« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Кеше халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда облысы полиция департаменті мамандарының қатысуымен «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Шараға түрлі өтініш-тілектермен келгендердің қатары көп болды. Оның ішінде тұрғындардың дені шетелдік нөмірлі көліктер бойынша сұрақтар қойды.
Естеріңізде болса, жуырда Ішкі істер министрлігі шетелдік нөмірлі көліктерге байланысты, нақтырақ айтсақ, «Армения мен Қырғызстаннан әкелінген көліктерді тізгіндеген жүргізушілер өз темір тұлпарларын кедендік рәсімдеуден өткізуі керек немесе сол елге апарып қайтадан сатуы тиіс. Бұл көліктер Қазақстанда заңсыз жүр» деген мәлімдеме жасаған болатын. Осыған орай тұрғындар арасында түрлі қауесет тарады. Тіпті, «көлікті қамайды» деген әңгіме айтылып жүр. Осыған орай акцияда сала мамандары көпшілікке нақты ақпараттар беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
– Қазіргі күні Армения мен Қырғызстаннан әкелінген көліктерді қалай тіркеу керек, кедендік төлемдерді қалай төлейміз деген сауал көптеп қойылуда. Бұл елдерден келген көліктердің құжаттары толық болмағандықтан, дәл қазір кедендік рәсімдеу бойынша айырмашылықты есептеу қиын. Осыған сәйкес тауардың кедендік декларациясын алуға ұсыныс жасалуда. Құжаттар қалай келеді, сол бойынша рәсімдеу жұмыстары жүргізіле бастайды, – дейді Қызылорда-кедендік рәсімдеу орталығы басшысының орынбасары Талғат Меңлібаев.
Мамандар әзірге тексеру жүргізілмейтінін, түсіндірме жұмыстары жалғасатынын жеткізді.
Айта кету керек, өткен жылы өңірде шетелдік нөмірлі көліктердің қатысуымен 8 мыңнан аса жол жүру ережесі бұзылса, 80 жол-көлік оқиғасы орын алған.
“СБ” ақпарат.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |