Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды

Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2020 г. 704 0
Қызылордада медициналық маска мен антисептикті қайдан алуға болады?

Қызылордада медициналық маска мен антисептикті қайдан алуға болады?

 Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті дәріханалық ұйымдардағы бетперделер мен антисептиктер қорына мониторинг жүргізілді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 наурыз 2020 г. 1 324 0
Қызылордалық ғалымдар антисептик әзірлеуде

Қызылордалық ғалымдар антисептик әзірлеуде

Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов облыстағы дәріхана иелері және жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлермен кездесті.  Қазір бетперде және антисептик сынды медициналық бұйымдар тұрғындар тарапынан үлкен сұранысқа ие. Тапшылықты болдырмау мақсатында облыс әкімі ертеңнен бастап кәсіпкерлерге арзан бағада бетперде тігіп, оны дәріханалар арқылы халыққа ұсыну қажеттігін тапсырды. Қазіргі таңда "Dalatex" тігін фабрикасы №50 дәріханамен келісім-шартқа отырып күніне 10 мың данадан аса бетперде ұсынады. Ал белгілі кәсіпкер Аида Керімқұлова күніне 1000-1500 дана тауарды "Аңсар" дәріханалар желісіне жеткізеді.  Ал Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары антисептиктердің тапшылығын ескеріп, арнайы құтыға құйылған залалсыздандыратын сұйықтық әзірлеуде. Аймақ басшысына антисептик шығаратын кәсіпкерлер өңірде этил спиртінің тапшылығы туындап отырғанын жеткізді. Осыған байланысты, Қуанышбек Ысқақов жауапты сала жетекшілеріне өнімді 2 күн ішінде өзге аймақтардан әкеліп беруді міндеттеді. Тек сатылымға шығарылатын тауар халыққа қолайлы бағада ұсынылуы тиістігін ескертті.  "Осындай төтенше жағдай кезінде біз бірігуіміз қажет. Халық үшін бірге жұмыс істеуіміз керек. Маска мен антисептиктердің бағасын шарықтатып пайда көру деген болмасын. Індет, дағдарыс дегеніміз – уақытша, өтпелі құбылыс. Біздің алдымызда тұрған мақсат – мүмкіндікті барынша пайдалану, осы дағдарыстан аман-есен шығып, одан да мықты болу. Оған біздің толық мүмкіншілігіміз бар. Әрқайсымыз өз міндетімізді жауапкершілікпен орындасақ, бұл қиындықтан тезірек шығамыз",- деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2020 г. 1 096 0
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2020 г. 408 0
Коронавирус: Қызылордада жалған ақпарат таратқан 2 тұрғын қамауға алынды

Коронавирус: Қызылордада жалған ақпарат таратқан 2 тұрғын қамауға алынды

Қызылорда облысының екі тұрғыны әлеуметтік желі арқылы аймақта коронавирус жұқтыру оқиғалары болғандығы туралы жалған ақпарат таратқан. Қазір олар қамауға алынған. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2020 г. 641 0
Қызылордада қатты желдің әсерінен бірнеше ауыл жарықсыз қалды

Қызылордада қатты желдің әсерінен бірнеше ауыл жарықсыз қалды

Қызылорда облысында қатты желдің әсерінен бірнеше ауыл жарықсыз қалды. Бірнеше әлеуметтік нысанның шатыры ұшып кетті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық жұмылдыру басқармасына сілтеме жасап. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2020 г. 500 0
Қуанышбек Ысқақов: "Індет - өтпелі құбылыс"

Қуанышбек Ысқақов: "Індет - өтпелі құбылыс"

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың төтенше жағдайға байланысты өткізген жедел штаб отырысындағы тапсырмалары ☑️Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаменті қала және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, провизорлық және карантиндік стационарларға қосымша төсек орындар қарастырсын; ☑️Республика көлемінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасы Бас санитариялық дәрігерінің №26 Қаулысынан туындайтын талаптарды қатаң орындасын; ☑️Тұрғындар арасында санитариялық ағарту және ақпараттық түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізсін. ☑️Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаменті, "Ұлттық сараптама Орталығының" филиалы тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында әр 10 күн сайын бақылау нүктелерінен су сынамаларын алып, сапасына мониторинг жүргізсін; ☑️Зерттеу нәтижелерімен сәйкессіздіктер анықталса, жою шараларын қолға алып, қайта зертханалық тексерулер жүргізсін.   ☑️Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы                     №66597 әскери бөлімімен бірлесіп, карантиндік шараларға қатысты дайындық жұмыстарын күшейтсін және көшелер мен нысандарды дезинфекциялауға әзір болсын;   ☑️№66597 әскери бөлімі карантиндік шараларға қатысуға қажетті жеке қорғану құралдарының есебін нақтылап, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасына ұсынсын.   ☑️Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы                    коронавирусқа қарсы санитарлық-эпидемиологиялық шараларды ұйымдастыру мақсатында қала, аудан әкімдіктерінен, облыстық денсаулық сақтау, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларынан, облыстық іс басқармасынан, құқық қорғау органдарынан және әскери бөлімдерден қажетті бетперде, медициналық құрал-жабдықтар, антисептиктер және залалсыздандыру жұмыстарының көлемі бойынша мәліметті жинақтап, есебін облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынсын.   ☑️Құқық бұзушылықтың көбеюіне, ең алдымен, ұрлыққа, тонауға, талан-таражға салуға, биліктің заңды талаптарына бағынбауға жол бермеу керек.  Осыған байланысты қоғамдық орындардың күзетін, оларды жарықтандыру және бейнебақылау камераларымен жабдықтау шаралары күшейтілсін. Бұған полицияның бүкіл құрамы жұмылдырылуы керек.   ☑️Бүгінгі күні қала, аудандардағы қоғамдық орындарды әкімшілік қызметкерлер мен полиция өкілдері аралап, рейд жүргізуде. Әрине, барлық нысандарды аралау мүмкін емес, бірқатар қиыншылықтар тудыруда. Бұл шараға "Нұр Отан" партиясы, Үкіметтік емес ұйымдар, "Атамекен" Кәсіпкерлік палатасы өкілдері белсене атсалысуы тиіс. ☑️Кәсіпкерлік нысандардан бөлек, отбасылық шаралар әлі жалғасуда. Бұған волонтерлар, Қоғамдық кеңес пен ардагерлер ұйымдарының көмегі қажет. ☑️Облыстық кәсіпкерлік және туризм және индустриялық инновациялық басқармалары Қызылорда қаласы және аудан әкімдерімен бірлесіп, шұғыл түрде облыстағы кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіп, бетперделер мен антисептиктер шығаруды қамтамасыз етсін.   ☑️Қызылорда облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау, полиция және төтенше жағдайлар департаменттері, облыстық ішкі саясат басқармасы, Қызылорда қаласы және аудан әкімдерімен бірлесіп аулаларда, көшелерде, қоғамдық орындарда арнайы жабдықталған автокөлікпен, дыбыс күшейткіш құралдармен тұрғындардың үйден шықпауларын, қоғамдық орындарға арнайы бетперделер тағып, санитарлық талаптар мен қоғамдық тәртіптін сақталуын хабарлауды ұйымдастырсын. ☑️Облыстық  ішкі саясат басқармасы, Қызылорда қаласы және аудан әкімдерімен бірлесіп қауесеттер мен арандатушылық ақпараттарға тосқауыл қою жұмыстарын ерекше бақылауға алсын. Қызылорда қаласы және аудан әкімдері коронавирус инфекциясына байланысты қандай да бір ақпаратты тек қана облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми мәліметінен кейін жариялауды қатаң тапсырамын.   ☑️Қызылорда қаласы және аудан әкімдері, күрделі жағдайды жеке басына пайдаланатын алаяқтыққа, алыпсатарлыққа жол бермеуіміз қажет. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін барлық елді мекендерді қажетті заттармен қамтамасыз етуді  тапсырамын.   ☑️Облыста азық-түлік және ең қажетті тауарлардың қоры жеткілікті. Қала және аудан әкімдері ең қажетті тауарлардың нақты есебін жүргізуді тапсырамын.   ☑️"Індет, дағдарыс дегеніміз – уақытша, өтпелі құбылыс. Біздің алдымызда тұрған мақсат – мүмкіндікті барынша пайдалану, осы дағдарыстан аман-есен шығып, одан да мықты болу. Оған біздің толық мүмкіншілігіміз бар. Біз әрқайсымыз өз міндетімізді жауапкершілікпен орындасақ, бұл қиындықтан тезірек шығамыз", - деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2020 г. 393 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзі

Құрметті әріптестер! Қазір бәріміз күрделі ахуалды бастан өткеріп жатырмыз. Осы орайда, билік органдарына зор жауапкершілік жүктеледі. Мұны естен шығармауымыз керек.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 наурыз 2020 г. 415 0
Қазақстан Президенті Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

Қазақстан Президенті Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Оған облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының басшылары бейне байланыс арқылы қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 наурыз 2020 г. 378 0
Жаһанға төк нұрыңды, Жаңа күнім!

Жаһанға төк нұрыңды, Жаңа күнім!

 Құрметті жерлестер! Табиғат-Ана жаңаратын, тіршілік атаулыға жан бітіп, жаңғыратын, жер-дүние бусанып, күн мен түн теңелетін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы баршаңызға құтты болсын!
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 наурыз 2020 г. 413 0