Елбасының «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға жария түрде қол қоюы мәні зор маңызға ие. Бұл мемлекетіміздің жаңа тарихына, халқымыздың берекелі де бейбіт өміріне, ынтымағына бастайды.
«Келісіп пішкен тон келте болмас» демекші, конституциялық реформалар біршама уақыт бүкілхалықтық талқылауға түсіп, ұсыныс-ескертпелер қаперге алынды. Жауапты сәттердің бәрінде ауызбіршілігімізді паш ететін игі дәстүрден бұл жолы да жаңылғанымыз жоқ. Осылайша «Қазақстан қай бағытта жүреді?» деген сұраққа жауапты нақтыладық. Біз демократиялық даму жолын таңдадық. Ата Заңымыздың жаңа нұсқасын жасау елімізді шынайы демократияландыруға қарай жасалған нақты қадамдардың бірі екенін сеніммен айта аламыз.
Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар заман ағымына сай Қазақстан қоғамын құруға көмектесетіні даусыз.
Сәулет САХИЕВ,
Ақпараттық талдау орталығының басшысы,
саяси ғылымдар кандидаты.