Жылдағы дәстүр бойынша түрлі деңгейдегі әкімдер жұртшылық алдында есеп беруді бастады. Халық пен билік арасында алтын көпір болатын осы кездесулерде түрлі түйткілді мәселенің түйіні тарқатылып, шешімі табылады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қаңтар 2020 г.
392
0
Арал ауданы әкімінің осы аптадағы соңғы есебі ауданға қарасты Жіңішкеқұм ауылдық округінде өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қаңтар 2020 г.
185
0
Кеше халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда облысы полиция департаменті мамандарының қатысуымен «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Шараға түрлі өтініш-тілектермен келгендердің қатары көп болды. Оның ішінде тұрғындардың дені шетелдік нөмірлі көліктер бойынша сұрақтар қойды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қаңтар 2020 г.
526
0
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының баспасөз беттерінде жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы – бүгінгі қазақ қоғамы аса қажетсініп отырған бірқатар маңызды да күрмеулі мәселелерді қозғауымен құнды деп білемін. Биыл қазақтың бас ақынының туғанына 175 жыл толатындығын ойға алсақ, Мемлекет басшысының аталған мақаласы – Ұлы дала тойының беташары іспетті. Президент мақаласында Абай шығармашылығының бағалы жақтарына баса назар аударылып, ондағы қазақ халқына ғана емес, күллі әлем жұртшылығы үшін қымбат жалпыадамзаттық идеяларға арнайы тоқталып, тарихи-әлеуметтік тұрғыдан терең талдау жасалыпты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қаңтар 2020 г.
454
0
Апта соңында облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов жұмыс сапарымен Қармақшы ауданында болды. Барлық ауылдық округтерді аралап, Төретам кенті мен Ақай елді мекенінің жағдайымен танысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қаңтар 2020 г.
756
0
Аламан соғыстың төткүл әлемді жалмап жанған өрті өшкеніне 75 жыл уақыт өтсе де жүрекке түскен жарақат жазылар емес. Мұны халық ұмыта алмайды. Өйткені, соғыс қасіреті барлық отбасын шарпыды. Сол қан майданда от кешкендердің қатарында жерелесіміз Қани Медетбаев та болды. Жеңіс көктемін Берлинде қарсы алған майдангер тағы екі жыл әскери қызметте болды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қаңтар 2020 г.
618
0
Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті «Резерв» мемлекеттік кәсіпорыны «Балқаш» филиалының директоры пара алу күдігіне ілікті. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қаңтар 2020 г.
546
0
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің 3 қаласында жүргізілген операция барысында 17 адамның ұсталғаны туралы видео таратты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қаңтар 2020 г.
351
0
Қазақстанда аралас жекпе-жекті көрсететін UFC TV жаңа телеарнасы іске қосылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қаңтар 2020 г.
415
0
Жарты ғасырға жуық Сыр өңірінің кино саласында қызмет істегенімде, осы мамандығымның қыры мен сырына қанығу үшін ел ішін көп араладым. Өз ісін сүйетін, мамандығын құрметтейтін талай атпал азаматтармен дастарқандас, тұздас-дәмдес, іссапарлас, кей кездерде сырлас болып жүріп зейнеткерлік жасқа жеткенімді де білмей қалыппын. Бұл – жұмырбасты пенденің бәріне бірдей тән құбылыс. Өткен күндеріме бүгінгі жасымның биігінен қарасам, бұрынғы қызметтестерімнің көпшілігі о дүниелік болған. Бірақ маған медет болатыны – сол жайсаң жандардың ұрпақтары мен жақындары, туыстары бар. Міне, соларға арнап Сыр өңірінің кино саласын өркендеткендер мен дамытқандар туралы айтсам деймін...
РУХАНИЯТ
18 қаңтар 2020 г.
251
0