АНА МЕН БАЛА САУЛЫҒЫ БӘРІНЕН МАҢЫЗДЫ

АНА МЕН БАЛА САУЛЫҒЫ БӘРІНЕН МАҢЫЗДЫ

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық Ана мен бала орталығында болып, генетикалық, босанудан кейінгі оңалту және кеңес беру-диагностикалық бөлімдерінің жұмысымен танысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қаңтар 2016 г. 1 791 0
КӨЛІКТЕР ДЕ КӨГІЛДІР ОТЫНҒА КӨШУДЕ

КӨЛІКТЕР ДЕ КӨГІЛДІР ОТЫНҒА КӨШУДЕ

Бүгінде бензин бағамынан басы айналғандар газға үмітпен қарай бастады. Сондықтан, соңғы кездері көліктеріне газ баллон жабдығын орнатуды жөн санайтындар көбейген. Олар газбен жүретін көліктердің бензинге қарағанда баға жағынан әлдеқайда тиімді екенін айтады. Дегенмен, оның сапасына ерекше мән бермесе болмайды. Өйткені, жүргізушілер сапасыз газдың кесірінен көліктің кейбір құрылғылары істен шығып, тез тозатынын айтады. Осы жайттарды ескере келе және нарықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында Қызылорда қаласында жаңа жоба қолға алынып, жүзеге асырылып жатыр. Дәлірек айтсақ, көліктерге сапалы әрі экологиялық таза газ құятын станция салынуда. Жобаның жетекшісі – «Газ трейд» серіктестігі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қаңтар 2016 г. 829 0
ПОЛИЭТИЛЕН ҚҰБЫРЛАРЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

ПОЛИЭТИЛЕН ҚҰБЫРЛАРЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

Германияның «Краус Маффай» құрал-жабдығын пайдаланатын Шиелідегі полиэтиленнен құбыр шығаратын зауыттың түрлі маркадағы өнімдері елімізде зор сұранысқа ие болып отыр. Нарықтық қатынас талабына сай еңбек ұйымдастыра білген кәсіпорын жылдан жылға өндіріске қарқын қосып, жаңа технологияларды кірістіруде.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қаңтар 2016 г. 1 104 0
БАСТЫ МАҚСАТ – ЕЛДІҢ ИГІЛІГІ

БАСТЫ МАҚСАТ – ЕЛДІҢ ИГІЛІГІ

Кеше Ақордада Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты кеңес өткізді. Кеңеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова, Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин, Конституциялық кеңес төрағасы И.Рогов, Бас прокурор А.Дауылбаев және басқалар қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қаңтар 2016 г. 987 0
САЛЫҚ – ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫНЫҢ КӨЗІ

САЛЫҚ – ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫНЫҢ КӨЗІ

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен салық базасын кеңейтуге арналған мәжіліс өтті. Мәжілісті ашқан аймақ басшысы салық саласында өткен жылды қорытындылап, алдағы міндеттерді айқындап алу қажеттігін атап өтті. Жергілікті атқару органдарының ең негізгі міндеттері – салық базасын кеңейту, тұрақты жұмыс орындарын ашу және әлеуметтік саясаттың тұрақтылығын қамтамасыз ету екенін жеткізген Қырымбек Елеуұлы салық базасын кеңейту дағдарыс кезеңінде өте маңызды және өзекті мәселе екеніне назар аударды. 2015 жылғы міндеттеме 106,6 пайызға орындалып, жергілікті бюджетке 38,7 млрд теңге түсті. Жергілікті бюджетке түскен салық әлеуметтік, жеке табыс және мүлік салығынан болып отыр. Мұнай бағасының төмендеп жатқан кезде салық базасының тұрақтылығын қамтамасыз ету оңайға соқпайды. Сондықтан салық базасының тұрақтылығын арттыру үшін қолда бар резервтерді пайдалану қажет.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қаңтар 2016 г. 1 259 0
ҮЙІҢІЗГЕ ГАЗ ТЕГІН ТАРТЫЛМАЙДЫ

ҮЙІҢІЗГЕ ГАЗ ТЕГІН ТАРТЫЛМАЙДЫ

Бүгінде Кеңес одағынан бері көмір тасып, күл шығарып келген тұрғындардың көңілі шат. Қалалар мен елді мекендерге табиғи газ жеткі­зіліп, пайдалануға берілуде. Аудандарды газдан­дырудың 2014 жылы іске қосылған «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының арқа­сында қол жеткіздік. Жалпы ұзындығы 1143 шақырым болатын магистральды газ құбырының 846 шақырымы біздің облыстың аумағынан өтіп жатыр. Содан көп кешікпей, яғни былтырғы жылы облысты кешенді газдандырудың бірінші кезеңі басталып кетті. Облыс әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасындағы меморандумға сәйкес, 23 миллиард теңге қаражат бөлініп, қазан айының ішінде төрт бірдей аудан – Жаңақорған, Шиелі, Қазалы және Арал аудандарының орталықтары газға қосылды. Бұдан бөлек, Байқоңыр қаласы да газдандырылды. Бұл – үлкен жетістік. 2014 жылы облысты табиғи газбен қамтамасыз ету 35 пайызды құраса, 2015 жылы өңір халқының 63 пайызы, яғни шамамен қосымша 476 мың тұрғын көгілдір отынға қол жеткізіп отыр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қаңтар 2016 г. 1 254 0
ЖАУАПКЕРШІЛІГІ МОЛ КЕЗЕҢ БАСТАЛДЫ

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ МОЛ КЕЗЕҢ БАСТАЛДЫ

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев­тың төрағалығымен ап­парат­тық мәжіліс өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 қаңтар 2016 г. 940 0
ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ өңір өндірісінің тұрақтылығын сақтайды

ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ өңір өндірісінің тұрақтылығын сақтайды

«Әлемдік дағдарыс біздікі секілді экономиканың осал тұсын тағы бір мәрте ашып көрсетті. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі әлі де төмен күйінде қалып отыр, ғылымды дамыту мен ғылыми сыйымдылығы жоғары технологияларды енгізу қарқыны әлі де баяу», - деді Президент Н.Назарбаев өткен «Нұр Отан» партиясының 16 съезінде.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 қаңтар 2016 г. 2 373 0
МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК

МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК

Бейсенбі күні облыстық әкімдік пен ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ бірлесе отырып, «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы» ҚР Заңын түсіндіру бойынша өңірлік семинар өткізді. ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Құсайыновтың төрағалық етуімен өткен семинарға мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, бизнес қауымдастықтар, «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ, «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС өкілдерімен қатар, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары әкімдіктері мамандары қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қаңтар 2016 г. 1 448 0
ҚАЗАҚ ТАБИҒАТЫНАН СУРЕТШІ ХАЛЫҚ

ҚАЗАҚ ТАБИҒАТЫНАН СУРЕТШІ ХАЛЫҚ

Өнерге деген сүйіспенші­лік, құштарлық – адам баласының бойындағы ең құнды қасиет. Соңғы уақытта осы мәдени құндылыққа жұрт назарының қайта бұрыла бастағаны қуантады. Қызылордалық қылқалам шебері Һәм мүсінші Аманкелді Кененбаевтың туын­дылары әлемдегі талай-талай көрме­лерге қойылып, талғампаз көрерменнің көз­айымына айналғанын бүгінде жал­пақ жұрт біледі. Жаңа жылдың алғашқы күндері егіз өнердің құлағын ұс­та­ған жігіт ағасымен әңгіме­ле­су­дің орайы келе қалғаны.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 қаңтар 2016 г. 2 919 0