Қымбатты оқырмандар, жаңа жылдан бастап мемлекеттік сатып алу заңнамаларына өзгеріс енгізілді. Өзгерістер демпинг, бір көзден сатып алу және өзге де мәселелерді қамтыған, сондай-ақ 2019 жылдан бастап мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қызметтеріне ақы төленетіндігі жазылған. Мемлекеттік сатып алу заңнамаларындағы өзгерістер туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Әйгерім Рахымжановадан сұраған болатынбыз. Сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.
Cұхбат
09 қаңтар 2019 г.
1 149
0
Өткен жылдың соңында Сыр топырағында өсіп-өніп, қазіргі күні қазақ қоғамы үшін қызмет етіп жүрген бірқатар азаматқа «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. Олардың қатарында Мемлекеттік сыйлықтың иегері, химия ғылымдарының докторы, профессор Әбдуәлі Баешов бар. Жерлесіміз 1993 жылы – профессор, 1995 жылы – Жаратылыстану ғылымдары академиясының, 2017 жылы Ұлттық ғылым академиясының академигі атанды. Бүгінде Д.В.Сокольский атындағы органикалық жанармай, катализ және электрохимия институтының электрохимиялық технологиялар зертханасының меңгерушісі.Отандық ғылымның өркендеуіне орасан зор үлес қосып жүрген ағамызбен орайын тауып сұхбаттасқан едік.
Cұхбат
09 қаңтар 2019 г.
1 228
0
Қоғам тыныштығын күзететін тәртіп сақшылары жылды қалай қорытындылады? Елбасы Жолдауынан кейін салада нендей шаралар қабылданды? Осы және өзге де сауалдарға Қызылорда облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Ибраев жауап берді.
Cұхбат
04 қаңтар 2019 г.
1 095
0
Тәуелсіздік күні қарсаңында Астананың 20 жылдығына орай, Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен VІІ "Алтын домбыра" Республикалық ақындар айтысы өтті. "Астанам, сенсің айбарым" деп ұрандатқан ұлттық мұрамыздың басты бәйгісі Елорда төріндегі "Қазақстан" орталық концерт залында ұйымдастырылып, жыр жебелері бір сахнада домбыра қағысты. 20 айтыскер бақ сынаған додада қазылар шешімімен бас жүлде – ақын Жансая Мусинаға бұйырды. Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының шешімімен 9 ақынға «Мәдениет саласының үздігі» наградалары тапсырылды. Солардың сапында астаналық арқалы ақын Мейірбек Сұлтанхан бар. Сыр бойында туып, Сарыарқаны құтты қоныс қылған Мейірбек Сұлтанханның үлкен айтыста жүргеніне 10 жыл. Өз заманының жыршысына айналған азулы ақындарға алдырмас қарсылас бола білген ол, Қазақстан Айтыскерлер Одағының мүшесі. Бұқара асыға күткен аламан бәйгі жайында сұхбаттасудың сәті түсті.
Cұхбат
01 қаңтар 2019 г.
1 112
0
«Хабар 24» арнасы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Тарих толқынындағы тұлғалар» атты бағдарлама ашып, ел тәуелсіздігіне еңбегі сіңген бір топ қайраткер азаматтармен сұхбаттар ұйымдастырды. Мәжіліс депутаты, танымал қаламгер, ғалым Сауытбек Абдрахмановпен сұхбатты оқырмандар назарына ұсынамыз.
Cұхбат
16 желтоксан 2018 г.
999
0
(Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Заря Жұмановамен сыр-сұхбат) – Сізді жақсы білетін жұрт сыртыңыздан: «Заря – бала кезінде Әбу атасының батасын алған қыз еді ғой»,- деп жатады... Әдебиетіміздің алыптарының бірі, абыз Әбу Сәрсенбаев көптеген талантты жастардың жолын ашып, қиындық көріп, тарыққан жандардан көмегін аямаған өте мейірбан адам болды деп естиміз...
Cұхбат
15 желтоксан 2018 г.
1 745
0
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы елімізден асып, шет елдерде талқыланып, аса жоғары баға берілуде. Расын айтқанда, еліміздегі бұл елеулі оқиға республикамыздың шеткі аймақтарында, атап айтқанда, жергілікті ұлт өкілдері жиі шоғырланған өңірлерде қызу қолдауға ие болғандығы белгілі. Осы орайда Шиелі аудандық мәслихат хатшысы Болат Сыздықпен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз. Халық қалаулыларының өкілі өз әңгімесінде жергілікті мәслихат жұмысының да барысын әңгімелеп берді.
Cұхбат
11 желтоксан 2018 г.
832
0
Ертең облыс орталығында «Туған жерге тағзым» акциясы өткізіледі. Шарада Сыр елінің атын алыс-жақын шет елдерге танытып, білім, ғылым, мәдениет, кәсіпкерлік, спорт салаларында өз биігін бағындырған азаматтар бас қосады. Арнайы шақырылған азаматтар қатарында Сыр елінің перзенті, журналист, «Хабар» агенттігінің қызметкері Нұрбек Әмиша да бар. Жуырда жерлесіміз "Болашақ" халықаралық бағдарламасы арқылы Англияның Лидс қаласында білім алып, елге оралған болатын. Форум алдында туған жерге келген Нұрбек Шынтемірұлымен медиа саласы, «Болашақ» бағдарламасы турасында сұхбаттасудың сәті түскен еді.
Cұхбат
28 қараша 2018 г.
2 627
0
Кәсіпкерлік әлеміндегі әйелдер үшін биылғы жылдың ең үлкен жаңалығы осы болды. Мамыр айында өткен іскер әйелдер конгресінде Іскер әйелдер кеңесі «Халық Банкімен» меморандумға қол қойды. Нәтижесінде кәсібін дамытамын деген әйелдерге 10 млн теңгеге дейін несие алуға мүмкіндік бар. Бұл мүмкіндікті сырбойылық кәсіпкер әйелдер қаншалықты пайдалана алды? Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Аманова мен аз-кем сұхбат осы және өзге салаға бірқатар сауалдармен өрбіген еді..
Cұхбат
25 қараша 2018 г.
2 401
0
Қазақстан ревматологтар қауымдастығының төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ревматолог дәрігер Ғалымжан Тоғызбаевтың есімі жалпақ жұртқа жақсы таныс. Қатардағы дәрігерден бастап, бірқатар басшылық қызметтер атқарған ол, бүгінде жеке медициналық компанияның жетекшісі. Оңтүстік Корея елімен бірлескен жоба аясында биыл Алматы қаласында ашылған орталық қазақстандықтардың шетел асып, ем іздеп сабылмауына мүмкіндік береді. Жуырда белгілі дәрігермен тілдесудің сәті түскен еді.
Cұхбат
10 қараша 2018 г.
2 964
0