Облыс әкімінің өкімімен Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Қайратбек Әубәкірұлы 1961 жылы дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын инженер-гидротехник, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономист-бухгалтер мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы Сырдария суару жүйелері басқармасының инженері ретінде бастаған.
1999-2012 жылдары Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімінің меңгерушісі, Сырдария аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі, Сырдария ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2012-2017 жылдары облыстық қаржы басқармасының басшысы, Шиелі ауданының әкімі болды.
2017 жылдың қазан айынан бастап осы кезге дейін Жалағаш ауданының әкімі қызметін атқарып келді.