының өгізді ұрып құлатып, шылбырға дес бермес асау айғырды бір орында тұрып-ақ иықтан асыра көтергенін, тіпті, атан түйені жыққанын естуші едік. Сөйтсек, қазақ пілді де жығыпты ғой. Бұл туралы Амангелді Мәмбетұлы, Өтеген Жаппархан деген қаламгерлердің шығармаларынан оқуға болады.
Тарих
03 қараша 2017 г.
1 396
0
Шиелі ауданындағы «Оқшы ата» тарихи орнында қазақ халқына есімі белгілі даңқты шешен, атақты би Досбол датқаның қайта жаңғыртылған кесенесі салтанатты түрде ашылды.
Тарих
17 қазан 2017 г.
1 057
0
Ғасырлар құпиясы болып шегенделіп қалған оқиғалар қоғам өмірінде аз болған жоқ. Дегенмен, мұндай оқиғалардың бірі Солтүстік теңізде орын алды. Әскери-теңіз оқу-жаттығу жиынында Отан алдындағы міндетін атқарып жүрген 69 ержүрек жауынгері бар №1 атом сүңгуір кемесі Норвегияның Медведжий аралының маңында 105 метр тереңдікте теңіз шыңырауына батып кеткен болатын. Апатқа ұшыраған «Комсомолец» соңғы үлгідегі құпия қайық болғандықтан, оның ақиқаты кешеге дейін айтылмай келді.
Тарих
30 қыркүйек 2017 г.
1 902
0
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болатынын, оны сол халықтың әрбір азаматы білетінін айтып өтті. Сондай-ақ, Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы екенін назарға алды.
Тарих
30 қыркүйек 2017 г.
1 651
0
Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылында қазақ қоғамындағы ірі бас көтерілулердің бірі Арықбалық шайқасының 160 жылдығына арналған ауқымды шара өтті. Алдымен жиналған қауым Тағзым алаңына гүл шоқтарын қойып, "Сарықұл Қожа" мешітінде бабалар рухына арнап құран бағыштады.
Тарих
25 қыркүйек 2017 г.
1 057
0
Облыстың оңтүстігіндегі шөлді аймақты суландыратын үлкен каналдың бірі – «Жаңа Шиелі» каналы. Аталған су жолы 1940 жылы ерте көктемде қазыла бастаған еді. Елді шоғырландыру, егіншілікке бет бұрғызу мақсатында сол кезеңде Жаңақорған ауданында Тайпақкөл каналы, Жалағаш ауданында «Шіркейлі» каналы қатар қолға алынғанды.
Тарих
18 қыркүйек 2017 г.
1 626
0
Жаңақорған ауданына жетпей үлкен жолдың бойынан Төменарық ауылына қарай бұрылатын жер бар. Сол тұста Қожамберді елді мекені кезігеді. Осы маңда «Көккесене» деп атап кеткен ортағасырлық архитектуралық ескерткішті кездестіресіз.
Тарих
09 қыркүйек 2017 г.
1 770
0