Жастар жылында «Qyzylorda» телеарнасының «Jastar time» бағдарламасы көрерменге жол тартты. Көп уақыт болмаса да оның көрілімі жоғары. Әр жұманың кешінде тікелей эфирде экранға шығатын танымдық ойын-сауық хабары бір сағатқа созылады. Онда облыста түрлі салалардың дамуына еңбек сіңіріп, дарынымен, қабілетімен және белсенділігімен көзге түсіп жүрген жастардың өмірі, жетістіктері мен оған талпынысы насихатталады. Ел игілігі жолында атқарылып жатқан сан алуан жұмыс барысы баяндалады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 желтоксан 2019 г.
727
0
Келер жылдан бастап еліміз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшеді. Бұл – науқастарды қабылдау және емдеу жаңаша болады деген сөз. Осы орайда «ӘМСҚ» КЕАҚ облыстық филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімі ұсынған МӘМС туралы қысқаша мәліметті ұсынамыз.
Денсаулық
28 желтоксан 2019 г.
1 681
0
Адам түгіл шыбын кіре алмас темір есікті даңғырлата қағып тұрмын. Күн жұма еді. Қолымда тәтем пісірген жеті шелпек. Ар жақтан адам даусы естілсе де, көршім есігін ашпады. Жеті күлшенің үш түйірін этаж аралап зорға таратып, қалғанын көшедегі кішкентай балаларға үлестірдім. «Қабыл болсын, аға» дейді ересектеуі. Ішім жылып сала берді. Ай, ата-әженің алдын көрген баласың ау деп өзімше топшыладым...
ӘДЕБИЕТ
28 желтоксан 2019 г.
903
0
Екінші дүниежүзілік соғыста атағы алты құрлыққа тараған дивизиялар санаулы еді. Соның бірі – 166-дивизия. «Артемовский Краснознамённый дивизия» деген атауымен тарихта қалған. Мұнда қарша бораған оққа кеудесін тосқан батырлар болды. «Отан үшін, ел үшін, жер үшін!» деп дивизия құрамында алдыңғы шепте айқасқандардың бірі – қармақшылық Жүсіп Қаратаев.
ТАҒЫЛЫМ
28 желтоксан 2019 г.
891
0
Бейсенбіде облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Арал, Қазалы аудандарына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысандардың ашылу рәсіміне қатысты. Теңіз төскейіндегі ауданда «Aral» қонақ үйі ашылса, Әйтеке би кентінде 18 пәтерлік 6 көпқабатты тұрғын үйдің кілті табысталды. Көптен күткен «Әлсейіт» көпірі ел игілігіне берілді.
Әлеумет
28 желтоксан 2019 г.
1 063
0
Адами қасиеттердің ең қадірлісі – қайырымдылық. Ал оны жасау үлкенін сыйлаған, қариясын қастерлеген, жетімін жылатпаған қазақ халқына тән қасиет екеніне ешкімнің таласы жоқ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 желтоксан 2019 г.
574
0
Амал қанша, желтоқсанның 27 жұлдызы жайсыз жаңалықтан басталды. Алматыда әуе кемесі апатқа ұшырады. Таң ертеден әлеуметтік желі арқылы жедел тарап кеткен жайсыз хабар тұтас қазақ елінің қабырғасын қайыстырды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 желтоксан 2019 г.
338
0
Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен білім саласының үздіктерін марапаттауға арналған «Жыл таңдауы-2019» атты шарасы өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 желтоксан 2019 г.
265
0
Әлеуметтік саланы кең қамтыған реформалардың басты мақсаты – халықтың тұрмыс жағдайын, өмір сүру сапасын арттыру. Бүгінде мемлекет тарапынан көрсетілетін халықты қолдауға арналған шаралар еліміздің ішкі саясатының басым бағыттарының бірі ретінде қалыптасып отыр. Мәселен, “Nur Otan” партиясының ХVІІІ съезі еліміздің жаңа даму кезеңіне қадам басқанын көрсетіп, алдағы 10 жылдың негізгі басымдықтарын көрсетті. Әлеуметтік саланың әлеуеті артқанымен, түйіні тарқатылмаған дүниелер жетерлік. Көкейдегі сауалдарға жауап алу үшін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаевпен әңгімелескен едік.
Cұхбат
28 желтоксан 2019 г.
1 289
0
Еліміздегі мәслихат депутаттары қоғамның дамуына үн қосып, аймақтардағы тың мәселелердің шешілуіне тікелей атсалысып келеді. Олар өз өкілеттіліктеріне, білімі мен кәсіби дағдыларына сәйкес қоғамды одан әрі демократияландыруға, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға, түрлі реформалар мен бағдарламалардың жемісті жүзеге асуына жұмыс жасауда. Олардың қатарында Райхан Ысқақова да бар. Оның әр күні, әр минуты есептеулі: жиналыстар, мәслихат сессиялары, тұрғындармен кездесулер, комиссия отырыстары. Осыған қарамастан барлығына үлгіруге тырысады. Ал облыстық мәслихат депутатының сайлаушылар алдындағы жауапкершілігі тіпті жоғары. Ол – № 26 «Бекежанов» сайлау округі бойынша сайланған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 желтоксан 2019 г.
299
0