«Қызылордада қобызшылар ансамблі құрылды» деген ақпарат естіген жұртты елең еткізді. Себебі, бұған дейін елімізде арнайы қобызшылар ансамблі болмаған. Түбі бір түркіге ортақ Қорқыт атаның Сыр елінде ғұмыр кешкені, аңыз бойынша «қарағайдың түбінен қайырып, үйеңкінің түбінен үйіріп алып» бұрын болмаған ерекше аспап жасағаны белгілі. «Тыңдасаң сыр, өкініп мұң айтатын» қобызға бір кездері «бақсының аспабы» деген кері көзқарас та таңылған. Жеткілікті көңіл бөлінбеді. Бірақ егемендік алғаннан кейін күй өнерінің дамуына жол ашылып, ел ұлттық құндылыққа қайта ден қоя бастады.2018 жылы Қорқыт ата мұраларының ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне енуі данагөйдің күйлері мен аңыздары түркіге ғана емес, адамзатқа ортақ құнды қазына екенін айқындады. Осыдан кейін тұтас елдің, әсіресе Сыр өңірінің Қорқыт ата мұраларын насихаттау жұмыстарын жандандыруы заңдылық. Қобызшылар ансамблін құру жұмысы Қорқыт мұраларын насихаттауға арналған 5 жылдық кешенді іс-шаралар жоспары аясында қолға алынған. Ансамбль облыстық филармония жанынан құрылды. Көркемдік жетекшісі – Мәдениет саласының үздігі, қобызшы Салтанат Пұсырманова.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 ақпан 2020 г.
768
0
Телефон шырылдайды. Дұрысы, дыңылдайды. Әйтеуір, дыбысы үй телефонынан бөлек енді. Әне, бірінші қоңырау. Тағы да. Жо-жоқ, екіншісіне үлгіртпеді. Кезекші оператор лезде түймешені баса қойды.
Денсаулық
08 ақпан 2020 г.
703
0
Ол «бұрын уақыт басқаша жылжитын. Қазір жылдамдығына көз ілеспейді. Бұл бала тәрбиелеп, шәкірт оқытып жүрген ұстаздарға көп әсер етеді» деді де, терезеден сыртқа ұзақ қарап тұрды. Мен де ұстаздың көз тастаған нүктесіне қарағым келді. Бірақ Назарбаев даңғылының бойында ерсілі-қарсылы жүйткіген көлік пен жолаушылардан басқа ештеңені байқай алмадым.
ТАҒЫЛЫМ
08 ақпан 2020 г.
573
0
Сынаптай сырғитын уақыттың билігіне бағынбайтын жан жоқ шығар. Ал сол уақыт билігіне бағына жүріп, қай кезеңде де кісілік қалыбынан таймайтын жандар тым сирек. Тамырын тереңге жіберген тектілігі, көргені мен түйгені, кісіге жасаған қайырымы мен кеңдігі, ойының орамы мен көңілінің көркемдігі бір төбе замандасым, Сыр бойының азаматы Сексенәлі Рахановтың сегіз қырлы ерекшелігіне тоқталғанды жөн көрдім.
ТАҒЫЛЫМ
08 ақпан 2020 г.
1 376
0
Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 ақпан 2020 г.
432
0
Белгілі әнші Димаш Құдайберген жуырда «Creators: the past» фильмі саундтрегінің әлемдік таныстырылымы өтетінін хабарлады.
Мәдениет
08 ақпан 2020 г.
867
0
Күйеуі күніге әйелінен: «Көлікті асықпай айда, сенсіз өмір - мәнсіз!»- деген хабарлама алатын...
ӘДЕБИЕТ
08 ақпан 2020 г.
791
0
Ұлттық тестілеу орталығына немесе ҰБТ-ға қатысты кез келген жемқорлық фактілері туралы хабарлағандарға сыйақы беріледі. Осы орайда, 100 мың теңге сомасындағы сыйақыны ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры міндетін атқарушы Дидар Смағұлов өз қалтасынан төлеуге дайын екенін мәлім етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 ақпан 2020 г.
358
0
Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов талапкер қандай жағдайда ҰБТ-дан бір жылға шеттетілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Білім
08 ақпан 2020 г.
1 223
0
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде мемқызметшілердің Әдеп кодексін одан әрі жетілдіру бойынша шаралар қабылдануда. Бұл туралы Агенттік төрағасы Анар Жаилғанова айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 ақпан 2020 г.
463
0