Ол 19 жасында өзі сұранып, майданға аттанған. Намыс пен күш-жігер қамшылыған қазақ баласы 1941 жылы Воронеж қаласындағы офицерлер курсында әскери дайындықтан өтеді. Содан тұп-тура бес жыл соғыстың бел ортасында жүріп, жеңісті жақындатқан. Сарбаздың алдында екі таңдау тұрады: берілу не қалайда беріспеу. Ол азапты болса да соңғысын таңдады, азаматтық борыш, перзенттік парызға адалдық танытты, абыроймен елге оралды. Бұл Ұлы Отан соғысының қайтпас қайсар сарбазы Кеңшілік Жылқыбаев еді.
ТАҒЫЛЫМ
06 мамыр 2018 г.
799
0
...Дүниеге келер бір рет,Дария кеуде, тау мүсін.Құрыштан құйған құдірет,Қарттарым аман-сау жүрші, – деген жыр жолдары жүрегімізге мәңгілікке жазылып қалған. Осындай, дария кеуде, тау мүсінді тұлғаның бірі де бірегейі, Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған, текті әулеттің тұяғы – Жүсіпбек Әмірбекұлы Пұсырманов көзі тірі болғанда 100 жасқа келер еді. Ажалға қимас асыл жанның ұрпақтары үшін жасаған ұлағатты істерін, адами бітім-болмысын біреулер білсе, біреулер білмес.
ТАҒЫЛЫМ
06 мамыр 2018 г.
821
0
Биыл жанқияр ерлік пен елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауының желбірегеніне 73 жыл толды. Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы – осы жеңістің арқасы. Ел шетіне жау тиген шақта қолына қару алып, қан майданға аяқ басқан жауынгерлер қашанда құрметті. Батырлық үлгісін көрсете білген Тәнеш Оразов та – сұрапыл соғыстың куәгері. Қаһарлы Манштейн армиясының жолын тежеген жауынгер, ел амандығы үшін аянбай тер төккен абыз ақсақал бүгінде 95 жасқа қадам басты. Кейіпкеріміз туралы әңгімені сәл әріректен бастасақ.
ТАҒЫЛЫМ
06 мамыр 2018 г.
768
0
Белгілі азамат Қасқыр Наметша сонау қазан төңкерісі басталған өткен ғасырдың 1917 жылы дүниеге келген. Сол өкіметтің тар жол, тайғақ кешкен тағдырымен біте қайнасып, кейін қазақ елінің тәуелсіздігін көру де бұйырды. Сүлейлердің отаны Қармақшының Өндіріс ауылында туған оған Тұрмағамбет ақынның өзі Шахнама деп азан шақырып ат қойған деседі. Шамасы, сол уақытта шайыр Фердауси шығармасын көкірегінде тербетіп жүрсе керек. Бірақ жеңгелері баланы пысықтығына қарап Қасқыр деп атап, ақыр аяғында құжатқа да осылай жазылыпты.
ТАҒЫЛЫМ
06 мамыр 2018 г.
738
0
Тоқсан сегіз жастағы Бөрібай атаның үйіне әдейілеп барғанымызда бізді үшінші қабаттан төменге өзі түсіп қарсы алды. Жүрісі ширақ, ойы орнықты, сөзі салмақты. Мұның себебін бейнетті көп көргенінен болар деп топшыладық.
ТАҒЫЛЫМ
06 мамыр 2018 г.
638
0
Қытай ойшылы, адамзат тарихындағы ең ұлы ұстаздардың бірі Конфуцийдің «Адамдық қатынастың әуелгі үлгі мектебі – үй ішінен басталады. Әрбір отбасы – шағын да болса дербес қауым, мемлекеттің ең кішкентай қайталамас бөлшегі. Ата-ананы сыйлау, оның айтқанынан шықпау – тәрбиенің отбасылық ғана емес, ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі тәрбиенің көрінісі» – деген қағидасын Қытай елі қазірде өз өркениетінің мызғымас негізі ретінде қабылдағаны баршаға аян.
ТАҒЫЛЫМ
06 мамыр 2018 г.
1 437
0
Қызылорда облысының ішкі істер департаментінде ұзақ жыл жемісті еңбек еткен департамент бастығының орынбасары Шаймағамбетов Әмірбек Бердібекұлының зейнеткерлікке шығуына байланысты салтанатты шара өтті. Салтанатты рәсімге департамент басшылығы және жеке құрам қатысты. Рәсімнің алғашқы сөзін департамент бастығы полиция полковнигі Қ.Мұхитов алып, Әмірбек Бердібекұлына ішкі істер органдарында күнтізбелік есеппен 33 жыл абыройлы қызмет етіп, Отан алдындағы антына берік болып, қызметтік міндетін адал орындағаны үшін алғыс білдірді.
ТАҒЫЛЫМ
04 мамыр 2018 г.
1 919
0
Арын ардақ тұтар асыл жандардың ғұмыр соқпағына қарасаң, ұлағат тұтар өмiр шежiресiне тәнтi боласың. Өнегелi өмiрiнiң терең қырларына үңiле қалсаң, мол ғибрат аласың. Белгілі бір азаматтардың тұлғасын дүйім жұрты танып-білген, елі мен халқына қадірі артқан, табиғат сыйлаған өзіндік қырлары мен ерекшеліктерінің ұрпағы тарапынан мадақталуының өзі-ғұмырлық рухани танымға ие заңды құбылыс сияқты.
ТАҒЫЛЫМ
04 мамыр 2018 г.
598
0
Адамзат тарихындағы ең зілді де зұлматты соғыстың артта қалғанына биыл 73 жыл толып отыр. Жеңіс күні – қайыспас қайсарлықтың, табандылық пен батылдықтың, өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктің үлгісіне айналған абырой мен даңқтың мерекесі. Сондықтан майдангер қарттардың ерен ерлігі тарих бетінде алтын әріппен айшықталып қалды.
ТАҒЫЛЫМ
04 мамыр 2018 г.
593
0
Соғыстың хабары келгенде он сегізге жаңа толған жас жігіттің балаң көңілі әлі басыла қоймаған еді. Алда алыс жол, асу бермес өткел тұр... Көңіл құрғыр алабұртып, ойы сан-саққа жүгіреді. Артында атамекені – ауылы қалып барады. Туып-өскен ауылын енді қайта көре ме, көрмей ме, белгісіз. Қасында тай-құлындай тебісіп ойнаған, қара нанды бөліп жеген сенімді он бес серігі бар. Енді бәрі бірге бұрын бармаған беймәлім сапарға, ата-бабасы аяғы тимеген жерге аттанбақ.
ТАҒЫЛЫМ
04 мамыр 2018 г.
623
0