ТАҒЫЛЫМ
04 сәуір 2020 г.
1 057
0
Екінші дүниежүзілік соғыста бүкіл қазақстандықтармен бірге қызылордалық жауынгерлер де Отанға берген антын адал орындап, ел басына түскен сын сағатта өз борышын абыроймен атқарып, алдыңғы саптан табылды. Мәліметтерге сүйенсек, облыс бойынша майданға 150 мың ер-азамат аттанған болса, олардың 30 мыңы елге оралмады.
ТАҒЫЛЫМ
31 наурыз 2020 г.
741
0
Тағдырын күрішпен байланыстырған жандар Сыр өңірінде жетерлік. Бір ғана Шиелі ауданының өзінен 41 Социалистік Еңбек Ерінің шығуы – соған дґлел. Таңның атысынан күннің батысына дейін атыз жағалап, борбайына дейін су кешіп, бейнет шеккен ата-ґжелердің қажыр-қайратына қайран қаласың! Бақытын ақмаржаннан тапқан сондай даңқты диқандардың бірі – Шырынкүл Қазанбаева. Соғыс жылдары тракторды тізгіндеп ауылдың тұңғыш механизатор қызы атанған батыр ананың туғанына 100 жыл толды.
ТАҒЫЛЫМ
27 наурыз 2020 г.
662
0
Наурыз мерекесі қарсаңында Сырдария ауданының әкімі, «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағасы Руслан Рүстемовтің ұсынысымен «Тұзкөл Мұнай Газ Оперейтинг» ЖШС мен «Жастар мәселелерінің орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті. Нақтырақ айтқанда, серіктестік Тереңөзек кентіндегі «Әлеуметтік дүкенге» 1,5 тонна ұн және 530 келі макарон өнімдерін тегін үлестірді.
ТАҒЫЛЫМ
27 наурыз 2020 г.
437
0
Ерлік тәрбиеден туады. Адам баласы ерлік жасайын, батырлық істейін деп ойламайды, сол сәттегі ойы, түсінігі, адамдығы, сол кезге дейін көрген тәлім-тәрбиесі оны ерлікке жетелейді. Бұл ықылым заманнан солай, ол – адам баласының пайым-түсінігінің әрекеттегі жоғары көрінісі.
ТАҒЫЛЫМ
27 наурыз 2020 г.
405
0
ТАҒЫЛЫМ
27 наурыз 2020 г.
831
0
Сырдың жыр-дүлділі Нұртуған Кенжеғұлұлының «Бір кеңес» деген өсиетінде:Асыл ер өзін биік санамайды,Ел үшін еңбек, күшін аямайды.Бір өзі білсе-дағы,білдім демес,Сынатып көпке салып шамалайды, – дегендей, солардың бір-жары туралы ертеректе мақалалар жазғанмын. Жыр өлкесінің нәрімен сусындаған жандардың өнер-ғылымсүйгіш болмауы мүмкін емес. Солардың бірі – Бақдәулет Кенжалыұлы Кенжалиев.
ТАҒЫЛЫМ
27 наурыз 2020 г.
638
0
Кісі болмысы – ғажайып жұмбақ. Кейде өмір бойы араласып, қасыңда бар ізгілік шуағын төгіп жүрген адамның өзі жоқ жерде сыр алдырып қоятынын байқап жүрмін.
ТАҒЫЛЫМ
21 наурыз 2020 г.
884
0
Мен Сталинград шайқасына қатысқан, қырғын соғыстан ауыр жараланып, мүгедек болып тұз-дґмі таусылмай елге оралған майдангердің баласымын. Сондықтан соғыс тақырыбында газет бетіне жарияланған дүниелер өте ыстық. Ал олардың кейіпкерлері – батыр, қасиетті, қастерлі. Олар Отан-Анаға берген антына адал болды, жандарын құрбан етті. Патриотизм мен батырлықтың, ерліктің үлгісін көрсетті. Еліміздің азаттығы мен бостандығын сақтап қалды.
ТАҒЫЛЫМ
17 наурыз 2020 г.
663
0
Табиғаттанушы деген бар. Әдебиеттанушы деген де бар. Арыдағы Мұхамеджан Қаратаев сынды Сыр тумаларын айтпағанда, қазір де олар ортамызда жүр. Қызылорданың өзіндегі Қорқыт ата университетінде филология ғылымдарының докторы Бағдат Кәрібозұлы, Рақымжан Тұрысбек сияқты белгілі әдебиеттанушылар қызмет етеді.
ТАҒЫЛЫМ
14 наурыз 2020 г.
827
0