ҚЫЗЫЛОРДА: ДАМУДЫҢ СЕРПІНДІ ҚАДАМДАРЫ

Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2014 жылғы I жартыжылдығының қорытындылары

ҚЫЗЫЛОРДА: ДАМУДЫҢ СЕРПІНДІ ҚАДАМДАРЫӨнеркәсіп. Қаланың өнер­кәсіп кәсіпорындары 2014 жыл­дың қаңтар-маусым айларында 554357,2 млн. теңгенің өнеркәсіп тауарларын өндірді.

Кен өндіру өнеркәсібінде 528926,7 млн.теңгенің өнімі өндірілді. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 95,4 пайызын құрады. Есепті мерзімде 4906,9 мың тонна мұнай өндірілді. Табиғи газ өндіру 734,4 млн. текше метрді құрап, өткен жылдың с

Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 12066,4 млн.теңгені құрады. Есепті мерзімде тамақ өнімдерін өндіру саласында ет және нан өнімдерін өндіру артты. Машина жасау саласы 32,9 пайызға артты.алыстырмалы кезеңінен 101,5 пайызға артты.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау және электр энергиясы мен жылу энергиясын өндіруде де қомақты табыстарға қол жеткізілді.

Сумен жабдықтау саласында табиғи су өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 100,1 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2014 жылдың қаңтар-маусым айларында 561,1 млн. теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 118,6 пайызды құрады.

Мал шаруашылығында 2014 жылдың 1 шілдесіне меншіктің барлық нысандары бойынша 15528 бас ірі қара мал, оның ішінде 7374 бас сиыр, 22254 бас қой мен ешкі, 2933 бас жылқы, 1290 бас түйе, 14586 құс өсірілуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төрт түлікті көбейтуде айтарлықтай өсімнің бар екенін көрсетеді.

Есепті мерзімде 878,5 тонна ет (тірідей салмақпен), 2245,5 тонна сүт, 177,6 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылдың салыс­тырмалы кезеңінен ет өндіру 130 пайызды, сүт өндіру 106 пайызды құрады.

Биылғы жылы «Сыбаға» бағ­дар­ламасы аясында қала аумағындағы мал шаруашылығымен айналысатын 4 шаруа қожалығына 200 бас мүйізді ірі қара малдары мен 10 бас ет бағытындағы асыл тұқымды бұқалар алу межеленсе, қазіргі таңда 5 шаруа қожалығы 200 бас аналық сиыр және 19 бас бұқа малдарын алды.

Қызылорда қаласына қа­рас­ты ауыл шаруашылығы құры­лымдарының барлық нысандарында 2014 жылы барлығы 6696 гектар, оның ішінде 2910 га күріш, 345 га жаңа жоңышқа, 1000 га картоп, 931 га көкөніс, 580 га бақша дақылдары егіліп, 930 га ескі жоңышқа дақылы күтімге алынды.

Негізгі дақыл – күріш егудің көлемі 2910 гектарға жеткізіліп, межеден 110 гектарға, ал өт­кен жылмен салыстырғанда 533 гектарға артық егілді. Жаңа жоңышқа көлемі де 25 гектарға артық егілді.

Қолда бар күріш тұқымының 746 тоннасы лабораториялық сараптамадан өткізіліп, оның 554 тоннасы 1 класты, 12 тоннасы 2 класты, 180 тоннасы 3 класты себу дәрежелеріне жеткізіліп, себілді.

Минералдық тыңайтқыштар­мен қамтамасыз ету бойынша барлығы 1727 тонна, оның ішінде 1260 тонна азотты және 467 тонна фосфорлы тыңайтқыштары пайдаланылды. Қазіргі таңда 516 тонна аммоний сульфаты, 624 тонна карбамид, 120 тонна аммиак селитрасы және 467 тонна аммофос тыңайтқыштары алынды.

Биылғы егін егу науқанына қажетті 700 тонна дизель отыны, 35 тонна қою май және 126 тонна автобензин толығымен алынды. Көктемгі егін егу науқанына қатысқан техниканың барлық түрі күрделі және ағымдағы жөндеулерден өткізілді.

Биылғы жылғы су алу науқанына каналдар мен су тоспаларын дайындау мақсатында ішкі шаруашылықаралық су жолдарын тазалауға байланысты атқарылуға тиісті 21 мың текше метр жер жұмыстарынан 20 мың текше метр топырақ шығарылды. Осы ішкі су жолдары бойларында орналасқан 18 су тоспасы күрделі және ағымдағы жөндеулерден өткізілді.

Қолда бар 930 гектар ескі жоңышқаның егіс көлемдерін кү­тіп-баптау жұмыстары мер­зімінде атқарылып, бүгінгі таңда бірінші орымы аяқталды. Сөйтіп барлығы 1004 тонна жоңышқа шөбі дайындалды.

Сонымен қатар, ерте көктемдегі мол су да ұтымды пайдаланылып, шабындықтар мен жайылымдық жерлер суландырылды.

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі №237 қаулысымен бе­кітілген Қағидасына сәй­кес, қала аумағындағы 2 су пай­да­ланушылардың коопера­тивтері мен 3 ауыл шаруашылығы құры­лым­дарына үстіміздегі жылы егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемдеріне пайдаланылатын суармалы суды беру жөніндегі қызметтер құнының бір бөлігін жергілікті бюджеттен субсидиялауға арналған субсидияны алу үшін тапсырған өтінімдері мен құжаттары қалалық ведомствоаралық комиссиялардың отырыстарында қаралып, заң­ды­лығына сәйкес субсидиялау мақсатында облыстық ауыл шаруа­шылығы басқармасына ұсынылды. Сөйтіп 2014 жылдың мамыр айына оларға 3,5 млн. теңге көлемінде субсидия төленді.

Қала аумағында негізгі әлеу­меттік азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында сауда үйлері және базарлармен өзара әріптестікті дамыту мақсатында ұзақмерзімді меморандумға қол қойылды.

Осы меморандум аясында қалада орналасқан 10 сауда орнындағы 33 түрлі әлеуметтік маңызы бар тауарларға күнделікті мониторинг жүргізіліп келеді.

Негізгі әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында «Бай­қоңыр» ӘКК» АҚ тарапынан тұрақтандыру қоры арқылы алынған өнімдері арзан бағалармен қаланың 12 жерінде орналасқан «Дәмді» әлеуметтік сауда дүкендері арқылы сатылуда.

Қалада негізгі әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру мақсатында қала әкімінің өкімімен қаланың Тоқтыбаев көшесінің бойында «Байқоңыр» ӘКК және қала кәсіпкерлерінің қатысуларымен негізгі әлеуметтік азық-түлік тауар­ларының жәрмеңкелері өткізілді. Бүгінгі күнге дейін 8 мәрте ұйым­дастырылған азық-түлік тауар­ларының жәрмеңкелеріне барлығы 61,5 млн. теңгенің азық-түлік тау­арлары шығарылды. Бұл тауарлар базар бағасынан 10-15 пайызға дейінгі төменгі бағамен сатылды.

«Дипломмен – ауылға» бағ­дар­­ламасы бойынша ағымдағы жылы қала аумағындағы елді мекендерге жұмыс жасап, тұру үшін барған 25 жас маманға 3241 мың теңге және тұрғын үй сатып алу үшін 12 жас маманға 31158 мың теңге бөлінді.

Негізгі капиталға ин­вес­тиция салу. 2014 жыл­дың қаңтар-маусым айларында меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар негізгі капиталға 71223,8 млн.теңгенің күрделі қаржысын салды. Облыстағы салынған осы қаржы – 109557,4 млн. теңге болса, оның 65 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.

Жыл басынан бері құрылыс жұмыстарының көлемі 15547,7 млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 119,9 пайызды құрады. Облыста атқарылған жұмыстардың 53 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.

Қаржыландырудың барлық көз­дері есебінен 2014 жылдың 1 шілдесіне жалпы ауданы 56096 шаршы метр, оның ішінде рес­пуб­ликалық бюджет қаржысы есебінен 6655 шаршы метр, халық қаражаты есебінен 49441 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 110,9 пайызға артық.

ҚЫЗЫЛОРДА: ДАМУДЫҢ СЕРПІНДІ ҚАДАМДАРЫҚала халқының тұрғын үйге сұранысын қанағаттандыру мақсатында жыл соңына дейін республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген 5 млрд. 257 млн. теңгеге 24 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 22 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жыл ішінде 750 отбасы қоныс тойын тойлайтын болады.

Апаттық үйлерге қатысты мәсе­лені шешу мақсатында жаңадан 60 пәтерлік 5 үй және 100 пәтерлік 1 үй салу жоспарлануда. Қажетті жер көлемі анықталып, жоба-сметалық құжаттары әзір­ленді. Биыл Титов қыстағы мен КБИ мөлтек ауданында 60 пәтерлік екі тұрғын үй бой көтереді.

Қалада «Қазақстан ипотекалық компаниясымен» бірлесіп 230 пәтерді құрайтын 4 үй, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы арқылы 210 пәтерді құрайтын 6 тұрғын үйдің құрылысы басталады.

Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер есебінен 5 қабатты «Ер Ару» тұр­ғын үй кешені пайдалануға беріледі.

Қазіргі таңда 200 орындық пери­­наталдық орталық пайда­ла­­нуға беріліп, жыл ішінде ма­ман­дандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысы аяқталады.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында соңғы 2 жылда қаладағы күрделі жөндеуді қажет ететін көппәтерлі үйлердің 9,5 пайызы (53 көпқабатты тұрғын үй) қайта жаңғыртылды.

Республикалық бюджеттен 72 көпқабатты тұрғын үйді жөндеуге 1 млрд.751 млн. теңге бөлінді. Нәти­жесінде күрделі жөндеуді қажет ететін үйлердің үлесі 18 пайызға азаймақ.

Қаланың инженерлік-комму­никациялық инфрақұрылымын да­мытуға республикалық бюджеттен 743,7 млн. теңге бөлініп, ауыз су мен кәріз су құбыры, телефон желісі мен жылу жүйесі, ілеспе газ бен электр желісі және тас жол салу жұмыстары жүргізілуде.

Жезқазған трассасы бойынан берілген 980 га жер телімін тегістеу жұмыстарына және инженерлік-инфра­құрылымын дамытудың жо­ба-сметалық құжаттарын мемле­кеттік сараптамасымен әзірлеуге қалалық бюджеттен 48,8 млн. теңге бөлінді.

«2015 жылға дейін Қызылорда қаласының ауыз су және кәріз жүйелерін кеңейту және қал­пына келтіру» жобасы бойынша республикалық бюджеттен 524,8 млн. теңге бөлініп, бөлін­ген қаржыға «Қызылжарма», «Мұ­найшы» су тоғандарының қайта жаң­ғырту жұмыстарын толық аяқтау және «Степь» су тоғанында 17 су ұңғымасын бұрғылау, 0,5 шақырым кәріз су жүйесі және 0,6 шақырым ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген 1 млрд. 502 млн. теңгеге қала ішінде және 5 ауылдық округте 21 су бұрғылау ұңғымалары бұрғыланып, Ақсуат, Абай, Айнакөл, Ақжарма, Қараөзек елді мекендерінде 49,8 шақырым ауыз су жүйесі, 74,5 шақырым сервистік желілер тартылып, 1750 су есептегіш құралдары орнатылады.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Абай даңғылындағы «Болашақ» универ­ситеті қасына және Жайна базары аумағына жаяу жүргіншілер кө­пірінің құрылысына облыстық бюджеттен 146,2 млн. теңге бөлін­ді. Жоспар бойынша көпірдің ұзын­дығы 41 метр және ені 3,5 метр.

Көлік және байланыс. Қала бойынша 2014 жылдың 1 шілдесіне автокөліктермен 18784,6 мың тонна жүк тасымалданды. Жүк көлемі өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 100,8 пайызға артты. Жүк айналымы 2616,7 млн. тонна-шақырым болып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 101,5 пайызға артты. Жолаушы тасымалдау көлемі де есепті мерзімде 111,9 пайызға өсті. Жолаушылар айналымы 1706,4 млн. жолаушы-шақырымды немесе салыстырмалы кезеңмен 112,4 пайызға артты.

Қоғамдық көлікті реттеу бағытында нақты шара­лар қабылдануда. Соның ішінде «Байқоңыр» ӘКК жанынан «Қы­зылорда автобус паркі» құры­лып, парктің материалдық-техни­калық базасы нығайтылуда. Жаңадан алынған 20 үлкен сыйым­дылықтағы автобустар ха­лыққа қызмет көрсетуде. Бұл автобустар экологиялық таза, мүм­кіндігі шектеулі азаматтар үшін де қолжетімді. Биылғы жылы қоғам­дық көліктер қосымша 100 үлкен сыйымдылықтағы автобустармен толығады деп жоспарлануда.

Қаржы саясаты. Қала бюджетінің 2014 жылдың 1 шілдесіне кірістер болжамы (трансферттер мен займдарды қоса есептегенде) 18275,1 млн. теңгені құрап, 18874,4 млн. теңгеге немесе 103,3 пайызға орындалды. Оның ішінде өз кірістері болжанған 6859,3 млн. теңгенің орнына 7456,9 млн. теңгеге немесе 108,7 пайызға орындалды.

Шағын кәсіпкерлік. 2014 жылдың 1 шілдесіне қала бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 26628 бір­лікті құрады. Оның ішінде жеке кәсіпкерлер саны 20475 бірлік, заң­ды тұлғалар 6153 бірлікті құрады.

2014 жылдың 1 шілдесіне қалада кәсіпкерлік саласында 768 жаңадан жұмыс орны ашылды.

2014 жылдың басында ин­дустриалды-инновациялық даму бағ­дарламасы бойынша жалпы құны 1 млрд. 10 млн. теңгені құ­райтын 3 жоба іске қосылып, жаңадан 56 жұмыс орны ашылды. Олар: «Хуа Ю интернационал в г.Кызылорде» ЖШС-ның «Хи­миялық реагенттер өндірісі» жобасы. Жоба құны – 500 млн. теңге. Жаңадан 24 адам жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ, ЖК «Досболов» «Гигиеналық қағаз шығаратын цехтың құрылысы» жобасы. Жоба құны 10 млн. теңге. Жаңадан 8 адам жұмыспен қамтылды. Ал «Smart Rubber» ЖШС «Жарамсыз автокөлік балондарын өңдеу арқылы резеңке ұнтағын және жер асты трубаларын шығару» жобасын іске асырды. Жоба құны – 500 млн. теңге. Жаңадан 24 адам жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар, 2014 жылдың аяғына дейін жалпы құны 3,4 млрд. теңгені құрайтын 7 жобаның іске қосылуы жоспарлануда. Жобалар іске қосылғанда жаңадан 251 жұмыс орны ашылады. Атап айтқанда, «Жан Арай Жем» ЖШС-ның «Қуаттылығы тәулігіне 80 тонна құрама жем зауыты» мен «Ұзақов» ЖК-ның «Қабырға және жаяу жүргінші жолдардың материалдарын өндіріс қәсіпорынын құру» және «Байсал» ШҚ-ның «Қуаттылығы жылына 3 млн. дана жұмыртқа өндіретін 10 мың бас тауыққа арналған ферма құрылысы», «Эко-Н Сервис» ЖШС-ның «Құрамында уландырғыш сынап бар энергия үнемдеуші шамдарды жинау және тиімді пайдалану» мен «Сәулет Қызылорда kz» ЖШС-нің «Халықаралық стандарттарға сәйкес «Жібек жолы» қонақ үйінің құрылысы» және «Максима логистикс Казахстан» ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 15 млн. дана керамикалық кірпіш өндіретін зауыттың құрылысы» мен «КазАгроМир» ЖШС-ның «Жылыжай кешенін салу» жобалары бар.

Коммуналдық шаруа­шылық. Жол-көлік инфра­құрылымын дамытуда жаңа жобалар жүзеге асуда. Қалалықтар үшін стратегиялық маңызды көшелер кезең-кезеңімен қайта жаңғыртудан өткізіледі.

Биыл қаланың оңтүстік кіре беріс бағытындағы «Шымкент-Самара» халықаралық автокөлік жолы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, қаланың солтүстік кіреберіс бағытындағы Саламатов, Рыс­құлов, Әбілхайыр хан, Марал ишан, Қаратоғай көшелері қайта жаңғыртудан өтіп, жаңа үлгідегі жарық бағаналары мен аялдамалар, көрнекі ақпарат қондырғылары қойылады.

913 млн. теңгеге ұзындығы 5 шақырымды құрайтын Әл-Фараби көшесі күрделі жөндеуден өтіп, жарықтандырылды.

Қалада ұзындығы 76,9 шақы­рымды құрайтын 79 көшені, ауылдарда 7,3 шақырымды құрайтын 10 көшені орташа жөндеуден өткіземіз. Осы жобаларды жүзеге асыруға 3 млрд. 924 млн. теңге қаржы қаралды.

Биыл әуежайды заманауи талаптарға сәйкестендіру мақса­тында облыс әкімінің қолдауымен сағатына 250 жолаушыны жіберу мүмкіндігі бар халықаралық үлгідегі жаңа жолаушылар терми­налының құрылысы басталды. Бұл қызылордалықтар үшін айрықша маңызға ие тарихи сәт. Оның жобалық құны 6,2 млрд. теңге.

Қазір Қызылорданы қауіпсіз қалаға айналдыруда кешенді шаралар қабылдануда.

Ағымдағы жылы 48,8 шақы­рымды құрайтын 26 көше қайта жарықтандырылып, көпқабатты тұрғын үйлердің 25 аулаішілік жолдары мен автотұрақтары, ұзындығы 10 шақырымды құрайтын 11 көшенің жаяу жүргіншілер жолдары жөнделеді. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 1 млрд. 216 млн. теңге қаржы бөлінді.

Қазір қалада 16 мың түп ағаш көшеттері, 91 мың шаршы метрге 46 аллея, сквер, көшелер мен көше айрықтарына гүлдер мен газондар отырғызылуда.

Қаланың экологиялық қауіпсіз­дігін жетілдіру бағытында «Жасыл белдеу» жобасы жалғастырылуда. Жоба аясында 131 гектар жерге 135 мың түп ағаш отырғызылды. Қосымша, «Қызылорда-Шымкент» бағытында жалпы көлемі 23,5 гектар жерге 11 мың түп ағаш егу үшін облыстық бюджеттен 604 млн. теңге, «Әуежай-Қызылорда» бағытында жалпы көлемі 4 гектар жерге 4,5 мың түп ағаш егу үшін 160 млн. теңге бөлінді.

Тұңғыш Президент паркін көгалдандыру, абаттандыру жұ­мыс­тары жалғастырылуда. Облыс­тық бюджеттен бөлінген 75 млн.теңгеге 10 мың түп ағаш, 6 мың шаршы метр жерге гүл егілуде.

Бүгінде қаланың 30 пайызы ғана аяқ сумен қамтылған. Мәселені түбегейлі шешу мақсатында қалалық бюджеттен бөлінген 38 млн. теңгеге қала мен елді мекендердің аяқ су мәселесіне толық талдау жүргізіліп, жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Қазіргі таңда, қаражат тарту мақса­тында орталық атқарушы орган­дарға тиісті ұсыныстар берілді.

Коммуналдық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында 12 жаңа техника алынды. Енді тағы да 22 қосымша құралдар жыл ішінде алынады.

Қысқы жылу маусымы қалыпты өткізілді. Алдағы жылу маусымына дайындық басталып кетті.

Облыстық бюджеттен бөлінген 153 млн.теңгеге Қызылорда қаласындағы «Қызылорда оңтүстік жылу орталығының» 2 қазандығы, негізгі және қосалқы жабдықтары қайта жаңғыртудан өткізілуде. Амангелді, Шүкіров, Скатков көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлерге магистральды жылу жүйелерін қайта жаңғыртуға қалалық бюджеттен 50,5 млн. теңге бөлінді.

Сонымен қатар, «Қызылорда жылу электр орталығы» кәсіп­орнының өз қаржысы есебінен ұзындығы 3,5 шақырым жылу жүйелері жөндеуден өткізіліп, 30 дана жылу есептегіш құралдарын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Қаланың сәулеттік келбетін арттыру, тұрғындарға демалуға лайық­ты арнайы көркейтілген орындар әзірлеуде биыл бірқатар шараларды жүзеге асыру көзделуде.

Қаланың негізгі екі: Шиелі және Тереңөзек бағытында жолға қойылатын кіреберіс қақпалардың эскиздік жобалары дайындалды. Қосымша қаланың сәулеттік келбетін арттыру мақсатында әуе жай жанында «Қызылорда» деген жазуы бар панноны қою жоспарлануда.

Сырдария өзенінің оң жаға­лауында халыққа қызмет көр­сету орталығының жанынан «Мұнайшы» мөлтек ауданын салу қолға алынуда. Облыстық бюджеттен бөлінген 30 млн. теңгеге мөлтек ауданның инженерлік инфра­құрылымын дамытудың жоба-сметалық құжаттары мемле­кеттік сараптамасымен әзірленуде.

Сондай-ақ, бизнестің әлеумет­тік жауапкершілігі аясында «ҚазГерМұнай» ЖШС-мен 70 млн.теңгеге «Шұғыла» мөлтек ауданында демалыс скверінің құрылысы» жобасы, «Қор» мұнай компаниясымен 215 млн.теңгеге «Сырдария өзенінің оң жағалауында демалыс сквері мен аллеясын салу» жобасы, «Мелиоратор» ЖШС-мен 1 млрд. 784 млн. теңгеге «Арай» мөлтек ауданында спорттық-сауықтыру кешені» жобасы жүзеге асырылуда.

Мұратбаев көшесінен Сырдария өзенінің екі жағалауын байланыстыратын автомобиль көпірінің құрылысы басталды. Көпір құ­ры­лысының жоба-сметалық құжат­тары әзірленіп, мемлекеттік сарап­таманың оң қорытындысы алынды. Жалпы құны 5 млрд. 975 млн.теңге болатын көпір құрылысының бірінші кезеңіне республикалық және облыстық бюджеттерден 1 млрд. 100 млн. теңге бөлінді.

Тұрғындар арасында көпшілік сұранысқа ие және өзекті мәселелердің бірі – жеке тұрғын үй үшін берілетін жер телімдері. Есепті мерзімде өтініш білдірген азаматтар саны 40 мыңнан асты.

Жер теліміне қатысты тұр­ғындардың өтініштері есепке алынып, кезектілік тізімі жасалған. Ақпарат жалпыға қолжетімді болуы үшін тізім баспасөзде жарияланып, қала әкімдігінің веб-сайтына орналастырылды.

2013 жылы қала аумағында тұрғындар қажеттілігі үшін жер телімін дайындау мақсатында облыстық бюджеттен бөлінген 56 млн. теңгеге «Қызылорда-Жезқазған» автожолының бойынан көлемі 980 гектар аумаққа егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленді.

Қала тұрғын­дарының жер теліміне сұранысын қанағат­тандыру мақсатында 980 гектар аумақты үш кезеңге бөліп игеру, оның ішінде бірінші кезеңде 325 гектар жерді игеру мақсатында инженерлік инфрақұрылымының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу жоспарлануда. Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 48 млн. теңге бөлінді.

Қаладағы газдандыру деңгейі бүгінде жеке сектордағы тұрғын үйлер бойынша 80 пайызға, көпқабатты тұрғын үйлер бойынша 76 пайызға жетті. Ағымдағы жылы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбыры жобасының аясында қала бойынша 2 елді мекен: Тасбөгет кенті мен Қызылжарма ауылының тұрғындары табиғи газбен толық қамтамасыз етіледі.

Қазіргі таңда қалада 21 мемлекеттік балабақша, 39 шағын орталық, 59 жекеменшік балабақша жұмыс жасайды.

Жыл басынан бері 406 баланы қамтитын 7 жеке балабақша ашылды. Бүгінде Қызылорда қаласы республикада жеке балабақша саны бойынша алдыңғы қатарда. Жыл ішінде жалпы 420 орынды құрайтын 2 жаңа балабақша ғимаратын, 115 орындық 3 шағын орталықты пайдалануға беру көзделуде. Нәтижесінде жыл соңына дейін мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткішін 85,4 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Білім беру саласында жыл ішінде Қорқыт ата көшесіндегі 900 орындық білім ордасы пайдалануға беріледі. Ипподром мөлтек ауданынан 900 орындық жаңа мектеп ғимаратының құрылысы басталды. Мұнымен қоса, 15 мектеп, 2 балабақша және Оқушылар сарайы күрделі жөндеуден өткізілуде. Бұл мақсатқа республикалық және жергілікті бюджеттерден 674 млн. теңге бөлінді.

Қалада бұқаралық спортты дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстар биыл да өз жалғасын табады. Қалалық бюджеттен бөлінген 11 млн. теңгеге Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт клубы ашылды. 534 млн. теңгеге 37 балалардың ойын және спорт алаңдары пайдалануға беріліп, Тасбөгет кентінде салынатын спорттық сауықтыру кешендерінің жоба-сметалық құжаттары әзірленеді. Салынатын осы балалардың ойын және спорт алаңдарының ерекшелігі мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қолжетімді болмақ.

Облыстық футбол федерация­сының қолдауымен қаладағы 3 мектеп ауласынан шағын футбол алаңдары салынуда.

Мұнан өзге, биыл қалада демеушілер есебінен 25 млн. теңгеге бір мезетте 20 азаматқа тұрақты қызмет көрсететін «Ақмерген» ату тирі пайдалануға берілді.

Жыл ішінде Илья Ильин атындағы ауыр атлетика орталығы мен бокс сарайының құрылысы салынады.

Мәдениет саласында Асқар Тоқмағамбетов, Сәбира Май­қанова, Мәдина Ералиева атындағы мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өткізілуде.

Денсаулық сақтау саласында қалада алдағы үш жылдықта 2 емхана, 2 аурухана, елді мекендерде 4 дәрігерлік амбулатория, барлығы 8 денсаулық сақтау саласының нысандары салынады.

Соның ішінде биыл Ана мен бала орталығы пайдалануға берілді, 200 орындық балалар ауруханасының, Қызылжарма мен Ақсуат ауылдарында жаңа дәрі­герлік амбулаторияның құрылысы жүргізілуде.

Әл-Фараби тұрғын ауданында 500 келушіге, Тасбөгет кентінде 250 келушіге арналған емханалардың, қаладағы 300 төсектік аурухананың, Абай ауылы мен Белкөл кентіндегі амбулаториялардың жоба-сметалық құжаттары дайындалады.

Қызылорда қаласы халқының 18 пайызы немесе 47 мың адам қалаға қарасты кент және ауылдық округтерде тұрады. Халықтың қалыпты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін ауылдық елді мекендерге жыл басынан 437 млн. теңге бөлінді.


АҚПАРАТ 26 шілде 2014 г. 1 439 0