САЛАҒА САНАЛЫ ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРМЕТТЕЛДІ

САЛАҒА САНАЛЫ ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРМЕТТЕЛДІ

Қоғамдық өмірдің қай саласында болмасын өзінің жауапкершілігіне жүктелген қызметін бар ықыласымен атқарған және өз жұмысына адал әрі әділ болған қандай да бір тұлға жоғары құрметке лайық. Тәуелсіз еліміздің жан-жақты дамуына, өсіп-өркендеуіне үлес қосып, дербес мемлекетіміздің кемел келешегін қалыптастыру жолында аянбай еңбек етіп, тіпті сол салаға саналы ғұмырын арнаған әрбір адам үшін бейнетінің зейнетін, еткен еңбегінің жемісін көру ғанибет.
ТАҒЫЛЫМ 14 мамыр 2018 г. 709 0

ТАРИХИ ШАЙҚАС КУӘГЕРІ

Сталинград шайқасы – тек екінші дүниежүзілік соғыстағы ғана емес, адамзат тарихындағы ең ірі шайқас саналады. Ол 1942 жылдың 17 шілдесі мен 18 қарашасы аралығын қамтыған қорғаныс және  1942 жылдың 19 қарашасы мен 1943 жылдың 2 ақпаны арасындағы шабуыл кезеңдерінен тұрады.  Сталинград шайқасы аяқталғанда дүние есігін ашқан сәбидің өзі бүгінде 75-ке келеді екен. Олай болса сол сұрапылдың куәгерін көру  тіптен мүмкін емес секілді. 
ТАҒЫЛЫМ 11 мамыр 2018 г. 741 0

ӘСКЕРИ АНТТЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ҚАБЫЛДАҒАН ЖАУЫНГЕР

Ұлы Отан соғысының ардагері, ардақты ұстаз Сәрсенбек Байжанов 9 мамыр күні 95 жасты еңсерді. Өмірлік қосағы Жәмила апа Сейтжанқызы екеуі 10 баланы тәрбиеліп, ұлды-ұяға, қызды қияғы қондырды. Немере сүйіп, шөбересінің қолынан су ішті. 
ТАҒЫЛЫМ 11 мамыр 2018 г. 634 0

ЕКІ МАЙДАННЫҢ БАТЫРЫ

Қиын-қыстау заманда иығына қару асынып, ерлікпен шайқасқан батырларымыздың қай-қайсысы да құрметке лайықты. Сұм соғыста қан кешіп, Жеңіс күнін жақындатқан жауынгерлердің бірі – Мақсұт Сырғалиев. Ол қос бірдей соғысты көрді. Атқыштар дивизиясы сапында неміс басқыншыларына қарсы батыс майданындағы шешуші шайқастарға қатысып, жауды шегіндірді. Соғыс аяқталған тұста Қиыр Шығысқа шекара күзетуге аттанды. Жапондарға қарсы жүргізілген кескілескен ұрыста Жеңіс туын желбіретіп елге оралды.
ТАҒЫЛЫМ 11 мамыр 2018 г. 652 0

РЖЕВТЕ ЖЕРЛЕНГЕН СҰЛУТӨБЕЛІК САРБАЗ

Даңқты қолбасшы Суворовтың «Соғыс соңғы сарбаздың мүрдесі табылып, жерленбейінше аяқталмайды» деген сөзі бар екен. Жеңістен кейінгі жетпіс үшінші көктем туып, жер әлем осынша рет қайта жаңарса да, майданнан қайтпаған боздақтарды іздеу толастар емес. Бұл мехнатты тірлікті атқаруда Ресейдегі іздеу отрядтары көп іс тындырды. Туған жердің топырағы бұйырмаған қаншама майдангердің дерегі табылды.Нұрмағанбет Әбдіреевтің Сұлутөбеден майданға аттанғаны оның туған бауыры Раушанбектің еміс-еміс есінде. Алматыдан дайындықтан өткен соң соғысқа  кететіні туралы хабарды естігенде анасы Қызылордаға жолға жиналды.
ТАҒЫЛЫМ 11 мамыр 2018 г. 595 0

ЖАУЫНГЕР ЖАЛҒАСБАЕВ

Жұртқа Жеңіс сыйлаған майдангерлер ерлігі біздің жүректерімізде мәңгі сақталады және фашизмді жеңген батырлардың өшпес даңқы уақыт озған сайын жарқырай бермек.  Тұтқиылдан тиген жауға қарсы соғыста қаһармандық танытқан жерлесіміздің бірі  Әлжан Жалғасбаев еді.
ТАҒЫЛЫМ 11 мамыр 2018 г. 569 0
ЖАУЫНГЕРДІҢ ЖОРЫҚ ЖОЛДАРЫ

ЖАУЫНГЕРДІҢ ЖОРЫҚ ЖОЛДАРЫ

 Ол 1909 жылы Қармақшы ауданына қарасты №1 ауыл­дық кеңесі, қазіргі Қызылтам елді мекенінде өмір­ге келген. Соғысқа дейін Жосалы меха­никалық зауытында темір ұстасы болып еңбек еткен. Көзі тірісінде әкеміздің ай­туын­ша, Жосалы меха­ни­ка­лық зауытының стра­те­гия­лық мақсаттағы соғыс жабдықтарын шығаратын өн­діріс орны болуына бай­ланысты, әдепкі лектегі әскерге шақырылғандардың қата­­рынан оны босатады. Деген­мен, ол бірнеше зауыт жұмыскерлерімен бірге қайта-қайта соғысқа сұранып 1942 жылдың 15 маусымында майданға аттанады. Орынбор облысындағы Тоцкий жаттығу полигонында қысқа мерзімді әскери оқу-жаттығудан өтіп, әрі қарай соғысқа аттанған. Бірнеше ұлттың өкілдері жұмыс істейтін зауытта ең­бек ете жүріп, орыс тіліне машықтанған нағашы әкеме оқу-жаттығудың үздігі ретінде, 357 атқыштар дивизиясы, 1190 атқыштар полкі командирінің бұйрығымен ефрейтор әскери атағы беріледі.
ТАҒЫЛЫМ 06 мамыр 2018 г. 688 0
ШОПАН  ДАҢҚЫ

ШОПАН ДАҢҚЫ

 Кеңестік кезеңде құт қонған қарт Қаратаудың баурайын жайлаған Жаңақорған топырағынан 13 Социалистік Еңбек Ері шықты. Солардың бірі сонау зұлматты жылдары  ақтылы қойды  ұрыға қақтырмай, қасқырға тарттырмай, жыл сайын отардан отар туындатып, төл түлігімізді төскейге толтыруға зор үлес қосқан шопан  Орынбай Бидашев еді.
ТАҒЫЛЫМ 06 мамыр 2018 г. 1 075 0
БІЗ МАЙДАНГЕР ҰРПАҒЫМЫЗ

БІЗ МАЙДАНГЕР ҰРПАҒЫМЫЗ

 Әке есімі әркімге де қымбат. Мен үшін де әкем қасиетті де қымбатты жан. Анамнан екі жасымда айырылған маған одан асқан мейірім иесі, қымбат асыл адам болған жоқ.
ТАҒЫЛЫМ 06 мамыр 2018 г. 704 0
АСЫЛДАРЫМ, ЖҮРЕГІНДЕ КӨКТЕТКЕН ҒАСЫР ДӘНІН

АСЫЛДАРЫМ, ЖҮРЕГІНДЕ КӨКТЕТКЕН ҒАСЫР ДӘНІН

 Бұрын ауыл көшелерінде қаз­дай тізіліп келе жатқан шалдарды көргенде жаяу былай тұрсын, көлік тоқтай қалып сәлем беретін.Қазіргі біз бір-бірімізге алыстан амандасамыз. Жылы жаққа қайтқан қаздардай шалдар да көрінбейді.
ТАҒЫЛЫМ 06 мамыр 2018 г. 766 0