« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық Ана мен бала орталығында болып, генетикалық, босанудан кейінгі оңалту және кеңес беру-диагностикалық бөлімдерінің жұмысымен танысты.
Облыстық перинаталды орталығы аймақтағы әйелдер мен балаларға мамандандырылған стационарлық және кеңес беру диагностикалық көмегін көрсететін бірден-бір жетекші орын. Орталықта өткен жылдың сәуір айында генетикалық бөлім ашылып, бүгінде жемісті жұмыс істеуде. Мұнда цитогенетик және сарапшы мамандар бар. Олар жаңа үлгідегі құрал-жабдықтар арқылы өңірдегі жүкті әйелдерге перинаталды скрининг, яғни, биохимиялық, цитогенетикалық тексерулер жүргізеді. Сонымен бірге орталық жаңа инвазивті тәсілді қолдануда. Бұл бойынша құрсақтағы баланың жолдасы мен кіндігінен анализдер алынып, жағдайы анықталады. Перинаталды орталықтың бас дәрігері Ләйла Құлтаеваның айтуынша, жүргізілген скрининг нәтижесінде өткен жылы 17815 жүкті әйелдің құрсағындағы шараналардың 1010-нан Даун синдромы, 243-нен нерв жүйесі ақауы, екеуінен Эдвардса ауруы нақтыланған. Мұндайда мамандар кеңесе отырып,жүктілікті ерте кезеңінде үзуге шешім қабылдайды. Өткен жылы осындай жағдайда 78 әйелдің жүктілігі үзілген.Алдағы уақытта зерттеуді жетілдіру мақсатында фишметод бағдарламасын енгізу көзделуде.
Орталықта ағымдағы жылдың басында ашылған босанудан кейінгі оңалту бөлімі де емдеу ұйымының жұмысын жан-жақты ете түсті. Мұндай бөлім республика көлемінде біздің өңірде алғаш болып ашылып отыр. 30 төсектен тұратын бөлімге облыстық бюджеттен 38 млн теңге қаржы бөлінген. Бұл бөлімде босануға дейін немесе босанғаннан кейінанықталған ауруларына байланысты аналарға медициналық көмек көрсетіледі. Мәселен, Сырдария ауданының тұрғыны Нұрбану Әбуованың ем алып жатқанына бір аптадай болған. Қан қысымы жоғарылаған анаға қажетті ем жасалуда. Ал Гүлнар Әуелханова қан аздығы ауруының ауыр жағдайымен дәрігерлер бақылауында. Босанып, ем алып жатқанына бес күн болған жас ана бүгінде өзін жақсы сезінеді. Сырдариялық Мақпал Қуандықованың бірінші босануы. Кесарь тілігі арқылы босанған әйел бүйрек ауруымен ауырады. Алғашында дене қызуы жоғарылап, өзін нашар сезінген анаға мамандар жан-жақты ем-домдарын жасаған. Осының нәтижесінде қазір жағдайы қалыпқа келген. Аймақ басшысы жас аналардың жағдайларымен танысып, халдерін сұрады. Орталық қызметіне риза болған аналар алғыстарын жаудырып жатты. Жалпы мұнда қазіргі уақытта 26 әйел емделуде. Бөлімде аналар тек ем алмайды, сонымен бірге оларға балаға қалай күтім жасау керектігі түсіндіріліп, отбасын жоспарлау бойынша тиісті дәрістер де беріледі. Жүкті әйелдер үшін арнайы тіс емдеу бөлімі де іске қосылған.
Сондай-ақ, орталықта өңірдегі жүкті әйелдердің жағдайын бақылап отыруға арналған регистор жасалған. Бағдарлама бойынша облыс көлеміндегі барлық болашақ аналардың тіркеуге тұрған сәтінен бастап босанғанға дейінгі жағдайы бақылауға алынады. Тіркеуге тұрған әйелдердің ішінде қауіпті топтағылары іріктеліп, әйелдердің денсаулық жағдайларына қарай олардың қай жерде босанатыны да анықталады.
Бұл жағдайлардың барлығы аймақта ана мен бала өлім-жітімінің алдын алуға, туа бітті ауруларды төмендетуге бағытталып отырған ауқымды жұмыстардың бір бөлігі екені белгілі.
Ана мен бала орталығының жұмысымен танысып шыққан облыс әкімі Қ.Көшербаев ана мен бала денсаулығын қорғауға қашан да қолдау білдіретінін, бұл бағыттағы жұмыстарға бөлінетін қаржының қысқармайтынын айтып, дәрігерлерді осыған сай жұмыс істеуге шақырды.
– Біз ана мен балаға саулығына қаралған қаражатты қандай жағдайда болмасын қысқартпаймыз. Барынша қолдау білдіреміз. Тұрғындардың Алматы, Астана секілді қалаларға барып тексеруден өтулеріне жағдайлары келе бермейді. Сондықтан осы жерден қажетті тексерулер жүргізіліп, емдерін алғаны тиімді. Бұл қала деңгейіндегі аурухана емес, бүкіл облыс көлемін қамтитын орталық. Сондықтан біздің дәрігерлеріміз де соған сай жұмыс жасауы керек,– деді аймақ басшысы.
Айнұр БАТТАЛОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |