Өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы қызыл империя әдейі ұйымдастырған қанды террор мен жаппай репрессия қазақ халқының тарихында мәңгілік өшпестей қаралы таңба қалдырды. Кеңестік жүйенің қандықол жендеті НКВД салған зұлымдықтар салдарынан халқымыздың көптеген аяулы азаматтары жазықсыз жазаланды. Сұмдығы сол, НКВД органдары тұтқындауларды жоспарлы түрде жүргізген болатын, яғни ай сайын қанша адам ұсталуы керек деген рақымсыз нұсқаулар жоғарыдан түсіп тұрған.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 маусым 2017 г.
557
0
2017 жылы 30-31 мамырда Қызылорда облысында «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты халықаралық форум болып өтті. Форумға ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова, КХА Төрағасының орынбасары Д.Мыңбай, облыс әкімі Қ.Көшербаев, сонымен қатар бірқатар зиялы қауым өкілдері мен Оңтүстік Корея, Түркия елдерінен және республика өңірлерінен келген ғалымдар мен форум делегаттары қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
31 мамыр 2017 г.
853
0
Қызылорда қаласындағы қайта жаңғыртылған ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық ескерткіш алаңында «Азалы тарихқа тағзым» атты митинг болып өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
31 мамыр 2017 г.
807
0
Бүгін Қызылорда қаласында қайта жаңғыртылған ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған Мемориалдық ескерткіш жанында «Азалы тарихқа тағзым» атты митинг өтті. Митингте құрбандарды еске алу мақсатымен бір минуттық үнсіздік жарияланып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Шараға жалпы 3 мыңнан астам адам қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
31 мамыр 2017 г.
978
0
30 мамырда Қызылордаға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова және Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай бастаған делегация келді. Делегаттар Бірінші Арал халықаралық форумына қатысып, «Қорқыт Ата» мемориалдық кешенінде және Жосалы кентіндегі «Жыраулар» үйінде, Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінде болып, шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
31 мамыр 2017 г.
610
0
Қызылордада бірінші Арал халықаралық тұрақты даму форумы өтіп жатыр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 мамыр 2017 г.
1 117
0
"Тарихтан тағылым – өткенге тағзым” халықаралық жобасының эстафетасын бұл жолы сырбойылықтар қабылдап алды. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбай, шетелдік және отандық ғалымдар, өңірлік ҚХА хатшылығының меңгерушілері, репрессия және депортация құрбандарының ұрпақтары қатысуда.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 мамыр 2017 г.
880
0
23 мамыр күні «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тікелей эфирінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Әкім сағаты» бағдарламасы өтті. Телеарна журналистері Алтынай Молжанова мен Ғалымжан Жұманазар жүргізген бағдарлама 2,5 сағатқа созылды. Тікелей эфир барысында аймақ басшысы облыстың тыныс-тіршілігі мен алдағы жоспарлар жайлы тарата айтты. Бағдарлама кезінде көрермендер тікелей эфир арқылы аймақ басшысынан өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алды. Мұнан бөлек 400-100 Call-орталығы мен www.400-100.kz. арнайы сайты жұмыс жасап, 359 облыс тұрғыны өз сауалдарын жолдады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 мамыр 2017 г.
1 648
0
Елбасы шешімімен 1997 жылдан бастап «31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбан¬дарын еске алу күні» болып ресми бекітілген. Мемлекет басшысының қолдауы арқасында саяси қуғын-сүргін құрбандарының есімдерін тарих бетінде мәңгілік қалдыру мақсатында өте ауқымды шаралар қолға алынуда. Оларға арнап тұрғызылған ескерткіштер, олардың жатқан жерлерін іздестіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл тұрғыда Елбасы «Саяси қуғынға ұшы¬рағандарды еске алу күнінде: «Біздің мақсатымыз – жау іздеу емес, болған қасыретті ұмытпау, нақты тарихты білу, оны жазып қалдыру және біздің тұқым-жұрағаттарымыз білу үшін еске алып отыру» деген болатын.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 мамыр 2017 г.
982
0
Ертең Қызылордада Арал өңірін тұрақты дамыту жөніндегі халықаралық форум өз жұмысын бастайды. Форумның басты ұйымдастырушылары – Қызылорда облысының әкімдігі, «Астана» халықаралық ғылыми кешені және Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы Атқарушы Дирекциясы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
29 мамыр 2017 г.
912
0