« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Аталған өндіріс орны 2011 жылдан бері «Қазақ нефтехимиялық компаниясы» серіктестігінің Қызылорда филиалы ретінде қайта құрылып, түрлі көлемдегі полиэтилен құбырларын шығаруды жалғастыра бастады. Бұл жергілікті өнім өндіруші кәсіпорындармен қатар, жақын маңдағы мекемелерге де тиімді болып тұр.
Кәсіпорын бұған дейін тек тау-кен өндірісіне диаметрі 90х8 мм ұзындығы 11 метр құбырлар өнімін шығарған болса, жан-жақты сұраныстың пайда болуына байланысты өз мүмкіндіктерін қайта қарап, бүгінгі күні диаметрі 195х14,5 мм-лік полиэтилендік пластмасса құбырларын көптеп шығаруды қолға алды. Сондай-ақ, сүзгілік қабілетті КДФ 118 құбырларының бірнеше түрін тапсырысқа сай дайындап беретін болса, ауыз су тұтынуына қажетті тауарларды айналымға шығарды. Жуырда құбыр шығаратын зауытта төртінші желі іске қосылды. Бұл – 280 мен 630 мм аралығындағы құбыр шығару қолға алынды деген сөз. Яғни, жұмыс ауқымы арта түскендігін білдіреді.
Уран мен мұнай өндірісіне өте қажетті құбыр шығаратын зауыттың жылдық қуаттылығы – 951192 шаршы метрге жеткізілсе, мүмкіндікті еселеп арттыруға да жол ашық. Өйткені, мамандардың біліктілігі мен құрал-жабдықтардың сенімділігі алдағы жоспарларды кеңінен қарауға жағдай жасай алады. Өндірілетін өнімнің шикізаты Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей мемлекеттерінен тасымалданып, жұмыс өнімділігінің негізі берік қаланды.
«НКК Кемикал» ЖШС-ның – «Қазақстан-Қырғызстан-Ресей-Заречная» АҚ Бірлескен кәсіпорны, «РосБурмаш Қазақстан-Ресей» АҚ Бірлескен кәсіпорындарымен қатар «ТТК-Шиелі» ЖШС және де көрші Жаңақорған ауданындағы «Байкен U», «Қызылқұм», «Гидро Спец Строй» ЖШС, «Мехколонна – 49» ЖШС, «Djoing Drilling» ЖШС мекемелерінің сұранысын игеріп келе жатқандары кәсіпорынның кеңге қанат жайғандығын білдірсе керек.
Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласынан қуаттанған кәсіпорынның жұмысшы-қызметкерлері өнім көлемін еселеп арттырумен қатар, сапаға барынша ден қойып келеді. Мақсат айқын жерде табыстың да болатындығы сөзсіз.
Нұрмахан Елтай.
Шиелі ауданы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |