ІРІЛЕНГЕН ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ІСІ ІЛГЕРІ БАСАДЫ

Жаңақорған ауданының егіншілері биылғы жылы барлығы 30766 гектар жерге түрлі дақылдарды өз мерзімінде орналастырып үлгерді. Оның ішінде Сыр өңірінің басты дақылы – күріштің көлемі 8019 гектарға жеткізілсе, күздік бидай 2380 гектарға орналастырылды. Мұнан өзге дәндік дақылдардан 600 гектарға таяу тары, 505 гектар дәндік жүгері және 39 гектар ғана жаздық бидай бар. Өкінішке орай соңғысы тіптен аз, айтуға да ыңғайсыз. Техникалық дақылдар да аздап қамтылған, мақсары – 404 гектар болса, күнбағыс – 25 гектар. Сондай-ақ, картоп – 433 гектар, 1660 гектар бақша, 653 гектар көкөніс дақылдары егілді.
АҚПАРАТ 29 шілде 2014 г. 965 0

АҚ ТІЛЕК АҚТАРЫЛҒАН КҮН

Кеше таңертеңгі сағат сегізде еліміздің өзге өңірлері сияқты облысымыздың барлық мешіттерінде Айт намазы оқылды. "Айт” сөзі арабшадан тілдік қолданысымызға енген "мереке” деген мағынаны білдіреді десек, исі мұсылманға тән екі мереке бар. Соның бірі – Ораза айты болса, екіншісі – Құрбан айт. Атына заты сай Ораза айты мың айдан қайырлы рамазан айының аяқталған алғашқы күнінде басталады.
АҚПАРАТ 29 шілде 2014 г. 845 0

ҚҰТҚАРУШЫЛАР АНОНИМДІ ТЕСТ ТАПСЫРДЫ

ҚР ТЖМ «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің жеке құрамымен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары Г.Алмұрзаева, психолог П.Жұлыбаева шылым шегу мен алкогольді пайдалану, нашақорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында дәріс оқыды.
АҚПАРАТ 29 шілде 2014 г. 1 089 0
ҚЫЗЫЛОРДА: ДАМУДЫҢ СЕРПІНДІ ҚАДАМДАРЫ

ҚЫЗЫЛОРДА: ДАМУДЫҢ СЕРПІНДІ ҚАДАМДАРЫ

Өнеркәсіп. Қаланың өнер­кәсіп кәсіпорындары 2014 жыл­дың қаңтар-маусым айларында 554357,2 млн. теңгенің өнеркәсіп тауарларын өндірді. Кен өндіру өнеркәсібінде 528926,7 млн.теңгенің өнімі өндірілді. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 95,4 пайызын құрады. Есепті мерзімде 4906,9 мың тонна мұнай өндірілді. Табиғи газ өндіру 734,4 млн. текше метрді құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 101,5 пайызға артты. Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 12066,4 млн.теңгені құрады. Есепті мерзімде тамақ өнімдерін өндіру саласында ет және нан өнімдерін өндіру артты. Машина жасау саласы 32,9 пайызға артты.
АҚПАРАТ 26 шілде 2014 г. 1 427 0

МЕТАДОН – ЕСІРТКІГЕ ТӘУЕЛДІЛІКТІ АЗАЙТАДЫ

Облыстық наркология орталығында Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығының директоры Сағат Алтынбековтың қатысуымен кездесу болып өтті. Қолдаушы алмастыру терапия бағдарламасын сөз еткен өткен басқосуда есірткінің орнын ауыстыратын метадон препаратын облыста қолданысқа енгізу мәселесі талқыланды.
АҚПАРАТ 26 шілде 2014 г. 1 052 0
СЫР БІЛІМІНІҢ ҚАРАШАҢЫРАҒЫ

СЫР БІЛІМІНІҢ ҚАРАШАҢЫРАҒЫ

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Қам­қоршылық кеңес­інің мәжілісі болып өтті. Онда Қор­қыт ата атындағы ҚМУ-дың ректоры Қылышбай Бисенов университеттің білім беру қызметіндегі 2011-2014 жылдарда атқарылған жұмыстары және 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасының басым бағыттары турасында баяндама жасады.
АҚПАРАТ 26 шілде 2014 г. 1 113 0
«СЕРПІН-2050» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 2050 БОЙЫНША АРНАЙЫ ГРАНТ

«СЕРПІН-2050» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 2050 БОЙЫНША АРНАЙЫ ГРАНТ

Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап "Мәңгілік ел жастары – индустрияға” атты арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдады. Аталған бағдарламаның мақсат-міндеттері туралы "Мәңгілік ел жастары – индустрияға” Мемлекеттік бағдарламасы Республикалық Үйлестіру Кеңесінің төрағасы, "Өрлеу” БАҰО” АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Абдуламитұлы Әбеновтен айтып беруін сұраған едік.
АҚПАРАТ 26 шілде 2014 г. 89 924 0

ПАРТИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ ПӘРМЕНДІЛІГІ АРТАДЫ

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси кеңесі бюросының отырысы болып өтті. Онда үш мәселе қаралды.
АҚПАРАТ 26 шілде 2014 г. 931 0

ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН ЖӘНЕ ҚАДІР ТҮНІ

Қадір түні қарсаңыңда облыс әкімі Қ.Көшербаев "Номад палас” мейрамханасында ауыз бекіткен жандарға арнап ауызашар берді.
АҚПАРАТ 26 шілде 2014 г. 928 0

ӘКІМДЕР ЖҰМЫСЫ АЙМАҚ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІМЕН БАҒАЛАНАДЫ

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісі өтті. Онда облыс әкімінің іс-қимыл жоспарының орындалуы және 2014 жылдың І жартыжылдығында аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды. Ол бойынша облыс әкімінің орынбасары Наталья Годунова хабарлама жасады.
АҚПАРАТ 26 шілде 2014 г. 873 0