Түрмеде туған туындылар

Түрмеде туған туындылар

Ой еркіндігі мен сөз еркіндігі берілген заманда өмір сүру қаламгерлердің өмірін жеңілдететін сияқты. «Айтарын ашып айтқан абайламай, Дариға-ай, Махамбеттер, Абайлар-ай» деген жыр жолдары осындайда айтылса керек.
ӘДЕБИЕТ 01 тамыз 2017 г. 2 105 0
ӘДЕБИЕТ 26 маусым 2017 г. 2 414 0
27 жасында жоғалып кеткен қызылордалық ақын Әділ Ботпановтың өлеңдері

27 жасында жоғалып кеткен қызылордалық ақын Әділ Ботпановтың өлеңдері

  Сырдың бойында Әділге сырлас болған жігіттердің бірі Дүйсенбек Аяшұлы. Ол өткен күндерді былай деп оралтады. «Бір күні: – Менің алысқа кетіп қалғым келеді,– деді. – Қайда? – Әйтеуір алысқа. Алаңсыз жатып әлі ешбір ақын жазбаған өлең жазсам ба деймін. Мылқауды сөйлетіп, соқырдың көзін шайдай ашатын. – Онсыз да мықтысың ғой. Ол менің бұл сөзіме мән берген жоқ. – Сосын қайтып оралам…» Қызық. Әділ алаңсыз жыр жазып жататын жайлы мекенге кетті ме, әлде басқа жақта ма, белгісіз. Десек те, бір жаққа кетті...
ӘДЕБИЕТ 26 маусым 2017 г. 2 469 0

Есенғали Раушанов Ақын

Қазақи әңгіме
ӘДЕБИЕТ 26 маусым 2017 г. 2 030 0

итпен сүйреп апара алмайсыңдар!

Университетте ректор барлық деканды жинап,  келесі жылдың бюджетіне байланысты жиын өткізіп жатып:  – Физика факультеті бізді титықтатып біттіңдер. 
ӘДЕБИЕТ 26 маусым 2017 г. 1 337 0

Әкеге сағыныш

Менің әкем Әбуов Шәмші Әбуұлы 1914 жылы ақпан айында дүниеге келген. Балалық шағы өте қиын шақта өтеді. 3 жасында әкеден 7 жасында анадан айрылып жетім қалады. Немере ағайындары Сұлтан бауырлары Шәкәрім мен Сматтардың арқасында ағайындарынанда, нағашыларынанда алыстамайды. Балалық шағын еске алғанда балалармен асық ойнап, жеңіліп қалатынмын, сол кезде Шәкәрім ағамның еті тірі пысықтау еді сол кісі ерітіп алып асық ойнап асығымды қайтарып алып беретін деп отырушы еді.
ӘДЕБИЕТ 15 мамыр 2017 г. 1 945 0
АҒАНЫ АҢСАУ

АҒАНЫ АҢСАУ

Мен биыл 80 жасқа толып отырмын. Өткенге көз жіберіп, ой елегінен өткізсем, әке-шешелеріміз, ағаларымыздың, олардың замандастарының көрмеген қиындықтары жоқ екен. Ашаршылық, енді елдің жағдайы жөнделе бастағанда, Ұлы Отан соғысы басталып ер азаматтар елді қорғау үшін майданға аттанды. Сол қиын қыстау өмірдің шетін, зардабын замандастарымызбен көріп өстік. Сол қиындықтарға төтеп беріп мойымай, қасқайып, қарсы тұра білген сол кездегі адамдар еді. Біздің адам болып, ел үшін қызмет атқаратындай тәрбие алуымызға, өсуімізге сол азаматтар үлгі-өнеге болды. Жастарды өсіретін, жақсылыққа жетелейтін, жеткізетін қоғам, отбасы, ағайын-туысы және ортасы екен.
ӘДЕБИЕТ 03 мамыр 2017 г. 1 084 0
ӨЛЕҢІНЕ ӨМІРДІ СЫЙҒЫЗҒАН АҚЫН

ӨЛЕҢІНЕ ӨМІРДІ СЫЙҒЫЗҒАН АҚЫН

Жылу алмас гүл қардан, Күншуаққа көңіл зар... Жүрегімнен бүр жарған, Өлеңімде – өмір бар, – деп жырлаған Қуат Адистің өлеңдері мыңдаған жүрекке жылу сыйлап келеді. Ол – әдеби ортада өзіне тән болмыс-бедерімен танылып үлгерген жан. Ақын әріптесіміз «Жалағаш жаршысы» газетінде еңбек етеді. Оның балаларға арналған өлеңдері мен әңгімелері жинаққа еніп, балғындардың сүйіп оқитын шығармасына айналды.
ӘДЕБИЕТ 20 сәуір 2017 г. 1 317 0
ТОРЫ БИЕ ТАРИХЫ

ТОРЫ БИЕ ТАРИХЫ

Жылқыны жаным сүйеді. Бала кезімнен бастап ат дүбірін естісем болды, делебем қозатын. Көшемнен көкпарын тартқылап жарыса шауып бара  жатқанда, орнымнан тұрардай бойымда бір тылсым күш пайда болатын. Ер қанаты – ат. «Қазақ жылқы жанды» деп бекер айтпаған бабаларымыз. Өсе келе «Құлагерді» оқып, киносын сүйіп көрдім. Жылда «Алтын дəн» мерекесіне орай бәйге болатын. Соған бара алмасам, көрші тұратын Жақсылық көкеме барып бәйгенің бар қызығын аузынан кино көргендей, аузым ашылып, құмарта тыңдайтынмын. Сондай бір бәйгеден соңғы күннің ертеңіне Жақсылық көкем маған өзі келді. Ат жарысты ретімен тайдан бастап аламанға дейін қалай болғанын баяндап берді. Сонан  соң сəл кідірді  де «баяғы торы биені айтсаңшы» деді. Бұл Қазақ ССР-ның 20 жылдығына арналған облыстық бәйге болатын. Сырдария ауданының атынан, Шіркейлі ауылынан шыққан ауылымыздың үкілеп қосқан жалғыз сәйгүлігі торы бие еді. Қармақшыдан бір мықты Қарақасқа айғыр келеді де, буаз биеміздің бәйгенің алдынан көрінуіне қауіпті күшейтті. Сонда сейіске «енді не амал бар?» дегенде, торы биенің құлынын тастатуға кеңес береді. Құлағым елең етіп, үнсіз тыңдадым. Көкемнің əңгімесі бітпесе екен деймін.Тыңдап отырмын қалт етпей. Кенет көкем көзіне жас алды. «Әй, жануар» деді. Өзі совхоздың малы екен. Буаз болса да бəйгенің алдын ешкімге бермейтіні мені қайран қалдырды. Əрі қарай айта бастағанда менің көзім шоқтай жанып жүрегім ала-құла  күйге енді. Сол əңгімені соңына дейін тыңдап, өз шамамша жыр жаздым. 
ӘДЕБИЕТ 12 сәуір 2017 г. 2 104 0