Ресейдегі Уақытша үкімет 1917 жылы 5 наурызда жергілікті жерлерде басқару жұмысымен айналысатын мекемелер құру туралы қаулы шығарып, облыс, уез, болыс және ауылдарда құлаған ескі үкіметтің орнына жаңа басқару орындарын құра бастайды. Бүкіл Ресейдегі сияқты қазақ даласында да Уақытша үкіметтің билік орындары алғашқы кезеңде азаматтық комитеттер есебінде пайда болды.
Тарих
19 сәуір 2018 г.
1 381
0
«Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі», – деген еді Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында.
Тарих
19 сәуір 2018 г.
2 247
0
ЮНЕСКО жанынан құрылған Ескерткіштер мен көрікті орындар мәселелері бойынша халықаралық кеңес Ассамблеясының ұйғарымымен 1982 жылдан бері 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні ретінде аталып өтеді. Елімізде де бұл мерекеге ерекше сипат берілген. Рухани даму бағытының түп-төркіні – тарихи-мәдени құндылықтарымызды терең танып, кеңінен насихаттап, сонымен бірге, қорғау шаралары қолға алынып отыр.Мерекеге орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Тарихи-мәдени мұра: тәжірибелер, мәселелер және даму болашағы» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті.
Тарих
19 сәуір 2018 г.
1 541
0
АҒАЙЫНДЫЛАР АЛҒАН АСУЛАРҚоңырқожа мен Ләтипаның үлкен ұлы Қожахмет 1910 жылы Перовскте дүниеге келген. Алғашқы кәсіби график-суретші ретінде қазақ өнерінің тарихында аты қалған. 1934 жылы Мәскеуде өткен қазақ суретшілерінің тұңғыш көрмесіне қатысқан. Оны Қазақстан халық ағарту бөлімі Тәшкендегі өнер мұражайы жанындағы суретші Розанов жетекшілік ететін студияға жолдамамен жібереді. 1926-1928 жылдары Мәскеудегі Халық ағарту министрі Луначарский ұйымдастырған жоғары мемлекеттік көркем-техникалық шеберханада Кеңестік Шығыс халықтарына арналған курста (ВХУТЕМАС) оқыған.
Тарих
17 сәуір 2018 г.
2 135
0
Қоңырқожа мен Ләтипаның Тәшкендегі өмірі бірқалыпты ағыспен өтіп жатты. Ерлер маңызды мемлекеттік жұмыстардан, әйелдер бала тәрбиесінен босамайды. Дегенмен, әйелдер жағы да қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып жүрді.
Тарих
16 сәуір 2018 г.
909
0
1643 жылдың жазында Орбұлақтағы Салқам Жәңгір хан мен Самарқанның әмірі Жалаңтөс баһадүрдің жоңғарларға қарсы қол біріктірген шайқасының жеңісі бұдан бірнеше жылдан кейін Ордабасында үш жүздің хаңдары мен батырларының, билерінің ауызбіршілікпен жиналып, ортақ тіл табысып, бірігуінің тарихи маңыздылығы барлығын дәлелдеп, ой салды. Бұдан былай бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, басқыншы жауының бетін қайтарып отырды.
Тарих
12 сәуір 2018 г.
3 312
0
Бұл тақырып қазақ өнері мен мәдениетінің, ағарту ғылымы мен тарихының өткен ғасыр басындағы бұлақ бастауына қарай еріксіз тартып әкетеді. Қазақ өнеріндегі Қожықовтар қолтаңбасының ізін тану үшін олардың әрқайсысының өмір жолы мен еңбегін саралап шығу бір мақаланың ауқымына сыймайтынына көз жеткіздік. Сондықтан ағайынды Қожықовтардың шыққан тегі мен сол кездегі тарихи оқиғалардың олардың өміріне, келешегіне тигізген әсеріне соқпай кете алмадық.
Тарих
12 сәуір 2018 г.
1 512
0
Перовск форт болып қалыптасқан соң мұнда 36 ғимарат салынған. Ескі қалада екі кірпіш зауыты, екі жел диірмені, үш монша және төрт шәйхана болды.
Тарих
05 сәуір 2018 г.
1 689
0
Егемендік алғаннан кейінгі кезеңдегі мемлекетіміздегі жаңарулар мен тың серпілістер тарихи оқиғаларға жаңа тарихи таным бағытында зерттеу мен тың деректер негізінде қайта сараптап зерттеу мүмкіндігін әперіп, Отандық тарихымыздың «ақтаңдақ» беттерінің орнын толтырып, болған оқиғалар мен құбылыстарға жаңа көзқарас тұрғысынан сараптап, тарихи шындықты зерттеп, зерделеп жария етіп отыратыны ұлттық зиялылар қызметі арқылы жүзеге асатыны мәлім. Егеменді Қазақ мемлекетін құру жолында ұлттық сананың қалыптасуы мен қазақ ұлтының өткен тарихын, жекелеген тұлғалары мен тарихи үрдістерін шынайы түрде толық қарастыруды қажет етіп отыр. Қоғамда ұлттық зиялы қауым өкілдерінің, саяси қоғам қайраткерлерінің, тіпті ел ішінде танымал болған белгілі мемлекет қайраткерлері мен саясаткерлердің есімдері ХХ ғасырдың 20 жылдарының соңынан басталған кеңестік жүйенің арнайы жүргізген саяси іс-шараларының құрбаны болып кете берді. Кеңестік тарих ғылымы төңкеріске дейінгі жекелеген ұлттық тұлғалардың өмір жолдары мен азаттық жолындағы күресі мен ұлтына арнаған қоғамдық-саяси қызметтерін өмірге жанаспайтын ұғымдар тұрғысынан қарастырды, зерттеуге тыйым салды, ал зерттеле қалғандары сыңаржақ бағаланып, тарихи шындық тұрғысынан бағалауға мүмкіндік бермеді.
Тарих
04 сәуір 2018 г.
4 131
0
Ел-халық өзін қорғаған, өзі үшін құрбан болған ерлерін неше мың жыл өтсе де жадынан шығармайды. Олардың хикаясы ауыздан ауызға көшіп, бабадан балаға дейін аңыз болып айтыла береді.
Тарих
04 сәуір 2018 г.
2 564
0