МЕРЕКЕГЕ ТАРТУ ЖАСАДЫ

30 тамыз ел тарихындағы маңызды күндердің бірі. Себебі, қазақ елінің құқықтық өмірінде 1995 жылы дәл осы күні жаңа Ата Заң қабылданды. Бүгінде мемлекеттік құры­лымды айқындайтын бұл құжатқа 19 жыл толып отыр.
АҚПАРАТ 30 тамыз 2014 г. 789 0

«ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ» АКЦИЯСЫ

Саламатты да саналы ұрпақ тәрбиелеу мемлекеттік деңгейде мән беріліп отырған басты мәселе екені белгілі. Осы бағытта түрлі шаралар ұйымдастыру қолға алынған. Сондай ауқымды шараның бірі жаңа оқу жылының алғашқы аптасында өткізіледі деп жоспарлануда.
АҚПАРАТ 30 тамыз 2014 г. 1 035 0

САРЫ АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Жуырда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен "Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні” тағы бір рет ойлан” тақырыбында "дөңгелек үстел” отырысы өтті.
АҚПАРАТ 30 тамыз 2014 г. 3 055 0

ЖАСТАРҒА ЖАЛЫНДАҒАН ЖАРАСАДЫ

Жуырда Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі мен "Темір­қазық” жастар қоғамдық бірлес­тігінің ұйымдастыруымен "Жа­лағаш­­тық жастар – жарқын бо­лашаққа” тақырыбында жастар форумы болып өтті. Оған аудан әкімі Т.Дүйсебаев, белсенді жас­тар, ұстаздар және бірқатар мекеме басшылары қатысты. Форумның негізгі мақсаты – белсенді жастарға қолдау білдіру, олармен бірлесе жұмыс жасау, қолға алған кәсіптеріне көңіл бөлу және дамыту, жастар ұйымдарының атқарып жатқан жұмыстарын жетілдіру болып табылды.
АҚПАРАТ 30 тамыз 2014 г. 845 0

ҚИЯҒА ҚАНАТ СЕРМЕГЕН

Жақында биылғы мектеп түлектерінің бір тобын көршілес Ресей мемлекетінің жоғары оқу орындарына шығарып салу рәсімі болып өтті. Аймақ басшысы К.Көшербаев­тың қолдауымен өңірдің иннова­ция­лық және индустриялық даму бағдарламасына сәйкес қа­жет­ті мамандықтардыдаярлау мақ­сатында 70 талапкер Ресей Федерациясының бюджеті есебінен Мәскеу технологиялық зерттеууниверситетіне оқуға қабылданды.
АҚПАРАТ 30 тамыз 2014 г. 833 0

ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ – ӨРКЕНДІ ӨРІСІМ

Облысымызға ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Талғат Жақиянов келіп, Т.Жүргенов атындағы шығармашылық үйінің коммуникациялар орталығында семинар-тренинг өткізді. Ғалым еліміздегі этноәлеуметтік және этноконфессиялық қатынастарды ғылыми тұрғыда талдап берді.
АҚПАРАТ 30 тамыз 2014 г. 962 0

“АЙМАҚ -2050” ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

Жуырда "Қазақстан-2050” Жалпыұлттық қозғалы­сы қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында "Аймақ - 2050” Жалпыұлттық байқауын жариялады. Осы орайда еліміздің барлық аймағында байқау өткізілуде.
АҚПАРАТ 30 тамыз 2014 г. 800 0

ХАЛЫҚ МҮДДЕСІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

Облыстық коммуникациялар орталығында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатын өткізіп, жұртшылықпен кездесуде көңіліне түйген мәселелерді ортаға салды. Депутаттар Парламентте қабылданған заңдардың мазмұнын, қалай жүзеге асып жатқандығын түсіндіру мақсатында халықпен жүздесулерін аяқтады.
АҚПАРАТ 30 тамыз 2014 г. 776 0

“МӘҢГІЛІК ЕЛ” ИДЕЯСЫ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҒЫРНАМАСЫ

Бейсенбі күні Қызылордада ҚР Конституциясы күніне арналған «Мәңгілік ел идеясы – жаңа Қазақстанның тұғырнамасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Облыстық ішкі саясат басқармасы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті және «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қоры ұйымдастырған шараға ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттер қатысты.
АҚПАРАТ 30 тамыз 2014 г. 1 547 0

ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ: САПАЛЫ ӨСУДІҢ ИГІЛІГІ

Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы – білім жүйесі. Өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру», – деп тұжырым жасаған болатын.
АҚПАРАТ 30 тамыз 2014 г. 1 534 0