Қазіргі таңда елімізде шағын және орта бизнесті қолдауда «Микробизнес Қызылорда» жобасының жұмысы өте маңызды және пайдалы. Кәсібін жаңа бастап жатқан кәсіпкерлерге елеулі көмек деуге болады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 наурыз 2017 г.
797
0
Тұтыну нарығын күнделікті зерттеп, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын анықтайтын сарапшылардың пікіріне қарағанда, сауатты маркетинг, қолжетімді баға сияқты бірнеше факторлар бизнестің өркендеуіне өзек болады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 наурыз 2017 г.
1 245
0
Бұқаралық ақпарат құралдарында өнер адамдарына қатысты талқыланып жүрген пікірталасқа жеке ойымды білдіріп, асабаларға қатысты азаматтық тұрғыдағы көзқарасымды айтсам, мемлекет қазынасының жайына бей-жай қарамайтын қоғам тобы мені қолдайтын шығар деп ойлаймын. Ең әуелі «мемлекет қазынасы неден құралады?», «оны қандай әлеуметтік мақсаттарға жұмсайды?» – деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Мемлекет қазынасы республикадан бөлінетін трансферттерден, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден және өзге де кіріс көздерінен құралады. Ал енді біздің осы қазынаға жиналған қаражаттарымыздан қарияларымыздың зейнетақысы, көпбалалы аналардың жәрдемақысы, балаларымызды оқытып жатқан мұғалімдер, күнделікті үй-үйді аралап жүрген жедел жәрдем мен ауруханаларда еңбек ететін дәрігер¬лері¬міздің жалақылары және т.с.с. төленеді. Одан басқа қаламызды көркейтуге жұмсалынып жатқан қыруар қаржының барлығы осы қазына қаржысына тікелей байланысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 наурыз 2017 г.
688
0
Франция елінің моделіне сүйенген жеке сот орындаушылар институтын құруды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2005 жылы тапсырды. Соның нәтижесінде 2010 жылы жеке сот орындаушыларының құқықтық іргетасы қаланып, ҚР-ның «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осылайша мемлекетімізде жеке сот орындаушылар институты пайда болды. Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш болып мемлекеттік сот орындаушыларымен қатар, сот және басқа актілерді орындаумен жеке сот орындаушылары айналысатын атқарушылық іс жүргізу жүйесін өзгертті. Сол уақыттан бастап мемлекетімізде екі үлгілі жүйе іске қосылды. Олар: мемлекеттік және жеке сот орындаушылар.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 наурыз 2017 г.
801
0
Ел Президентінің биылғы Жолдауы шеткі аймақ тұрғындарына да зор серпіліс берді. Алдағы тіршілігіне сенім ұялатты. Ауыл адамдары түрлі саладағы кәсіпкерлікке үйірсектегенімен әлі де атакәсіп – мал шаруашылығы мен егіншілікке арқа сүйейді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 наурыз 2017 г.
651
0
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жас жазушы, 40-қа жуық ертегінің авторы, түрлі байқаулар жеңімпазы Алтынай Берікті қабылдап, сый-сияпат табыстады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 наурыз 2017 г.
870
0
Халықаралық әйелдер күнінде Елбасы Ақордада елдің әр түкпірінде сан түрлі салада лайықты қызмет етіп жүрген қыз-келіншектерді қабылдады. Олардың арасында «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының редакторы, «Шабыт» халықаралық шығармашылық фестивалінің жүлдегері Толқын Қабылша да болды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
11 наурыз 2017 г.
732
0
Бүгін еліміз үшін маңызы зор тарихи шешім жүзеге асты. Елбасы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Мемлекет басшысы заң билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді етуге бағытталғанын, оның жобасы бір ай бойы қоғамдық талқылаудан өтіп, соның нәтижесінде жұртшылық тарапынан 6 мыңнан астам ұсыныс келіп түскенін, арнайы құрылған жұмыс тобы ұсыныстардың барлығын сараптап, бір тұжырымға келгенін айтты. Сонымен бірге, көпшіліктің Ата Заңдағы 26-бапқа өзгеріс енгізу жөніндегі ұсынысқа қатысты пікіріне ерекше мән берілгенін жеткізді. Парламенттің бірлескен отырысында екі рет қаралып, қабылданған бұл заң билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлетіні, сол арқылы заң шығарушы билік пен Үкіметтің мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңа ролі айқындалғаны айтылды. Осы маңызды тарихи сәт еліміздің саяси кезеңінің басталғанын бізге анықтап беріп отыр. Бүгін тарихи құжатқа қол қою арқылы Елбасымыз қазақстандықтарға үлкен сенім артып отыр. Ендігі кезекте барлық күш-жігерімізді осы сенім мен жауапкершілікті ақтауға жұмсауымыз керек деп ойлаймын. Самұрат ИМАНДОСОВ, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 наурыз 2017 г.
601
0
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға жария түрде қол қойды. Президент бұл тарихи сәтті «қазіргі басқару жүйесін жаңғыртуға бастайтын маңызды қадам» деп бағалады. Билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді етуге бағытталған заң жобасы бір ай бойы қоғамдық талқылаудан өтті. Осы уақыт аралығында халық белсенділік танытып, елдің басты құжатына енгізілетін өзгерістерге өз ұсыныстарын білдірді. Бұл ұсыныстар арнайы құрылған жұмыс тобы сарабына жіберіліп, тұжырым жасауға өзек болды. Енгізілген өзгерістердің барлығы еліміздің дамуына ерекше серпін беретін маңызға ие. Мемлекет құрылымына ұсынылған өзгерістер қоғамымызды демократияландыру ісін күшейтіп, халық билігінің негізін одан әрі нығайтуға, Парламенттің ролін, Үкіметтің президенттік басқару нысаны алдындағы дербестігі мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Реформаның көздеген мақсаты да осы. Бұл үдеріс ел дамуының тағы бір жүйелі және заңды кезеңіне өткенімізді айқындайды. Қайреддин БАЙМАХАНОВ, «Ерлік» үйлестіру қоғамының төрағасы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 наурыз 2017 г.
595
0
Елбасының «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға жария түрде қол қоюы мәні зор маңызға ие. Бұл мемлекетіміздің жаңа тарихына, халқымыздың берекелі де бейбіт өміріне, ынтымағына бастайды. «Келісіп пішкен тон келте болмас» демекші, конституциялық реформалар біршама уақыт бүкілхалықтық талқылауға түсіп, ұсыныс-ескертпелер қаперге алынды. Жауапты сәттердің бәрінде ауызбіршілігімізді паш ететін игі дәстүрден бұл жолы да жаңылғанымыз жоқ. Осылайша «Қазақстан қай бағытта жүреді?» деген сұраққа жауапты нақтыладық. Біз демократиялық даму жолын таңдадық. Ата Заңымыздың жаңа нұсқасын жасау елімізді шынайы демократияландыруға қарай жасалған нақты қадамдардың бірі екенін сеніммен айта аламыз. Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар заман ағымына сай Қазақстан қоғамын құруға көмектесетіні даусыз. Сәулет САХИЕВ, Ақпараттық талдау орталығының басшысы, саяси ғылымдар кандидаты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 наурыз 2017 г.
700
0